Орындаған: Майлыбай Несібелі Қабылдаған: Сағындықова Б. Тобы



Дата05.06.2023
өлшемі35,6 Kb.
#98706



Тақырыбы: Гендер, әлеуметтік топ, жыныс, этнос, жас секілді денсаулық пен аурудың әлеуметтік сипаттамалары


Орындаған: Майлыбай Несібелі Қабылдаған: Сағындықова Б. Тобы: 1508-22

2022-2023 ж


Гендер, әлеуметтік топ, жыныс, этнос, жас секілді денсаулық пен аурудың әлеуметтік сипаттамалары
Жыныс, әлеуметтік топ, этностық ерекшелік және жас мөлшері ауру мен денсаулық үлгісін түсіндіруге көмектеседі. Ерлердің, кедейлердің, жастар мен егде адамдардың арасында өлім-жітім деңгейі жоғары, оның себебі – биологиялық емес, әлеуметтік мәселелер. Денсаулықтың әлеуметтік-эконо-микалық мәртебенің төмендігіне байланысты кемшін болуы – қарапайым қабілет пен денсаулық сақтау ісінің шегінен алшақ шығып кететін мәселе. Кедей адамдардың өмір сүру деңгейі төмен, олар көп күйзеліске ұшырайды, білім деңгейі төмен және ластанған аймақтарда өмір сүреді. Сондықтан денсаулығына байланысты қиындықтар туындайды. Саулық пен науқастықтың әлеуметтік таралуы Жақсы денсаулық тек жақсы дағдыларға я тұқымның жақсы болуына ғана байланысты емес. Алайда бұлардың да рөлі маңызды. Денсаулық - жынысы, әлеуметтік табы және нәсілі немесе этностық тегі сияқты әлеуметтік жағ- дайлармен тығыз байланысты. АҚШ-та дүниеге жаңа келген нәресте шама- мен 78 жыл өмір сүруі мүмкін. Жастай қайтыс болу да кездеседі, бірақ АҚШ азаматтары, орташа алғанда, қартайғанша өмір сүреді. XX ғасыр- дың басын- да өмір сүру ұзақтығы 50 жасқа дейін болғанын ескерсек, бүл-өте үлкен же- тістік. Дегенмен мұндай мүмкіндік бәріне бірдей берілмеген: қара нәсілді ер адамдар және кедейлер, ақ нәсілді әйелдер мен байларға қарағанда ерте қай- тыс болады. Әрине, бұл жерде өлімді айналып өту айласынан гөрі денсаулық сақтау маңыздырақ. Халықтың жалпы хал-ахуалын анықтауда ауру мен мүге- дектіктің таралуы өлім-жітім көрсеткішіне үлкен ықпал етеді. Белгілі бір жылы қайтыс болғандардың жан басына шаққандағы санынан көптеген ауру- ға шалдыққандардың немесе мүгедек болғандардың саны басым. Гендер – ерлер мен әйелдер арасындағы ерекшелік сияқты әлеуметтік маз- мұнға ие. Бұл ерлер мен әйелдердің бір-біріне деген әлеуметтік қарым-қатынасын білдіреді. Еркектік және әйелдiк бастаманы екi мағынада түсiну керек – биологиялык және әлеуметтік-мәдени. Ол үшiн ғалымдар екi түрлi мағына енгiздi: биологиялык - «жыныс» (әйелдер мен еркектердiң биология- лық айырмашылығы) және әлеуметтiк - «гендер» (әйелдер мен еркектердiң мәдени айырмашылығы). Соңғы жылдары медицинада ерлер денсаулығы жайлы жиі мәселе көтерілетін болып жүр. Өйткені, тәуелсіздік алған жылдар- дан бастап елімізде ерлер денсаулығына мемлекет тарапынан көңіл бөлінбе- гені бүгінде айқын көрініс табуда.Статистикаға жүгінсек, елімізде жыл сайын 15-60 жас аралығындағы қыздар мен әйелдердің 100-і қайтыс болса,15 пен 60 жас аралығындағы бозбала мен еркектердің 228-і қайтыс болады екен. Салыстырсақ, бұл көрсеткіш тіпті 2,3 есеге жеткен. Алайда әйелдер үзағырақ өмір сүр- генмен, денсаулығына байланысты, ерлерге қарағанда жиі шағым айтады. Оларды артрит, астма, диабет,катаракта және т.б. аурулар көбірек мазалайды. Мүндай айырмашылық әйел адамдар ерлерге қарағанда мүгедек- тікке жиі ұшырап, қартаю кезінде өздерін жайсыз сезінетінін білдіреді. Қарт- тар үйіне түсетін жасы егде тартқан және көп ауруға шалдыққан әйелдердің саны ерлерге қарағанда басым. Ұлттың санын арттыру үшін ерлер денсаулы- ғын нығайтуды мықтап қолға алатын уақыт әлдеқашан туған болатын.Алай- да, бізде ана мен бала денсаулығына баса назар аударады да, ерлер денсаулы- ғы ұмыт қала береді. Мәселе емделуге тірелгенде ерлер жалған намысқа бері- леді. Себебі, ерлердің басым бөлігі өз ауруын мойындағысы келмейді. Кінәні әйел-ге аударуға бейім тұрады. Сөйтіп жүргенде бойларындағы кеселді ас- қындырып алады. Яғни, ерлер денсаулығы – халық өсіміне оң ықпал ететін бірінші әлеуметтік фактор болып саналады. Қазіргі ер-азаматтардың басым бөлігі зейнет жасына дейін өмір сүрмейді екен. Жыныс- әйелдер мен еркектердiң биологиялық айырмашылығы.Әйелдермен тең дәрежеде денсаулығына көңіл бөліп, медициналық көмекке жүгінсе де ер адамдар әйелдерге қарағанда аз өмір сүреді, мінез-құлық ер адамдарға тән және олардың тарапынан қалыпты жағдай ретінде қабылданады. Ал әйелдер- ді мұндай кейіпте елестету мүмкін емес. Ер адамдар әйелдермен салыстыр- ғанда заң бұзып, есірткіні жиі қолданады және қауіпті істермен айналысады. Сонымен бірге әйел адамдар еркектерге қарағанда, денсаулығын мазалайтын болмашы нәрсе болса да дәрігерге жиірек қаралады. Әйелдердің өмір жасы ұзақ болғанмен ауруға шалдығу деңгейі ерлерге қарағанда жоғарырақ, осы жайт әлі де түсініксіз болып отыр. Әйелдердің жиі ауырып қалу себебі олар- дың гормондарынан және күнделікті күйзелісті сезінуінен. Әйел адамдар ер- лерге қарағанда күйзеліске көп түседі. Бірақ бүл күйзелістің негізгі себепте- рін бақылай алмайды. Күйзеліс иммунды жүйенің жұмысына кедергі келтіреді, сол себептен денсаулық нашарлайды. Этнос-бір халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдастық. Табыс көлемінің ықпалы үлкен болғанмен , нәсіл мен этни- калық ерекшелік денсаулыққа ерекше және тәуелсіз түрде ықпал етеді. Қытайдан, Жапониядан, Филлипин немесе Үнді елінен шыққан америкалық азиаттар әдетте орта тапқа енеді және ақ нәсілді америкалықтар сияқты ден- саулығының жақсы екені белгілі. Керісінше, афроамерикалықтардың,латын- америкалықтардың және байырғы америкалықтардыц кедейлік әсерінен ден- саулығы төмен. Кедейліктің кесірінен олар басқа америкалықтарға қараған-да, медициналық сақтандыру ала алмайды. Сонымен қатар күйзеліске жиі ұшырайды және ауасы көмірқышқыл газымен, озонмен, күкіртпен, пестипид- термен,тіпті радиоактивті қалдықтармен уланған аудандарда өмір сүреді және жұмыс істейді. Мысалы, қанында қорғасынның қауіпті көрсеткіші бар балалардың 60% -афроамерикалық, ал 17% -ақ нәсілді америкалық.Оның үс- тіне аз ұлттардың арасында табысқа, бұрмалау мен дискриминацияға қара- мастан, ауру мен өлім күшейіп келеді. Мысалы, орта тапқа жататын афроаме- рикалықтар нәсілдік сегрегация кесірінен ластанған нашар аудандарда өмір сүреді. Дәл осылайша, емделушінің ауру белгілері мен сақтандыру қорына қарамастан, дәрігерлер ақ нәсілді америкалықтар үшін жанға жайлы емделу жағдайын жасайды. Аз ұлттар мұндайдан сырт қалады. Мысалы, қоздырғыш егу салдарынан аяғынан айырылып қалу қаупі бар емделуші ақ нәсілді америкалық болса,оған қымбат антибиотикпен емделу курсын тағайындайды, ал азшылық кедей ұлт өкілдерін ампутацияға жібереді. Факторлар қабаттаса келе мынадай нәтижеге жеткізді: афроамерикалықтар, латынамерикалықтар және байырғы америкалықтар арасында ауруға шалдығу және қайтыс болу қаупі кез келген жаста ақ нәсілді америкалықтармен салыстырғанда жоғары. Әлеуметтік стратификация жүйесіндегі негізгі әлеуметтік топтар: бай мен кедей ішінде аралық орын алатын қабаттар жиынтығы. Орта тап – бұл мате- риалдық және әлеуметтік қажеттіліктердің кең ауқымын қанағаттандыру үшін жеткілікті тұрақты табысы бар адамдардың әлеуметтік тобы. Табыс артқан сайын өмір сүру ұзақтығы да артады және денсаулық жақсарады. Ауқатты адамдар орта тапқа қарағанда ұзағырақ өмір сүреді, ал орта таптың кедейлерге қарағанда өмір жасы ұзақ болады.Бұл жағдайды бәріне бірдей ме-дициналық-санитарлық көмек көрсетілетін елдерде және бірдей көрсеткіште темекі тартып, спирттік ішімдік ішетіндерді, семіздерді салыстырғанда да байқай аламыз. Мұндай айырмашылықтар балалық шақтан басталады. Мыса- лы, Нью-Йорк қаласындағы жетімдер үйінде тәрбиеленетін балалардың 50 пайызы демікпемен ауырады, ал кедей отбасы балаларының 25 пайызы және жалпы қалада тұратын балалардың 6 пайызы осы ауруға шалдыққан.Тап пен ауру арасындағы себептік байланыс өте күрделі.Олар көп жағдайда кедей адамдардың қымбат медициналық көмекке қол жеткізе алмауына байланыс- ты.Сөйтсе де экологиялық, экономикалық және психо-әлеуметтік факторлар нашар денсаулықтың кедейлер қатарында жиі байқалуына үлкен ықпал етеді. Табысы аз адамдар қауіпті және денсаулыққа зиян, ауасы лас зауыттардың маңайында және сапасыз тұрғын үйлерде өмір сүреді. Яғни, жоғарғы оқуға түсуге мүмкіндіктері жоқ, біліктілігі төмен еңбекпен айналысқандықтан денсаулықтарын емдеуге ақша жеткізе алмайды. Олар тәуекел етіп, қауіпті жұмыстарға орналасады, сапалы тамақтанбайды, көбірек күйзеліске ұшырай- ды және оның себептерін бақылай алмайды. Нәтижесінде,олар күйзеліс ауру- ларға душар болады. Табысы жақсы адамдар демалыс алып,үй шаруасына кө- мектесетін адам жалдап, күйзелісті айналып өтеді. Ал табысы төмен адамдар- да ондай мүмкіндік жоқ. Сонымен қоса кейбір адамдар күйзелісті жеңемін деп темекі тартып, ішімдік ішіп және басқа денсаулыққа зиянды әрекеттер жасайды. Жас ерекшелігі - денсаулық, ауру және өлімді болжаудың маңызды жалғыз көрсеткіші. Адамның жасына байланысты екі топқа жиі қатер төнеді, олар -кішкентай балалар және жасы келген қарт адамдар.Кедей елдерде нәресте- лердің және жасы беске толмаған балалардың өлімі жиі болады. Көбінесе анасының мерзімінен ерте босануынан сәби шетінейді, басқалары тамақ же- тіспеуі кесірінен иммундық жүйесі ауруларға төтеп бере алмай қайтыс бола- ды. Нәрестелердің өлімі батыс әлемінде XX ғасырға дейін кең таралған бола- тын. Қазіргі кезде АҚШ-та балалар өлімі сирек, жастардың да денсаулығы жақсы. Дегенмен басқа дамыған елдермен салыстырғанда, нәресте өлімі едә- уір көп. Нәресте өлімінің көрсеткіші афроамерикалықтардың арасында жоға- ры, ақ нәсілді нәрестелер арасындағы көрсеткіштен екі есе көп.Адамның мү- гедектікке шалдығу қаупі бар аурумен ауыруы және қайтыс болу қаупі шама- мен 40 жастан бастап күшейеді. 65 жасқа келгенде, адамдардың көбі кем де- генде бір созылмалы аурумен, мысалы, артрит, гипертония немесе есту қабі- летінің нашарлауы сияқты аурумен ауырады. Солай бола тұра 85-ке келген қарттардың көпшілігінің денсаулығы жақсы, бірақ 50 пайызының есте сақтау қабілеті нашарлаған.Денсаулық жағдайы жақсы кәрілік жасына жету мүмкін- дігі аз ұлттар ішінде томен. 68 және одан үлкен жастағы адамдар арасында ақ нәсілді америкалықтардың 80 пайызы, латынамерикалықтардың 65 пайызы және афроамерикалықтардың 63 пайызы денсаулығын жақсы деп бағалайды. Денсаулық пен аурудың әлеуметтік себептері Дәрігерлердің емделушілерден не себепті ауыратынын сұрауға мүмкіншілігі аз болып тұр. Әлеуметтанушылар бұл мәселеге екі деңгейде жауап беруге ты- рысады: микродеңгейде адамдар өз денсаулығына қауіп төндіретін әрекетті жасау-жасамауды таңдай алады және макродеңгейде әлеуметтік құрылымдар жеке адамдардың таңдауын шектейді. Адамдардың денсаулығына не себепті қатер төнеді деген сұраққа жауап іздемес бүрын, оның қандай қауіп екенін білу керек. Бұл үшін алдын алуға болатын өлімнің негізгі себептерін ашып қараған жөн. Қазіргі кезде денсаулық сақтаудың барлық қолда бар жүйелерін үш негізгі экономикалық модельдерге жатқызады: Бірінші үлгі үшін тән нәрсе-медици- налық көмектің басым жағдайда ақылы негізде көрсетілуі, медициналық қыз- метті тұтынушының өз есебінен болуы, мемлекеттік медициналық сақтанды- рудың бірыңғай жүйесінің болмауы. Оны АҚШ денсаулық сақтауы ұсынған, онда денсаулық сақтауды ұйымдастырудың негізгі –бұл кедейлер мен зейнет- керлерге медициналық қызмет көрсетудің қосымша мемлекеттік бағдарлама- лары негізіндегі медициналық қызмет көрсетушіліктің жеке нарығы. Екінші үлгіні мемлекеттік, бюджеттік деп нақтылайды. Ол мемлекеттің айтарлықтай ерекше рөлімен сипатталады. Денсаулық сақтауды қаржыландыру басты көріністе мемлекеттік бюджеттің, кәсіпорындар мен халықтың салықтары есебінен іске асырылады. Елдің халқы медициналық көмекті тегін алады. Осындай көрініспен, мемлекет денсаулық сақтау жағдайларындағы қоғамдық қажеттіліктің үлкен бөліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ете отырып, медициналық көмекті басты сатып алушы және жабдықтаушысы болып табылады. Үшінші үлгіні әлеуметтік-сақтандырушылық немесе денсаулықты реттеудің сақтандырушылық жүйесі ретінде нақтылайды. Ол бірінші кезекте мемлекеттің сақтандырушы қорларды қаржыландыруға нақтылы түрде қа- тысуы кезінде елдің барлық халқының дерлік міндетті медициналық сақтан- дыруының болуымен сипатталады.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы https://www.who.int/ru/about/who-we-are/frequently-asked-questions.

  2. Буйраева Ж.Ө., Ахантаева А.Ж., Әлеуметтану негіздері, Алматы 2014ж, http://lib.kaznau.kz/Res/Buiraeva-aleumettanu.pdf

  3. Джордж Ритцер, Джеффри Степницки, Әлеуметтану теориясы, Астана 2018ж.,http://biblioteka.zhgu.edu.kz/

  4. Гидденс, А. (1991). Әлеуметтану кіріспе


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет