Орындаған: Смаилов О. А., Ммок-234 Тексерген: Акперов Н. Алматы, 2023 Мәтінді есептердің қолданбалы аспектілерін талдау



бет1/2
Дата21.09.2023
өлшемі57,51 Kb.
#109638
  1   2

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті





МӨЖ


Тақырыбы: Қозғалыс тақырыбына мәтінді есептер шығару


Орындаған: Смаилов О.А., ММОК-234
Тексерген: Акперов Н.
Алматы, 2023
Мәтінді есептердің қолданбалы аспектілерін талдау
Жүзуге, жүруге, ұшуға, жүгіруге берілген есептер өте көп. Бір-біріне
қарама-қарсы қозғалысқа берілген есепті қарастырайық.
S
S – бастапқы қашықтық
Екі адам бір-біріне қарама-қарсы жүрсін, олардың біреуінің
жылдамдығы 3 км/сағ, ал екіншісінікі 5 км/сағ. Олардың арақашықтығы бір
сағаттан кейін 8 км азаяды.
Денелердің уақыт аралығы ішінде бір-біріне жақындағандағы
қашықтығы жақындау жылдамдығы деп аталады.
ЕСІҢЕ САҚТА!
Бір-біріне жақындау қозғалысында жақындау жылдамдығы
жылдамдықтардың қосындысына тең болады.
=
-нің
қосындысына тең
Күнделікті тұрмыста практикалық мазмұнды есептерді шешуді көп кездестіреміз. Есеп шығара білу - әр адамның математикалық, логикалық және сын тұрғысынан ойлау қабілетінің даму көрсеткіші. Мазмұнды есептер бастауыш сынып математикасынан бастап барлық орта мектеп математика курсында кездеседі. Бірақ берілген тақырыпта оларды өз дәрежесінде меңгеру мүмкін бола бермейді. Мазмұнды есептер өте алуан түрлі болып келеді, кейде есеп мазмұнын түсіну қиынға түседі.
Мазмұнды есептер қандай да бір нақтылы оқиғаның сөздік моделі болғандықтан, есеп мазмұны бойынша оқиғаны ойша көз алдына келтіруге немесе көрнекі құралдар арқылы оның заттық моделін жасауға болады.
Жалпы практикалық мазмұнды есептерді төрт негізгі тақырыпшалар бойынша қарастыруға болады:
1 Сандық тәуелділіктер;
2 Проценттер, қоспалар, ерітінділер;
3 Қозғалыс есептері;
4 Бірігіп жұмыс атқару есептері.
Бұл типтегі есептер, негізінен, теңдеу немесе теңдеулер жүйесін құру арқылы шығарылады. Мазмұнды есептердің аталған типтеріне қысқаша тоқталайық.
1 Сандық тәуелділіктерге берілген есептер
Сан және цифр түсініктері бірдей емес. Цифр деп бір таңбалы сандарды атайды (0-ден 9-ға дейін, барлығы 10 цифр бар). Сандар цифрлардың көмегімен жазылады және сандарды жазудың ережелері бар. Ереже бойынша а және в цифрлері көмегімен жазылған екі таңбалы сан 10а+в өрнегімен беріледі, ал а, в, с - цифрлерімен берілген үш таңбалы сан 100а+10в+с өрнегімен анықталады т.т.
Жауабы: 12 және 16
2 Проценттер, қоспалар, ерітінділерге құрылған есептер.
Процент -бөлікті көрсету қажеттілігінен шыққан ұғым. Бір процент дегеніміз - жүзден бір бөлік, яғни 1%=1/100. Айталық, 200 тоннаның 5%-і ол 200 тоннаның 5/100 бөлігі, яғни 10 тонна. Тестік есептеулерде жиі кездесетін проценттерді атап өтейік.
50=50/100=1/2 (жартысы); 25%=25/100=1/4 (ширегі); 75%=75/100=3/4
Қоспаларға қатысты есептердің шешімдері "концентрация", "проценттік құрам ", "ылғалдылық" т.б. түсініктерімен байланысты және келесі келісушіліктерге негізделген:
- қарастырылған қоспалар, ерітінділер біртекті болып саналады;
- литрді көлем бірлігі ретінде қарастыруымен масса бірлігі ретінде қарастырудың айырмашылығы жоқ.
Есептер, көбінесе, екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесіне келтіріледі.
Қоспа болып табылатын зат бірнеше заттан құралады. Теңдеулер жүйесіндегі бір теңдеу, әдетте, заттардың салмағына байланысты, ал екіншісі олардың концентрациясына байланысты құралады.
3 Қозғалыс есептері
Алдымен қозғалыс есептерін анықтап алайық:
1 Құрғақ жердегі қозғалыста қозғалыс жылдамдығы көлік жылдамдығына тең ("қозғалыс жылдамдығы" дегенде біз қозғалыстағы адамның жылдамдығын түсінеміз);
2 Тынық судағы (көл, бассейн) қозғалыс жылдамдығы қайықтың жылдамдығына тең;
3 Ағынды суда егер өзінің жылдамдығы болатын дене жылдамдығы -ке тең өзен ағысымен қозғалса, дене жылдамдығымен , ал ағысқа қарсы қозғалса жылдамдығымен жүзеді.
4 Меншікті жылдамдығы жоқ ден өзен ағысымен қозғалса, қозғалыс жылдамдығы ағын жылдамдығына тең. Сонымен қатар, қозғалыс есептерінде келісушіліктер қабылданған:
- арнайы ескерулер болмаған жағдайда қозғалыс бірқалыпты болып саналады;
- жылдамдық оң таңбалы шама болып саналады;
- қозғалыстың жаңа кестесіне көшу лезде іске асырылады.
Қозғалыс параметрлерін байланыстыратын негізгі формула: s=vt мұнда
s- жолдың ұзындығы, v - жылдамдық, t - уақыт.
Бірігіп жұмыс атқару есептері
Бұл есептер мен қозғалыс есептері арасында аналогия жүргізіп, кейде бірігіп жұмыс атқару есептерін қозғалыс есептеріне жатқызады. Расында, жолына А- жұмысын, V - жылдамдығына С - өнімділікті, ал t - уақытын солай қалдырса, аналогияның орны бар.
Өнімділікті есептеуде пропорция құру жиі қолданылады.
Мектеп оқулықтарында мәтін есептерді шығаруға әдістемелік нұсқау жоқ десек те болады, көбінесе оқулықта бір немесе екі ғана шартпен берілетін қарапайым мәтін есептер үнемі қайталанып отырады. Осының әсерінен математиканың алдында тұрған негізгі талап – оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сонымен қатар математика пәнінде күнделікті өмірде кездесетін есептерді шығаруға үйрету, математикалық модель құра білу мәселелері назардан тыс қалуы мүмкін. Мәтін есептерді тура талқылауды керек ететін арифметикалық тәсілдерді қолдана отырып шығарудың оқушылардың логикасын дамытуда берері зор және арифметикалық тәсілді жақсы меңгерген оқушы мәтін есептерге жылдам, әрі дұрыс теңдеу құра алатыны сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет