Орындаған: Бахраддинова А. Б



бет1/4
Дата29.06.2023
өлшемі0,73 Mb.
#103778
  1   2   3   4

Отандық көркем шығармаларымызда модерндік әдеби бағыттардың дәстүрлі романтизм, реализм секілді бағыттармен синтезге түсе бастауы.
Орындаған: Бахраддинова А. Б
Тексерген: Нұрмұхаметова Қ.Т

Классицизм

Классицизм (лат. classіcus – ең үлгілі) – 17 – 19 ғасырлардың басында әдебиет пен өнерде өріс алған көркемдік бағыт. Әдебиеттегі Классицизм Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римнің классиклық әдеби шығармаларын үлгі тұтты. Классицизм үрдісіндегі туындылардың тек тақырып, кейіпкерлерді таңдап алуында ғана емес, сонымен қатар қатынасушы адамдардың іс-әрекеттерін суреттеуінде де өзіндік өзгешеліктері бар. Классицизмге тән негізгі ерекшелік – көркем шығарманың құрылысын бір тәртіпке бағындыру.

Сентиментализм

Джейн Эйр


Сентиментализм18 ғасырдың 2-жартысы мен 19 ғасырдың бас кезіндегі әдеби ағым.Сентиментализм Еуропа әдебиетінде дамыды. Ағылшын әдебиетінде оны Л.Стерн орнықтырды. Оның “Франция мен Италияға сентименталдық сапар” атты романы Еуропа елдерінде кең тарады. Сентиментализм жеке адамның жан дүниесін, көңіл-күйін суреттеуге ерекше мән берді. Бұл бағыттағы шығармаларда күнделікті тұрмысты, тіршіліктің жеке көріністерін сипаттау мол орын алды.

Романтизм

XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың бас кезінде феодалдық крепостнойлық қоғам іріп, ыдырап, буржуазия қанат жая бастаған дәуірде, орыс және Батыс Европа әдебиетінде қанатын кең жая бастаған әдеби метод романтизм болды

Романтизм классицизммен, оның түр мен мазмұнға белгілі бір мөлшер қоюшылығымен және жазу жөніндегі тәртіптерімен күресе отырып қалыптасты. Романтизм кім қай тақырыпты таңдайды, оны қалай суреттеп береді, бұл жағынан суретшінің ерікті болуын талап етті.

Шындық өмірден алыстап, болған нәрседен гөрі болуы керек деп аңсаған нәрсесін суреттеуші романтик жазушылардың шығармаларында дағдыдан тыс тарихи не географиялық жағдайларды немесе өзгеше бір жаратылыс не әлеуметтік орталарды алатындары өте жиі кездеседі.

Романтикалық шығармалардың қаһармандары көбіне бір жақты және өте асыра дәріптелініп суреттелді. Бұлар не болмаған күшті, не болмаған әдемі немесе мүлде бұзылған, шектен шыққан, бұзақы, әйтеуір өзінің жаратылысында не іс-әрекеттерінде көңіл аударарлық бір қасиеті болады. Романтиктердің назарын аударған нәрсе де жайшылықтағы қалыптан үздік шыққан, дағдыдан тыс ерекшеліктер. Олар сол ерекшеліктерді не жақсы жағынан, не жаман жағынан көрсетті. Бірақ қалай көрсетсе де, дағдыдағы қалыптан өзгеше етіп суреттеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет