«Қорғауға жіберілді»



бет1/5
Дата16.12.2022
өлшемі22,21 Kb.
#57692
  1   2   3   4   5

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ «МҰРЫН ЖЫРАУ СЕҢГІРБЕКҰЛЫ АТЫНДАҒЫ
МАҢҒЫСТАУ ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК


«Қорғауға жіберілді»
«___» _____ 20___ж.


КУРСТЫҚ ЖҰМЫС


Тақырыбы: Математиканы оқытуда жаңа инновациялық әдістерді
қолданудың тиімділігі
Мамандығы: 0111000 «Негізгі орта білім беру»
Біліктілігі: 0111113 «Ағылшынша білімі бар математика пәнінің мұғалімі»


Пәні: Математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі
Дайындаған: Сарсенбай А.С.
Тобы: МБ-18-01
Ғылыми жетекшісі: Козыбакова А.П.
Бағасы: ______
Қолы: _______
Ақтау, 2022


КІРІСПЕ.
Білім беруге жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу – бүгінгі күннің талабы. ХХІ ғacыp – ақпарат ғасыры болғандықтан, адамзатқа компьютерлік сауаттылық ауадай қажет.
. Мақсаттары – білім беруді ақпараттандыру және ғылыми-технологиялық негізде пәндерді оқыту. Ақпараттық технологияның даму кезеңінде жан-жақты білімді, білікті жұмысшы дайындау мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру үдерістерінің қарқынды дамуы жаңа технологияны меңгерген жан-жақты тұлғаны қалыптастыруды талап етеді[1].
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11 – бабының 9 тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған.
Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдері пайдаланылуда және одан әрі жетілдірілуде[2].
Құзіреттілікті оқушының пән бойынша игерген білім, білігінің жинағы деп қабылдауға келмейді. Ол – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын жаңа сапа.Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудың басты мақсаты – оқушыларға ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану білімдерімен қаруландыру, олардың компьютерлік технологияны өз қызметтеріне еркін, тиімді пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру[3].
"Қазақстан-2050" стратегиясында ел Президенті: "бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек", - деді. Қазіргі әлемде жаппай сауаттылық жеткіліксіз. Біздің азаматтарымыз өнеркәсіптің ең озық және қазіргі заманғы салаларында жұмыс істеу дағдыларын игеруге әрқашан дайын болуға тиіс.
Мемлекет Басшысы қойған үлкен міндеттерді жүзеге асырушылар - жастар. Мағжан Жұмабаевтың айтуынша, жасөспірімдердің салауатты тәрбиесі де , сапалы білімі де бұл мектеп пен мұғалімдерге байланысты.
Сабақты қалай пайдалы, қызықты етуге болады? Мектепте оқушы алған білімін пайдалы және жаңалық ашатындай етіп оқу процесін қалай ұйымдастыруға болады? Бұл мәселелерді шешудің бір тәсілі-оқытудың инновациялық технологияларын қолдану, яғни мұғалімнің жаңа қаруы ретінде инновациялық әдістерді кеңінен қолдану.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-тарауында көрсетілгендей, білім беру жүйесінің маңызды проблемаларының бірі оқытудың жаңа технологияларын енгізу, халықаралық жаһандық коммуникацияға қол жеткізу және білім беруді ақпараттандыру болып табылады[4].


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет