Орындаған: Нуриддин Балнұр



Дата19.04.2023
өлшемі17,43 Kb.
#84428

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ М.АУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

ГЛОССАРИЙ

Орындаған:Нуриддин Балнұр
Тобы:МС-22-6К1
Қабылдаған:Рсымбетова Лаззат

Шымкент 2023


1)Әлеуметтік позиция — әлеуметтік құрылымдар, топтар мен ұйымдардың қарамағында және қоғамдық еңбекті бөлу жүйесінде адамның алатын орны.
2) Билік – адамның, топтың, әртүрлі таптардың іс-әрекеттеріне шешуші әсер ететін, идеологияға ықпалының негізінде және ұйымдастырушы құқықтар арқылы жүзеге астын механизм.
3)Босқындар – қоғамда белгілі бір күштердің (саяси, экономикалық, этникалық қысым, соғыс, табиғи апат) қысымына қарсы тұруға, төзуге шарасыз болудың әсерінен өз елінен басқа бір елге көшуге мәжбүр болған адамдар.
4)Босқыншылық – қалыптасқан саяси-әлеуметтік, экономикалық және табиғи – климаттық ауыр ахуалдарға, апаттарға байланысты адамдардың атақоныстарынан, тұрғылықты мекендерінен амалсыз босып, ауа көшулері.
5) Билік – адамның, топтың, әртүрлі таптардың іс-әрекеттеріне шешуші әсер ететін, идеологияға ықпалының негізінде және ұйымдастырушы құқықтар арқылы жүзеге астын механизм.
Хәкім – ханның тағайындалуы бойынша әкімшілік және соттық қызметті атқарушы қаланың не облыстың билеушісі.
6)Нөкер – моңғолша сөзбе-сөз дос деген сөз. Жауынгер, қызметші. Өз көсеміне қызмет етуге міндеттенген ерікті жауынгер дегенді білдіретін термин. Түркі халықтарында «нөкер» термині «жасақ», «әскери қызметші» дегенді білдірген .
7)Аймақ – тайпа, ру деген мағынаны беретін «омақ», «обақ» деген сөзбен теңдес; XV−XVIII ғасырлардағы мұсылман шығармаларында да осылай қолданылады.
8)Ауыл — қазақ халқының ең бірінші қоғамдық ұйымы.Ол туыстас, қандас,жақын адамдардан немесе бірнеше отбасынан құралған.
9)Балбал — бабалар құрметіне қабір басына қойылатын мүсін тас.
10)Бәдізші — тас безеуші, мүсін тас жасаушылар.
11)Бұйда — түйенің мұрындығына тағылатын бас жіп.
12)Дәстүр — ұзақ уақыт бойы белгілі бір қоғамдар мен әлеуметтік топтарда сақталып,ұрпақтан ұрпаққа берілетін әлеуметтік және мәдени мұралардың элементтері.
13)Ерулік — жаңадан көшіп келген үйді дәмге шақыру.
14)Ертұрман — салт атқа міну үшін керекті жабдықтардың жиынтық атауы
15) Жарапазан — тұрмыс-салт жырларының діни ұғымға байланысты түрі.
16)Желі — құлын байлауға арнап әдейі керілген арқан.
17)Жүз — бірнеше ұлыстың тайпалар одағы негізінде бірігуі.
18)Жайлау — селеулі жазық дала мен биік таулардың аралығындағы шалғынды кеңістік , таза су, отты жер,қоңыр салқын ауа.
19)Зеңгі баба — сиыр малының пірі.
20)Демографиялық болжам — әлемдегі белгілі бір елдегі, облыстағы, аудандағы т.б. аумақтардағы халықтың, ұлт пен ұлыстың саны және құрамы туралы болжамдық есеп.
21) Демографиялық саясат – халықтың ұдайы өсуі үшін мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын әкімшілік, әлеуметтік, экономикалық және құқықтық шаралар жүйесі.
22)Киіз үй — жайылымнан-жайылымға көшіп отыру жағдайында қолайлы жеңіл құрама үй.
23)Кебеже — азық-түлік сақтауға арналған үлкен сандық.
24) Келі — тары, бидай т.б.дәнді дақылдарды түйетін ұнтайтын қатты ағаштан жасалған құрал.
25)Кесене — діни құрылыс, белгілі адамдардың құрметіне қабір басына тұрғызылған.
26)Көген — қозы-лақ байлайтын ағытылмалы бұршағы бар, қыл арқанға тағылған қысқа жіптер.
27)Мәдениет— материалдық және рухани байлықты жасауынан көрінетінадамның өмірі мен әрекетін ұйымдастыру тәсілі, қоғам мен адамның тарихи даму деңгейі.
28) Материалдық мәдениет— адам өмірінің материалдық аяда қол жеткізген жетістіктерінің жиынтығынан тұрады. игеруін, әлеуметтік — психологиялық біліктілігін білдіреді.
29)Сыралғы — аңшылар ұстаған аң-құстарын жолда кездескен сыйлы адамдарға достарына байлап кететін дәстүр.
30)Сүйек жаңғырту құдалығы— ескі жекжаттардың қыз алысуы.
31)Сәукеле — қыздың ұзатылғанда киетін бас киімі.
32)Сәулет өнері— адамның өнері мен күнкөріс тіршілігі үшін қажетті,материалды тұрғыда ұйымдасқан құрылым.
33)Саба — қымыз ашытуға арнап, жылқының терісінен жасалатын сыйымдылығы мол ыдыс.
34)Тасаттық — құрғақшылық кезінде тәңірден жаңбыр тілеп құрбандық шалу рәсімі.
35)Торсық — қымыз т.б.сусын құюға ешкі немесе жылқы терісінен жасалған ыдыс.
36) Тоғыту — маусым айында тоқтыларды суға түсіріп жуындырады.
37) Туырлық — керегені жабатын киіз.
38) Түндік — шаңырақты жабатын киіз.
39)Үзік — уықты жабатын киіз.
40) Пиктография - ежелгі адамдардың өз білімдерін суретті хат арқылы хабарлауы.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет