Эпителийлі тіндер. Жабынды және безді эпителийдің мамандануы. Кан және лимфа (Эритроциттер. Тромбоциттер Лейкоциттер. Гранулоциттер, агранулоциттер.) Қанның өндірілуі(Эмбрионалды гемопоэз, постэмбрионалды гемопоэз) 1 Кіріспе
2 Негізгі бөлім
2.1 Эпителийлі тіндер
2.2 Кан және лимфа (Эритроциттер. Тромбоциттер Лейкоциттер. Гранулоциттер, агранулоциттер.)
2.3 Қанның өндірілуі(Эмбрионалды гемопоэз, постэмбрионалды гемопоэз)
Жоспар
Кіріспе
Қан және лимфа дәнекер тінмен бірге ағзаның ішкі ортасын құрайды. Олар плазмадан (клеткааралық сұйық зат) және әртүрлі формалық элементтерден тұрады. Бұл тіндер өзара бір-бірімен байланысқан, онда формалық элементтердің тұрақты алмасуы жүреді, сондай-ақ плазмадағы заттар да алмасып отырады. Лимфоцитттер қаннан лимфаға, лимфадан қанға реттеліп отырады. Барлық қан жасушалары эмбриогенез және туғаннан кейінде көп бағаналы жасушалардан түзіледі.
Эпителий (лат. epithelium, грек. ἐπι- — «жоғары-» и θηλή – емшек үрпі) — жануар денесіндегі төрт ұлппаның бірі, қалған үшеуі Дәнекер ұлпасы, Бұлшықет ұлпасы және нерв ұлпасы. Эпителий ұлпалары ағзалар мен бүкіл денедегі қан тамырлардың сыртқы беттерінде тізіледі, сондай-ақ көптеген ішкі ағзалардағы қуыстардың ішкі беттерінде тізіледі. Бір мысал эпидермис - ол терінің ең сыртқы қабаты.
Эпителиальды қабаттарда қан тамырлар болмайды, сондықтан олар негізінен терең қабаттағы дәнекер ұлпасынан заттардың кеңеюі арқылы, сондай-ақ негізгі мембрана арқылы азықтанады.жасушалар түйісімі эпителий ұлпаларында жақсы жұмыс істейді.
Эпителий жасушасының үш негізгі формасы бар
Қабыршақты (squamous),
бағаналы (columnar)
төртбұрышты (cuboidal).
Эритроцитттердің формасы мен құрылымы
Эритроциттердің популяциясы формасы және мөлшері жағынан бірдей емес.Адамның қалыпты қан құрамында негізгі көлемді алып жататын екі бүйірі қысыңқы-дискоциттер(80-90%).Бұдан басқа жалпақ планоциттер(тегіс беткейлік) және эритроциттердің ескірген формасы-эхиноциттер,шар тәрізді-сфероциттер,күмбез тәрізді-стомациттер Эритроциттердің ескіруі екі жолмен өтеді:кренированияланған (плазмолеммада үшкір ұштардың болуы) және плазмолемма бөліктерінің инвагинациясы.
Ескірген эритроциттердің пайда болуының бір себебі,ол гемолиз жолымен гемоглобиннің жойылуы,сөйтіп эритроциттер «көлеңке» түріндегі тек қана қабықтары қанның құрамында қалып қояды.
Эритроциттердің ең жас түрлері (1-5) ретикулоциттер болып саналады.Бұларды арнайы бояулармен бояғанда цитоплазмасында рибосомалар мен эндоплазмалық торлар көрінеді де,эритроциттерге тор пішіндес түр береді.Азур ІІ эозин бояуымен бояғанда сұр-көк түске боялады.