Орындаған: Шерхан Аяулым



бет1/5
Дата22.05.2023
өлшемі36,27 Kb.
#95683
  1   2   3   4   5

«ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»


Баяндама
Тақырыбы: Ерте көшпелілер мәдениетінің қалыптасуы жағдайында Ежелгі Қазақстан аумағындағы энеолит және қола дәуірін зерттеудегі жаңа көзқарастар
Орындаған: Шерхан Аяулым
Группа: 105А ЖМ
Жетекші: Хамыткожаева Д.


ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Жоспар:




  1. КІРІСПЕ



  1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ



  1. ҚОРЫТЫНДЫ




КІРІСПЕ

Қазақстандағы қола дәуірінің зерттелуі Кеңес үкіметі кезінде ғылыми жағыана жүйелі қолға алынды. Арнайы ұйымдастырылған экспедициялар қола дәуіріне тән ескерткіштерді ашып, Қазақстан аумағында тарихқа Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеті деген атпен енген тайпалар мекендегенін дәлелдеп берді.


Қола дәуірінің ескерткіштері Қазақстанның бүкіл территориясынан табылған. Мысалы, Орталық Қазақстанды зерттеу үшін ұйымдастырылған Нұра экспедициясының көрнекті мүшелері П.С. Рыков, М.П. Грязнов, К.Артюзов, И.В.Сыницин сияқты ғалымдар Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениетнің қоныстары мен зираттарын тауып, оларды зерттеп, қазу жұмыстарын жүргізіп көне дәуір тарихына өз үлестерін қосты.
Қола дәуірінің археологиялық ескерткіштеріндегі жылқымен байланысты салт-сананың өзіндік бір сипаты бар. Қазақстанда зерттелген жылқыны немесе оның бөліктерін қосып жерлеу белгілері бар қола дәуірі ескерткіштері негізінен Орталық, Солтүстік, сонымен қатар Батыс өңірлерде топтасқан. Әліпбиі болмаған немесе сақталмаған қола дәуірінің негізгі әлі күнге дейән сақталған ескерткіштердің бірі – жартас суреттері болып табылады. Оларды өзінше бір нышандық жүйе ретінде қарастыруымызға болады. Қола дәуірі заманынан келе жатқан петроглифтердің мазмұны жануарлардың бейнесімен сипатталады. Әсіресе, қола дәуіріне тиесілі жылқы бейнелері бар жартсас сурет кешендері еліміздің түкпір-түкпірінен табылған.

Энеолит
Адам баласы 5000 жыл бұрын мыс өндеуді үйрене бастады және мыстан жасалған құралдарды өндіріске енгізді. Бірақта металл тас құралдар қолданыстан шығып кеткен жоқ. Яғни тас пен мыстан жасалған құралдарды қолданған кезең - энеолит. Бұл кезең б.з.б 3-2 мың(3000-1800) жыл аралығын құрайды. Осы кезеңде ең алғаш қолданылған металл "мыс" болып табылады. ("Энео" мыс, "литос"-тас деген мағынаны білдіреді.)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет