ӨНЕРГЕ БАҒЫТТАДЫМ, ШАЛҚЫСЫН ШАБЫТТАРЫҢ
Негізі елімізде қосымша білім беру ұжымдарының жұмыстары көп елене бермейді. Себебі ол жақта білім алатын оқушылар негізгі өзінің мектебінің тіізімінде тұрады. Қандай да бір конкурстар бола қалатын болса сол өзінің негізгі мектебінің атынан шығып, қосымша білім беру ұйымдары еленбей қалатынын көзіміз көріп жүр. Бұл турасында 2005 жылы РФ Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры., п.ғ.д. белгілі ғалым Э.Б.Абдуллинмен көп пікір алысатынмын. Себебі мен 2002 жылдан 2005 жылдың соңына дейін университет жанындағы балалар «Өнер» мектебінің директоры болып қызмет жасған болатынмын.
Негізі қосымша білім беру ұйымының жұмысы ұшан-теңіз. Қаншама оқушының ішінен көкірегінде саңлауы, тыңдай алатын құлағы бар балалаларды іріктеп, оларды бір сыныпқа жиыстырып, басын құрап сабақ өту, одан қалды келген конкурстарға күнделікті сабақ кестесінен бөлек балаларды дайындау, сахынаға шығатын киімдерін дайындау, оның барлығы көзге көрінбейтін үлкен жұмыстар.
Бұл тақырыпты бастауыма түрткі болған кешегі Тасбөгет кентіндегі Оқушылар мен жасөспірімдер үйінде ұйымдастырған «ӨНЕРГЕ БАҒЫТТАДЫМ, ШАЛҚЫСЫН ШАБЫТТАРЫҢ» атты жылдық есеп беру кеші жоғары деңгейде өтті. Шара барысында үйірме жетекшісі, өнерді өмірінің өзегі еткен ұлағатты ұстаз Айнұр Айжігітқызының оқушылары «Асыл мұра» дәстүрлі әншілер ансамблі жыл бойы жасаған жұмыстарын көрсете отырып: «Анамның тілі», «Гүлдерайым, «Тобылғысай», «Қалқадайдың дауысы-ай», «Әженің әлдиі», «Туған жер», «Ақ бұлақ», «Он алты қыз», «Балымша», «Бипыл», «Бала арманы» атты әндерін орындады. Қазақ тәрбиесін термеден танып жүрген термешілерден құралған топ:
«Арал туралы толғаныс», «Жетім болар»,«Жұмадағы тілек», «Арнау»,«Кәнеки,тілім, сөйлеші» «Сен тілім ішкі сырдан қиял баста», «Қазақтың бәрі туысқан» атты жыр-термелерін орындап, көрермендерді толғантты. Осы керемет кеште жас өнерпаз Айдосұлы Нөсердің өнері көрермендердің таңдайын қақтырды.
Негізі Тасбөгет кентіндегі Оқушылар мен жасөспірімдер үйімен университет арасында 2021 жылы ынтымақтастық меморандумға қол қойылып бірнеше ісшараларды ұйымдасқан түрда қатар атқарып келеміз. Жас өнерпаздарымызға шығармашылық табыстар тілейміз.
Қызылорда қаласының Оқушылар мен жасөспірімдер үйінде «Ән терме» үйірмесінің «Өнерге бағыттадым, шалқысын шабыттарың» атты жылдық есеп беру кеші өтті.
Шара барысында үйірме жетекшісі, өнерді өмірінің өзегі еткен ұлағатты ұстаз Айнұр Айжігітқызының оқушылары «Асыл мұра» дәстүрлі әншілер ансамблі жыл бойы жасаған жұмыстарын көрсете отырып :
«Анамның тілі», «Гүлдерайым, «Тобылғысай», «Қалқадайдың дауысы-ай», «Әженің әлдиі», «Туған жер», «Ақ бұлақ», «Он алты қыз», «Балымша», «Бипыл», «Бала арманы» атты әндерін орындады.
Қазақ тәрбиесін термеден танып жүрген термешілерден құралған топ:
«Арал туралы толғаныс», «Жетім болар»,«Жұмадағы тілек», «Арнау»,«Кәнеки,тілім, сөйлеші» «Сен тілім ішкі сырдан қиял баста», «Қазақтың бәрі туысқан» атты жыр-термелерін орындап, көрермендерді толғантты.
Сонымен қоса жаңа оқу жылында келген оқушылардың да жұмысы көрсетілді.
Қалалық білім бөлімінің әдіскері Нұржан Әсілханұлы, «Өрлеу» БАҰО филиал директорының орынбасары Сәкен Карбозұлы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы, философия докторы PhD Ғани Бекқожаұлы, Қалалық білім бөлімі кәсіподақ комитетінің төрайымы Орынша Міржақыпқызы «Ән терме» үйірмесінің оқушыларына ыстық лебіздерін білдіріп, оқушылардың биік дәрежеде жүруіне мекеме басшысы Гаухар Отарәліқызының үлкен үлесі бар екенін алға тартып, қазақтың қара домбырасын сыйға тарту етті.
Сүлейлердің ұлағатын ұғасың,
Сақтай білсең бабалардың мұрасын.
Өсиетпен өрілген әр термеден,
Тәрбиелі тәлім алып шығасың - деген ұранмен дәстүрлі жыраулық өнерді жас ұрпақ бойына сіңіруде Қызылорда қаласының оқушылар мен жасөспірімдер үйінде «Ән терме» үйірмесі абыроймен жұмыс жасап келеді.