«Қоректік заттардың сіңірілуі және метаболизмі (норма)» -модулі бойынша кейс



бет2/5
Дата13.02.2022
өлшемі320,51 Kb.
#25381
1   2   3   4   5
Іштің перкуссиясы. Іштің перкуссиясы кезінде әртүрлі дәрежедегі тимпанит байқалады.

Ішті пальпациялау. Беткейлік пальпация кезінде іші жұмсақ, ауырмайды. Іштің алдыңғы қабырғасының «әлсіз аймақтарын» тексергенде (іштің ақ сызығының апоневрозы, шаптың сақиналары) грыжа шығыңқылары байқалмайды. Бұлшықет тонусы өзгеріссіз. Іштің терең пальпациясы кезінде эпигастрий және оң жақ қабырға асты аймақтарында орташа ауырсыну байқалады. Бұлшық еттің қорғаныштық кернелуі жоқ.

Асқазанды пальпациялау және оның төменгі шекарасын анықтау. Асқазанның үлкен иінін перкуссия және терең пальпация әдісімен, Образцов бойынша перкуссиялық пальпация әдісімен (шалпылдаған шуды анықтау), стетакустикалық пальпация әдісімен зерттеу барысында асқазанның төменгі шекарасы анықталмайды. Асқазанның кіші иіні мен асқазанның қақпалық бөлігін сипап сезу кезінде білінбейді. Іштің орта сызығынан оңға қарай шалпылдаған шудың белгілері анықталмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет