Оқо мақтарал ауданы С. Асанов атындағы жалпы орта мектебі комуналдық мемлекеттік мекемесі робототехника негіздері



бет1/6
Дата06.01.2022
өлшемі0,55 Mb.
#11876
  1   2   3   4   5   6

ОҚО Мақтарал ауданы С.Асанов атындағы жалпы орта мектебі комуналдық мемлекеттік мекемесі

РОБОТОТЕХНИКА НЕГІЗДЕРІ

ЖӘНЕ ОНЫ ҚОЛДАНУ

Дайындаған : ПҒМ Сакен Бейсенов Нұрлыбайұлы

Шымкент 2017 ж.

Кіріспе
Робототехника – бұл роботтарды дизайндеуге, құруға, қолдануға және олармен жұмыс істеуге бағытталған механикалық, электрлік және компьютерлік инженерия элементтері бар пәнаралық сала.

Орта білім беру жүйесіндегі информатиканың рөлі әлемнің жүйелі ақпараттық 

бейесін, адам мен ақпараттық ортаның тиімді өзара қарым – қатынасын  қалыптастырудағы  ақпараттық білімнің мәнімен, қазіргі заманғы   ақпарттық қоғамдағы  кәсіби  қызметтің  негізгі құраушысы   ретіндегі ақпараттық технологияны  пайдалану  дағдыларын  қалыптастырумен анықталады.Тез дамып   келе жатқан   қоғамның    қай   саласына   болмасын, нәтижелі   жұмыс көрсете алатын, жаңа   типті маман керек. Қазіргі  заман  талабы мамандарға нарық   еңбегін құрайды. Болашақ   маманның   құндылығы -оның  өз бетінше  дұрыс  жауапты  шешім қабылдауға қабілетті, бірігіп командада жұмыс істеуі, алдына қойған  мақсатының  нәтижелі  жетістіктерін  көру, қолайсыз жағдайларда  әрекет   ете білуі, білім шыңын   игеруге   талаптануы. Қазіргі   мектеп    бітірушілер   өз   білімін   жалғастыруда   болашақ  мүмкіншілігін бағыттай   алмауы, ол мемлекет   дамуының  экономикалық, технологиялық   және қорғаныс потенциалы мен   болашақ  кәсіби   іс-әрекетінің қарым – қатынасының    жоқтығында. Бұл жағдайдан шығудың   бірден – бір жолы  жоғарғы   сынып оқушыларына   болашақ   кәсіби әрекет   саласына  бағдарлау,  мектеп   жұмыстарына   маңызды   өзгерістерді   енгізу болып  табылады.

Оқыту мазмұны информатиканың дүниетанымдық   және пайдаланушылық  аспектілерін  қалыптастыруға бағытталған. Мұндай мазмұн  мемлекеттік  ақпараттандыру  бағдарламасының мақсаты мен міндеттерінен туындайды. Ол компьютерді оқу құралы   ретінде оқушылардың оқу –танымдық  қызметіне тұрақты пайдалануын көздейді. Бұл  бағдарламаның  мазмұны оқушылардың оқу танымдық   қызметінде  роботты техниканы еркін пайдалану дағдысын қалыптастыруға   қажет материалдарды қамтиды және  ақпараттық  технологияны кеңінен пайдалану  жағдайындағы  оқуға  даярлайды.

Курс аптасына 1 сағаттан жалпы  көлемі  34 сағатқа есептелген.

Роботехника курсы 2 бөлімнен тұратын 6 деңгей бойынша өткізілді:


- «Робототехника негіздері» - 1 мен 3-деңгейлер, 5-7 сыныптар (LEGO);
- «Робототехника» - 4 пен 6-деңгейлер. 8-10 сыныптар (Arduino).
Мақсаты:

Оқушыларға қазіргі ақпараттық – техникалық заманда қарқындап дамып келе жатқан жоғарғы технологиялардың бірі – роботтар екенін айта отырып, бұл курста техника негіздері, пайдалану салалары және де түрлері туралы түсінік беріледі.


Өзектілігі: Қазақстан Республикасында өнеркәсіптің жеделдетіле индустрияландырылуы, жаңа технологиялардың қарқынды дамуы өскелең ұрпақты жоғарғы білікті техникалық сала мамандары ретінде даярлауды талап етеді. Осы талапқа сай тұру үшін робот құрастырудағы алдыңғы елдер қатарында тең тұруымыз керек.
Міндеттері:

  • Робот техникасы дамуының тарихы және білім негіздері туралы танысу;

  • Математика, физика, геометрия және информатика пәндерінде алған теориялық білімдерін робот техникасы жүйелерінде қолдану;

  • Оқушылардың теориялық, шығармашылық ой қабілеттерін арттыру;

  • Роботтар алгоритмдерін әзірлеудің практикалық дағдыларына жету;

  • Роботтар әрленімін әзірлеудің практикалық дағдыларына жету.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет