Тобы: 1301-21 Қабылдаған: Бекдаулетова Қарлығаш



Дата15.04.2023
өлшемі58,89 Kb.
#82950
Байланысты:
Қазіргі заманғы этикалық құндылықтар


ЭССЕ


Тақырыбы:Қазіргі заманғы Қазақстан жастарының этикалық құндылықтары

Орындаған:Наркулова Гульнара


Тобы:1301-21
Қабылдаған:Бекдаулетова Қарлығаш
Қай елдің болмасын, дамуы оның ең әуелі рухани құндылығымен астасса керек-ті. Қазақ қашаннан тәлімдік тәрбиесімен, мәдени құндылығымен ерекшеленген халық. Көнекөз қариялардың дүниеге көзқарасы- мейірімділік пен адамгершілікке негізделген. Оған дау жоқ. Ел басынан өткен алмағайып заманда да әрбіріміздің ата-әжеміз «адам» деген ардақты атқа лайық болып қалды. Қазақ ғұламасы Абай: «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек», - дейді. Сіз бен біздің қасиетті кісілерден тәлім алуымыздың сыры осында болса керек.
Әке-ағаларымыз тоталитарлық мінезбен өсті. Әр істің қайыры бар дегенге сеніп, шыдамдылық пен ізгілікті ту етті. Ғасырлар тоғысында атадан балаға жалғасқан нақылдар мен мақалдарды, өмірдің мәнділігі мен әуезділігін ұғына білді. Бұл буынды «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы», «Тәртіпке бағынған құл болмайды» деген нақыл сөздермен байланыстырамын. Бұлай деуімнің негізгі себебі, темірдей тәртіп пен мақтадай жұмсақ мейірімділікті қатар бере алған әкелердің бейнесінде тұрғандай.Осындай қауымнан тараған бүгінгі ұрпақ заман ағымына бейімделіп, жаңаша жолға түсті. Ел азаматтарының үштен бір бөлігін құрайтын жастар алдыңғы буынға қарап бой түзеді. Бұл ұғымға алғашқы болып анықтама берген В.Т.Лисовский: «Жастар- әлеуметтану сатысынан өтетін, меңгеретін, ал біршама ересек жаста білім беру, кәсіби, мәдени және тағы басқа да әлеуметтік функцияларды меңгеріп қойған адамдардың ұрпағы», - дейді.
Қазіргі заманғы Қазақстан жастарының этикалық құндылықтары еркіндікке, алуан пікірлілікке негізделгендей. Әр істің екі қыры болатыны секілді, ел жастарынан да екі түрлі мінезді байқай аламыз. Десе де, ізгілік белең алған ортада Қазақстанның жаңа буыны жаңа жетістіктерімен қуантуда. Бұл жетістік- адами даму, тәрбиелік мән, этикалық құндылықпен астасты.Этикалық құндылық – адамзаттың рухани өмір жолында мәдениет пен жақсылыққа ұмтылуы. Сол ұстанымдарды басты бағдар етіп алуы. Этикалық құндылық аясына сыпайы сөйлеу, орнықты жүріс-тұрыс, ізет- кішіпейілділік, білімдарлық қасиет тән. Тізбелей берсек, тізімі бітпейтін адами құндылықтардың барлығы осы бір ғана «этикалық құндылық» ұғымына сыйып тұрғандай.Қазақстан жастары жоғарыда аталған критерийлер бойынша әлдеқайда озық дей аламын. Айтып өткендей, үш түрлі қасиетті қатар сіңірген буыннан тәлім алған бүгінгі жастар қалай осал болсын? Эстетикамен қатар, интеллектуалдылық та қатар қозғалған жастар санасы күн санап дамуда. Жамандықтан жиреніп, жақсылыққа ұмтылған, дін мен дәстүрге қызығушылық танытып, ойын еркін білдіретін буын әлі талай белестерді бағындырады деп сенемін. Эстетикалық құндылығы- қысқа әрі жақсы сөйлеу, ойын ашық, мәдениетті жеткізу, мүмкіндігінше дискуссиядан аулақ болу, минимализмдік тұрғыда барынша орныққан болу- бүгінгі жастардың басты ұстанымы.Істің бастамасы бірдей басталғанмен, нәтижесі әр түрлі болатыны сияқты, азаматтарымыздың аталған топқа сай емес әрекеттері бар. Мұндайда, келешектің жақсы, һәм жаман тұсы жас буынның екі қолына қатар орныққандай әсер қалдырады. Ізеттілік пен үлкенге құрмет есіне кіріп шықпайтын қауымға алдыңғы лектің өкпесі барын байқап-ақ жүрміз. Қоғамдық орындарда жиі жүрсеңіз, біз мысал еткен этикалық құндылығы жоғары жасты да, тәлімі төмен баланы да қатар байқай аласыз. Мұның бәрін тәрбиемен байланыстырғанымызбен, көп жағдайда ата-ананың ізгілігін бойға сіңіре алмай, қоғамның қаңсығына ілесіп кеткендердің барын да ұмытпағанымыз жөн. Қалай болғанда да, құндылық- ең әуелі әр адамның ішкі түйсігінде қорытылып, ойына сай жасалған әрекеттің жиыны болса керек. Эстетикалық тұрғыда дамыған жастардың келешекте эстетикалық құндылығы басым ұлтты тәрбиелейтініне еш күмән жоқ.
Этиканы басқалай тұрғыда іс-әрекет пен сөйлеу мәнері бойынша бөліп қарастыруға болады. Мысалы,жас буынның қазіргі сөйлеу тілі кітап тілінде сайрайды. Оған дәлел, қазақ сөздіктерін жазғанда негізгі диалект сөздердің үлкендер арасында ғана кең қанат жаюы. Жағымсыз тұсы:тілдың шұбарлануы. Іс-әрекеттік типтері бойынша волонтерлік қызметтерді аркау етуге болады, жағымсыз тұсы-көше тәрбиесінің қисынсыз әрекеттері (бұл құрамға қоғамдық орындағы оқушы мен қарт арасында жиі туындайтын кикілжің).
Бұл орайда менің пікірім қазіргы заманғы Қазақстан жастарының этикалық құндылықтарын көркейтуде - патриот ұғымдары жиі қолданылады. Жастарды мейлінше сауатты, білімді,рухани және ішкі құндылықтарға бай ету Елбасы жолдауларында да көрініс табуда. Қоғамда жастың ғана емес,адам мен адамның бір-біріне деген шын ілтипат,істері ерекше орын алады. Бұны қарапайым ғана дәрігер мен кішкентай бала деп те қарастырсақ болады.
Қорыта айтқанда, Ел-болашағы жастардың қолында. Қай заманда болсын, өз ұлтының тарихы мен ұлттық құндылығын, қасиеті мен мәдениетін, ұлттық этикасын, елдің ұлттық менталитетін сақтап, сіңіріп өскен білімді ұрпағы ғана сақтай алатындығын мәңгі есте сақтауымыз қажет.
Бүгінгі жастар- ертеңгі ел болашағы.
Пайдаланылған әдебиеттер:
*Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Алдабек Н.А.
ҚазҰУ 2 курс докторанты Кенжебулатова Д.Т.
* А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасы
меңгерушісінің ғылым жөніндегі орынбасары, оқытушы
Игиликова Сымбат Игиликқызы
*https://bugin.kz/13530-qazaqstan-dgastarynynh-etikalyq-qundylyqtary
*https://massaget.kz/blogs/27068/amp/

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет