Орындаған: Есжан Аружан Эссе



Дата18.12.2022
өлшемі18 Kb.
#58017
Байланысты:
Есжан Аружан


Орындаған:Есжан Аружан
Эссе
Ежелгі әдебиеттегі ғашықтық дастандар мен қазақтың лиро-эпостық жырларының үндестігі мен айырмашылығы неде?
Ғашықтық дастандар екі ғашықтың арасындағы сезімді бейнелейді.Әр адамның көзімен көңілімен,ішкі сезімімен түйсінетін бұл қасиетті де ерекше ұғым адам баласымен бірге осы күнге дейін жасасып келеді.Бұл бірде қуантып,бірде жылататын Адам ата мен Хауа анадан бастап келе жатқан ұлы сезім.Махаббат тақырыбы жайлы алғаш халық ауыз әдебиетінде,көптеген халық ән-өлеңдерінде,қазақтың эпостық жырларында сөз етіледі.
Эпостық жырлардың ең көне үлгілерінің бірі — «Қозы-Көрпеш — Баян-Сұлу» жыры. Жыр Қарабай мен Сарыбайдың түзде жүрiп құда болуымен басталады. Жырдың басты тақырыбы, негiзгi идеясы — махаббатты дəрiптеу. Тiлi көркем, композициясы шебер құрылған. Оқиғаны дамытуы, көркемдiк шеберлiгi, образ жасау жағынан бұл — күрделi де кесек туынды. Бас кейiпкер Қозы- Көрпеш кiршiксiз таза махаббат иесi болып бейнеленедi. Ол батыр, аңғал, адамгершiлiгi мол жiгiт ретiнде суреттеледi. Қозы сияқты Баян да адал ниеттi, ақ жарқын, кiршiксiз таза махаббатты көксеген, өзiнiң сүйгенiне қосылуды арман еткен, ақылына көркi сай қыз ретiнде бейнеленген.
Қазақтың лиро-эпос жырларына көшбасшы болған «Қозы-Көрпеш — Баян-Сұлу» жырынан кейiнгi тiлi көркем, көлемдi сюжеттi жыры — «Қыз Жiбек» жыры болып саналады. Ел арасына ауызша да, жазбаша да кең тараған жыр. Төлеген Базарбайдың еркiнен тыс сүйiспеншiлiк iздейдi. Жiбекке ғашық болады. Жiбек сияқты сұлуға ғашық тек Төлеген ғана емес. Сол елдiң атқа мiнер азаматтарының бiразының қолы жетпей жүрген аруды, сырттан келген Төлегенге жетектетiп жiбермейтiнi белгiлi. Сондай елдегi көп ғашықтарының бiрi — Бекежанның қолынан қаза табады.
Лиро-эпостық жырларда көбiнесе кейiпкердiң қиындықпен қолы жеткен аз уақыт iшiндегi бақытты өмiрi мен қуанышы жырланады. «Қозы-Көрпеш — Баян-Сұлу» жырының Шөже ақын жырлаған нұсқасында Қозы мен Баян қайта тiрiлiп, отыз бiр жыл өмiр сүредi. Сөйтiп, аз уақыт болса да бақытты болсын деп, тыңдаушысы жасып, сағы сынып мұқалмасын дегендей, тамсандырып, өкiнiш тудырмай, көңiлiн жайландырады. Халық идеясынан туған тiлек, қысқа бақытсыз өмiрдi қолдамай, мəңгiлiк халық жадында қалатын өмiрдi көксейдi.
Қазақтың лиро-эпосындағы əсемдiк сұлу табиғаттың қойнында туып, алтын арай сəуле мен нұрға шомылып жасалады. Табиғаттың тылсым күшi мен сұлу көркi, жыр əсемдiгiн өткiрлей түсу үшiн кеңiнен пайдаланады. Ең əлсiз, момын құс бозторғай да, қанатымен су шашқандай, ғашық жарларға көмектескен болып, хабар жеткiзiп отырады. Қозы Көрпеш Баянды iздеп шыққанда жүгенi шылдырап күрең ат келiп, Қозы оны ерттеп мiнедi. Баянның асыранды, бақпа тотысы мен торғайы болады. Қозы Көрпеш өлiп, Баян жалғыз қалып, оны жоқтағанда, менiмен бiрге зарлансын деп, ботасы өлген боз түйенi алдыртады. Төлегеннiң өлiмiн алты қаздың естiртуi лиро-эпос жырына тəн адам мен табиғаттың арасындағы үйлесiмдiлiктi (гармония) аңғартады.
«Жүсiп–Зылиха» дастанының ауыз əдебиет нұсқаларымен қатар, жазба варианттары шығыс əдебиетiнде, түрiк тiлдес халықтардың əдебиетiнде өте көп жайылған. Бұл дастанның ұзақ кiрiспесiнде, жырдың ұзын-ырғасында ислам дiнiн, құдайды, пайғамбарларды мадақтайтын шумақтар берiлiп, араб-парсы сөздерi, сөз тiзбектерi көп қолданылса да, поэманың негiзгi идеясы адамгершiлiктi, гуманизмдi уағыздайды жəне ғашықтық жеңбейтiн кедергi жоқ деген ұғымды Зылиханың Жүсiпке деген махаббаты арқылы суреттейдi.
«Жүсiп–Зылиха» — гуманистiк идеяға толы, поэтикалық образдары қарапайым, көркем шығарма. Бұл дастандағы ғашықтық желiсiн дамыта түсуде парсы ақындары бiраз еңбек сiңiрген. Зылиханың Жүсiпке деген ынтықтығын ақтап, дəлелдей көрсету жолында ақындық iзденiстер жасалған. Өз күйеуi бола тұра, қолбаласына ғашық болған əйел бейнесi шығыс салтына келiспес едi. Осыдан барып, «түсiнде көрiп, сырттай ғашық болу» желiсi кiргiзiледi.
Ғашықтық дастандар мен лиро-эпостарда өмiрдегi ең аяулы нəрсе — жан сұлулығы, достыққа, ғашықтыққа берiк болу, арманына жету үшiн қиындықпен күресе бiлу керектiгi жырланады.
Лиро-эпостарда екi ғашықтың мəңгiлiк сүйiспеншiлiгi, ескi салт-санаға қарсы күресi, замана сыны, көршiлес елдермен өз елдерiмiздiң арасындағы тарихи байланыс көрiнiс тапқан. Бұл жырлардың ұрпақ тəрбиесiнде адамгершiлiк, гуманистiк, эстетикалық маңызы зор. Аталған жырлардың қай-қайсы да жар таңдаудағы адамның ақыл-парасатының биiктiгiн тiлге тиек ете отырып, махаббат пен сүйiспеншiлiктiң нəзiк сырларын, сұлулық пен сыпайылықтың көңiл қобызын қозғар сиқырын, адамзат баласының өмiрлiк идеясы мен идеалын паш етедi.
Қазақтың лиро-эпостық жырларымен сарындас, үндес, идеялас, түр жағынан да соларға өте жақын болып келетiн Алтын Орда дəуiрiнiң ең таңдаулы туындыларының бiрi саналатын ақын Хорезмидiң «Мұхаббатнаме», Құтбтың «Хұсрау — Шырын» дастандары.
«Мұхаббатнаменiң» негiзгi бөлiмiнде жiгiттiң сүйген қызына деген мөлдiр махаббаты жырланады. Махаббат тек адамзатқа ғана тəн ғажайып, асыл қасиет екенiн ақын зор шеберлiкпен суреттейдi. Дастанның басты қаһармандары бiрiн-бiрi сүйген екi ғашық қыз бен жiгiттiң арасындағы сүйiспеншiлiк. Сүйгенiне қосылу үшiн барлық қауiп-қатерге бас тiгетiнiн айтады.
Дастанда Хорезми қыздың тек сұлулығын ғана жырламай, оның асқан ақылдылығын, адалдығын, адамгершiлiгi жоғары, инабаттылығын айта отырып, махаббатты əлеуметтiк мəселе дəрежесiне дейiн көтере бiлген. Адамдар бойындағы жақсылық қасиеттердi дəрiптей отырып, жамандықтан жирендiредi. Осындай ой-пiкiрлерi арқылы өзi өмiр сүрген ортаның əдiлетсiздiгiне бiршама наразылығын бiлдiргендей болады. Ал дастанда феодал-клерикал топтың адам бойындағы асыл сезiмдi аяқасты етiп, қыз-келiншектердiң еркiмен ешкiм санаспайтыны жөнiнде, соның салдарынан бiрiн-бiрi ұнатқан екi жастың қайғылы оқиғаға ұшырап жатуы жайында сөз қозғалмайды. Мұның басты себебi сол кездегi тарихи-қоғамдық жағдайға байланысты болған жайт. Сондықтан дастанда жырлаған махаббат тақырыбына əлеуметтiк-қоғамдық тұрғыдан мəн берiп қараған жөн деп бiлемiз.
Қорыта айтқанда,қазақ əдебиетіндегі махаббат сарыны алғаш рет ауыз əдебиеті үлгілерінде көрініс тапты. Сан ғасырлар бойы ауыздан ауызға көшіп, халық көңілінің сүзгісінен өтіп өңделген, жаңарған аңыздар бүгінмен сабақтас. Аңыз-жырлардағы өмір үшін, махаббат үшін күрес, жақсылыққа ұмтылу, түрлі əрекеттер арқылы сол дəуірдегі əлеуметтік жағдайды жақсартуға тырысу, сол жолдағы қаһармандардың ерлігі халықтың өмірге құштарлығын, арман-мұраттарының биіктігін танытады. Халықтық мұралардан арна тапқан ғашықтық сарын, өршіл де асқақ арман-аңсарлар одан əрі роман жанрында өрбіп, жалғастық тапты.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет