Өзбекстан Республикасы Мектепке дейінгі және мектеп білімі министрлігі



бет1/9
Дата14.10.2023
өлшемі167,5 Kb.
#114332
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Өзбекстан Республикасы
Мектепке дейінгі және мектеп білімі министрлігі
Низами атындағы Ташкент мемлекеттік
педагогика университеті
“Бекітемін”
Оқу жұмыстары бойынша проректор
________________ Х.Кадиров
_____”__________________2023 жыл


ОҚУ ПРАКТИКАСЫ
силлабусы
( ІІ курс)
Білім бағыты: 60111500 – Ана тiлi мен әдебиетi
(қазақ тiлi және әдебиетi)

Семестр 3-семестр: 2024 жыл 22.01.-03.02.


4-семестр: 2024 жыл 03.06.-15.06.
Кредит мөлшері 4

Ташкент – 2023




Түзушi:

Сайфуллаев Б. - Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы оқытушысы.


Юсупов Б. - Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы оқытушысы.
Пiкiр жазғандар:

Абдувалитов Е. - Қазақ тілі және әдебиеті


кафедрасы меңгерушісі, п.ғ.д. (DSc)
Досымбетова С. - Ташкент қаласы, Бектемір ауданына қарасты
№ 290 жалпы орта білім беретін мектептің
жоғары санатты оқытушысы
Оқу-методикалық бөлім бастығы:
2023 жыл “____”______________ ________________ Ғ. Абдулакимов
(қол)

“Қазақ тілі және әдебиеті” кафедрасы меңгерушісі:


2023 жыл “____”______________ ________________ Е. Абдувалитов
(қол)

Кіріспе


Халқымыздың жергілікті тіліндегі көптеген сөздерді танып-білуде, оларды өз қадемізге жаратуда, төл тіл байлығымызды байытуда тіл ғылымының сүбелі бір саласы – диалектологияның алар орны ерекше. Əдеби көркем тілімізді байытып, толықтырып отыратын халық тіліндегі жергілікті ерекшеліктер яғни диалектизмдер бар. Диалектизмдердің – əдеби асыл қазынамыздағы сөздер қатарын байытып, молайтудағы орны мен қызметі ерекше зор. Қандай да тілдің болмасын өзінің жергілікті ерекшеліктерінен бастап, тілдің ең жетілген, сұрыпталған жоғарғы түрі жалпыхалықтық əдеби тілге дейін дамып, нормаланып, қалыптасып отырады. Тілдегі жергілікті ерекшеліктер яғни диалектизмдер арқылы сол халықтардың тұрмыс-тіршілігін, өзіндік болмысын, тарихын, тілдік ерекшеліктерін т.б. танып-білеміз. Тіліміздегі диалектілік мəні бар сөздер мен түрлі сөз тіркестері, кəсіби сөздер, сөз орамдары, жергілікті сөз байлықтары – жергілікті халықтардың сөйлеу тілінде ғана кездеседі, əдеби тілде қолданылмайды. Тіліміздегі диалектілік лексикаға белгілі бір жерлер мен өңірлерде ғана таралу шегі бар жалпы халықтың сөз байлығына енбейтін сөз айырмашылықтарын жатқызамыз. Немесе тілдегі көптеген аймақ, өңірлерде кездесетін жалпыхалыққа түсінікті емес, əдеби тілдік нормалардан тыс қолданылатын жергілікті сипаты бар сөздер мен сөз тіркестері, диалектизм сөздер – жергілікті тіл ерекшеліктері деп аталады. Жергілікті тіл ерекшеліктері яғни диалектизмдер белгілі бір жергілікті жердің табиғи ортасындағы халықтардың өмір сүру жағдайы мен тарихына, өз ортасына, ауызекі сөйлеу, ойлау, сөйлеу мəнеріне, сөйлеудің əдіс-тəсілдеріне байланысты болады. Демек, əр жергілікті жердің, əр аймақтың тілін оның өз ортасының даму ерекшелігі мен тарихына, болмысына байланысты қарастырып, зерттеу қажет. Диалектологиялық тəжірибеде қай тілдің болмасын оның ішіндегі диалектілік ерекшеліктерді жинап, жиыстырудың өз ана тілің үшін маңызы зор болмақ. Ізденуші студенттер мен білім алушылар жергілікті ерекшеліктерді негізінен жергілікті ауызекі сөйлеу тілінен, мерзімді баспасөздерден, сол жерге тəн аймақтар мен өңірлерге қатысты көркем əдебиеттер мен түрлі фольклорлық, ауыз əдебиеті шығармаларынан, жергілікті ақын-жазушылар тілі мен олардың шығармаларынан, түрлі тарихи еңбектерден жəне үлкен адамдардың тілі мен əңгімелерінен іздестіріп, жиыстыру қажет. Негізгі жергілікті тілдік дереккөздердің өзі де солар болмақ... Еліміздің түрлі аймақтары мен өңірлеріндегі жергілікті тіл ерекшеліктері, халықтардың тіліндегі түрлі сөйлеу, айтылым, сөйленіс ерекшеліктерін танып-білу қызықты да əсерлі болатын болса, сол халықтар тіліндегі белгілі бір өңірлер, жерлердегі жергілікті тілдік материалдарды, сөздерді жиыстыру, жинау, сараптау, оларды сөйлету, зерттеу оңай шаруа емес. Əр ізденуші үшін əр өңірде əр түрлі айтылатын түрлі жергілікті ерекшелікті сөздердің семантикалық мағыналары мен этимологиялық тарихының жəне этномəдени мəнді түрлі халықтық мəні бар сөздер мен сөз тіркестерінің тілдік тылысым құпиялары мен сырлары мол болады. Осындай əр өңірлердегі, түрлі жергілікті жерлердегі диалектілік мəні бар сөздерді жиыстырып, олардың қолданылуы мен түрлі мəнмағыналарын, тілдік табиғатын ашып, оларды зерттеу ізденуші студенттер үшін үлкен міндет болмақ.
Бұл бағдарлама 60111500-Ана тілі мен әдебиеті (қазақ тілі мен әдебиеті) білім бағытында оқытылатын жалпыкәсіптік пәндері бойынша алған теориялық және практикалық білімдерін практикада қолдану мүмкіндігіне ие болады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет