Мотивация Дайындаған : Сабырхан Ерсін,Рамазанов Мади, Камал Рамазан,Тұрсынбай Жарас



Дата19.09.2023
өлшемі0,53 Mb.
#108853
Байланысты:
Презентация (1)

Мотивация

Дайындаған :Сабырхан Ерсін ,Рамазанов Мади , Камал Рамазан ,Тұрсынбай Жарас

Жоспар


Мотивация ілімдері
Мотивация деген не ?
Мотивация түрлері қандай?
Ішкі ж/е сыртқы мотивация

Мотивация ілімдері

  • Қоғамның тез өзгеруіне, ақпарат технологиясының қауырыт дамуына орай түрлі Жігерлендіру идеялары жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай өмірге келді. Олардың арасында Хоторн эффекті, Маслоудың Қажетсіну қабаты ілімі, Дуглас МакГрегордың Х және Y ілімі, Герцбергтің Қос фактор ілімі, МакКлелландтің Табыс қажетсінуі ілімі, Мотивациялық әлеует ілімі, Бихевиоризм, Врумның Үміт ілімі, Адамстың Әділдік ілімі, Аптердің Ауысым ілімі қатарлылар бар

Мотивация деген не ?

  • Мотивация (ағылш. motіvation) – қолданылу ыңғайына қарай қазақша "ниет", "түрткі", "кірісу", "жігерлену", "ынталану" сөздерінің мағынасына жақын келетін, қазіргі заман мәдениеті мен гуманитарлық ғылымдарында кең қолданылатын ұғым. Бұл ұғымды алғаш рет немістің иррационалды волюнтаризм философы А.Шопенгауэр өзінің философиялық шығармасында жеткілікті төрт негіздің бірі ретінде қарастырған. Moveo латынша сөз болып, "қозғалу, әрекет ету" мағынасын береді, демек motіvation сөзбе сөз мағынада "қозғалту, әрекетке келтіру" мағынасын береді. Бірақ қазіргі заман мәдениетінде ол тіке мағынасында емес, көбіне көп ауыспалы, жетілдірілген, түрлендірілген мағынада қолданылады.

Мотивация түрлері қандай ?


Мотивация адамға әсер ету жағынан ,узақтығы жағынан тиімділігі жағынан бірнеше топқа бөлінеді олар
Ішкі ж/е сыртқы мотивация
Оң ж/е теріс мотивация
Тұрақты ж/е тұрақсыз мотивация
Жекелік ж/е топтық мотивация
Негізгі мотивация түрлері міне осылар

Ішкі ж/е сыртқы мотивация

  • Ішкі мотивация – сыртқы орта қалай болуына қарамастан мотивациялық талпыныс ішкі ниеттен оянады және мақсат атаулы субъективті болады. Онда міндеттің өзі құштарлық және шаттық туғызады. Сыртқы себеп емес, ішкі ұнату негізгі қозғалыс түрткісі болады. Ішкі мотивацияның артықшылығы, міндетке қарата ішкі құштарлық оянған жағдайда адамның өз артықшылықтары түгел іске қосылады және міндетті орындауға қажетті қабілет пен өнерді өздігінен үйренеді.
  • Сыртқы мотивация – мотивация тұрақты талпындырушы ретінде көбінесе сыртқы орта талаптарынан қоздатылады. Мұнда кіріс, мәртебе, мансап секілді сыртқы нәрселердің талабымен мақсатқа белсену туады және оның белсенуі ішкі мотивация ниетімен қайшыласып та жатады. Яғни, өз талпынысын соншылық сүйе қоймайды, бірақ қажеттілік үшін соған барынша талпынуға мәжбүр болады. Сыртқы мотивация жекенің сыртынан келеді. Әрекет өз табысынан рахаттану үшін емес, ақша табу, мансапқа жету, мүдде, балл алу, мәжбүрлену, жазалану секілділер сыртқы мотивацияға ілік болады. Ондағы шабыттандыру әлдебір сыртқы талаптардан тууы мүмкін

Назарларыңызға рахмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет