Орындаған : Бейсенбі Марал Қабылдаған: Аубәкір Айсұлу Сәрсенбайқызы Эссе “Әлеуметтік психология әлеуметтану және жалпы психологияның өзарқатынасы”



Дата27.11.2023
өлшемі17,53 Kb.
#128667
Байланысты:
Әлеуметтік псих. Эссе Б.Марал (копия)


Орындаған : Бейсенбі Марал
Қабылдаған: Аубәкір Айсұлу Сәрсенбайқызы


Эссе “Әлеуметтік психология әлеуметтану және жалпы психологияның өзарқатынасы”


Әлеуметтік немесе қоғамдық психология грек тілінен аударғанда psyche- жан және logos -сөз, түсінік, ілім деген мағынаны білдіреді.Әлеуметтік топтарға  қосылуымен байланысты адамдардың қызметі мен пәнінің заңдылықтары , сонымен қоса ол топтардың өздерінің рухани ерекшеліктерін зерттейтін жантану ғылымдарының бір саласы. Әлеуметтік психология отбасының , ұжымның ,таптың, ұлттың , тағы да басқа адамдардың тұрған жеріне, кәсібіне , қоғамдағы  алатын орнына қарай жіктелетін топтарының  психологиясын зерттейді. Әлеуметтік психология қоғамда болып жатқан саяси-әлеуметтік құбылыстардың сырын түсінуге, олардан қорытынды шығарып, қоғамның даму бағытын айқындауға, ірі топтарды және тұтас қоғамды басқаруға, бағыттарды, шараларды айқындай отырып, оны стратегиялы дұрыс жолға салып отыруға көмектеседі. Әлеуметтік психология басқа да ғылым салаларымен тығыз байланысты әлеуметтану, педагогика, философия , саясаттану, мәдениеттану. Әлеуметтану бізде қоғамның, топтың және жеке адамның құндылықтары мен нормаларын, әлеуметтік жағдайын қарастырса, әлеуметтік психология сол адамдар өмір сүретін микро және макроортаның әсерлерін ескере отырып, олардың қалыптасуының нақты механизмдерін және тұлғаның дара ерекшеліктерін зерттейді. Егер социология тұлғаның әлеуметтік белсенділігінің түпкілікті қайнарларын ашатын болса, онда әлеуметтік психология олардың пайда болу жолдары мен заңдылықтарын қарастырады, белсенділікті мейлінше толық іске асырудың жағдайларын жасауға көмектеседі. Социология түрлі адамдар топтары мен қауымдастықтарының ішіндегі тұлғааралық байланыстардың әлеуметтік мәнін ашады. Ал әлеуметтік психологияны жеке адамның немесе жеке топтың қызметінен ол мәннің калай және қандай формаларда көрініс беруі, тұлғалық сапалықтардың қалыптасуына қалай әсер ететіні қызықтырады. Қорытындылай келе, Әлеуметтік психологияны, әлеуметтануды және жалпы психологияны зерттеу адамзат қоғамының күрделі әлеуметтік және мінез-құлық аспектілерін түсіну мен түсіндіруде маңызды рөл атқарады.Бұл пәндер адамдардың неліктен олар қалай әрекет ететінін және әлеуметтік факторлар мен құрылымдардың олардың шешімдері мен өзара әрекеттесуіне қалай әсер ететінін түсінуге мүмкіндік береді. Бұл білім мінез-құлықты болжауға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар тұлғааралық қатынастар мен әлеуметтік үйлесімділікті жақсартады.Әлеуметтік психологияны, әлеуметтануды және психологияны зерттеу теңсіздік, біржақтылық, қақтығыстар және кемсітушілік сияқты әлеуметтік мәселелердің тамырларын анықтауға және түсінуге көмектеседі. Бұл білім осы мәселелерді шешудің тиімді стратегияларын жасау үшін қажет. Жалпы әлеуметтік психология әлеуметтану және психология ғылымдарының жігінде пайда болғандықтан жеке тұлға психологиясымен де түйісетін жерлері бар. Екеуінің де қарастыратыны- индивид, жеке тұлғаны зерттейтін психологтар индивидтердің ішінара жекедаралық механизмдері мен олардың бір-бірінен ерекшеліктеріне қарай көңіл аударса , әлеуметтік психология индивидтерден тұратын адамдар тобы тұтастай алғанда бір-бірін қалай бағалайды, біріне бірі қалай әсер етеді деген мәселелермен айналысады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Әбсаттаров Р., Дәкенов М. Әлеуметтану: Оқу құралы. – А., 2009. – 383 б.
Ғабдуллина Қ. Құқық социологиясы. Оқулық. – Алматы, 2004. – 208 б.
Волков Ю.Г., Добреньков В.И., Нечипуренко В.Н., Попов А.В. Социология: учебник /под ред. проф. Ю.Г. Волкова – изд. 2. – М.: Гардарики, 2003. – 512 с. (с-13-78)
Волков Ю.Г., Нечипуренко В.Н., Попов А.В., Самыгин С.И. Социология: курс лекций: Учебное пособие. / Ростов-н/Д: Феникс, 1999. – 512 с. (с.37-132)
Сатиева Ш. Даму психологиясы (теориялық және практикалық курс). Оқу құралы. – Астана: Фолиант, 2012. – 232 бет.
Жұбаназарова Н.С. Жас ерекшелік психологиясы: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2012. – 286 бет.
Ишанов П.З., Бейсенбекова Г.Б. Психологиялық-педагогикалық диагностика негіздері. Оқу құралы. – Қарағанды, ЖК «Ақ Нұр баспасы», 2012. – 206 бет.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет