Орындаған: Шахман Ләззат Күні



Дата16.11.2022
өлшемі58,53 Kb.
#50618
түріСабақ

Орындаған: Шахман Ләззат
Күні:11.09.2022
Сынып: 1-сынып
Сынып сағатының тақырыбы: Отбасым-бақыт мекенім
Сынып сағатының мақсаты:  Отбасы сүйіспеншілігі, сыйластығы туралы түсінік
қалыптастыру. Отбасындағы өзара сыйластық қарым –қатынас
дағдыларын дамыту;
Сынып сағатының түрі: әңгіме
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, мақалдар
Сынып сағатының барысы:
І Психологиялық ахуал
-Амансыңдар ма, балалар! Мен сендермен бүгін кездескеніме өте қуаныштымын.
Қане бір-бірімізге қарап, әдемі күлкімізді сыйлайық.


ІІ. Негізгі бөлім
Ой қозғау. Интерактивті тақтадан суреттер көрсетіледі.






  • Балалар, суретте кімдер бейнеленген? Бір сөзбен қалай айтамыз?

-Олай болса, бүгінгі сынып сағатымызда бәрімізге қымбат, сүйікті отбасымыз туралы әңгімелесеміз.
Сұрақ
-Отбасы дегенді қаклай түсінесіңдер?
-Отбасын неліктен жақсы көресіңдер? Балалардың жауаптары тыңдалады.
-Бүгін біздің жақындарымыз керемет бір сыйлық дайындап қойыпты. Сендерді үйдегі туған-туыстарың өте жақсы көреді екен. Мен оны сендерден бұрын естіп, қуанып қалдым! Қане, тыңдап көрейікші.
Үнтаспаға, диктофонға немесе қағазға жазылған отбасы мүшелерінің еркелетіп айтқан жылы сөздерін тындайды.Ойларымен бөліседі.
-Тамаша! Балалар, әжеміз, атамыз, әкеміз тіпті аға-әпкелеріміз бізді еркелетіп атайды. Олар сендерді «күнім», «айым», «жұлдызым» деп аспандағы ғажайып нәрселерге теңейді. «Жаным», «еркем», «балым» деп те еркелетіп, аймалайды. Кейде есімдеріңді өзгертіп, еркелетіп жатады.
- Қане, отбасында сендерді кімдер және қалай еркелетеді екен. Есімізге түсіріп, айтып көрейікші. Балалардың жауаптары тыңдалғаннан соң, ақын Ә. Исқақовтың «Кім ойлап тапқан?» өлеңін оқып беріп, балалармен бірге қайталайды.
«Кім ойлап тапқан?» Ә. Исқақов
Сөздерді ең аяулы, Күнім, жаным дегенді Ойлап тапқан аналар!
«Қүлыншағым» дегенді, Толған айым дегенді
«Қошақаным» дегенді, Жақсы көріп жаттадым.
«Айналайын» дегенді, Енді білдім олардың
«Толған айым» дегенді Кімнің ойлап тапқанын


Ойын
Балаларды шеңбер бойымен тұрғызамын. Оларға кезек-кезек сүрақ қойып, қолымдағы допты лақтырамын. Балалар сұақтарға жауап береді.
• Отбасы мүшелерін ата.
• Сен отбасында кімді жақсы көресің?
• Сен өз отбасыңа қалай көмектесесің?
• Отбасы мүшелерін қалай сыйлайсың?
• Кішкентай бөпеңе қандай көмек көрсетесің?
• Анаңды қалай мадақтайсың? Қалай жақсы көресің?
• Отбасында кімге сыйлық сыйлағың келеді?
• Атаң мен әжең саған не үйретеді?
• Атаң мен әжеңе кандай көмек бере аласың? т.с.с.

Анамыз мен қыздар үйде тамақ әзірлейді, үйді ретке келтіреді. Ұлдар мен әкелер оларға көмектесіп ,үйдегі ауыр жүмыстарды жасайды, ауыр сөмкелерді көтереді г.с.с.Отбасында барлығы бір-біріне көмектеседі, қамқор болады.Отбасында барлығының жақсы көңіл күйде жүруі үшін ешкім бір-бірін ренжітпеу керск, үйдегілер демалып жатқанда шуламау, үлкендерге көмектесіп, кішілерді ойнатып , қамқор болуымыз керек.


  • Оқушылар өз отбасы жайында әңгімелейді.

« Мен отбасымды жақсы көремін...




  • Отбасы туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?



Ағасы бардың жағасы бар, Әдепті бала ата-анасын мақтатар,
Інісі бардың тынысы бар. Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.
Ұлың өссе, ұлы жақсы мен ауылдас бол Атаңа не қылсаң ,
Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол. Алдыңа сол келер.
Ағаның үйі – ақ жайлау..



  • «Күн шуағы» ойыны

«Күннен жылу тарайды, анадан мейірім тарайды»
 

- Күннін шуағынан қандай керемет қасиеттср пайда болды?


Тақтаға күннің суретін салып, балалардың айтқан сөздсрін күннін шуағына жазамын.
• Күннің жылуы мен ана махаббатының арасында кандай байланыс бар?
Ана мейірімі мен күн жылуының арасындағы байланысын көрсету..
ІІІ Қортындылау
- Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз туралы, ең ақылды, қамқор әкеміз туралы, ең қайырымды ата-әжеміз, ең сүйкімді іні-қарындас, аға-әпкеміз туралы әңгімелестік.
Біз оларды жақсы көруді, сыйлауды үйрендік. Олардың бізге тек жақсылық тілейтінін білдік. Отбасындағылар әрқашан тату болып, оның әр мүшесі бір-біріне жаны ашып, құрметтеуі тиіс. Отбасы мүшелері әрдайым бір-бірін сүйіспеншілікке бөлеп қана қоймай, ренжісе, бірге ренжіп, қуанса, бірге қуанады.
Ата-аналарың, жақын адамдарың, туыстарың сендердің нағыз адам болып өскендеріңді қалайды. Сендерді жақсы көретін адамдардың сенімі мен еңбегін ақтауға тырысайык.
Отбасы - ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.







Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет