Орындаған: Тобы: Қабылдаған: Шалабаева Жанар Түркістан 2023 Жоспар: I. Кіріспе



бет1/2
Дата18.10.2023
өлшемі41,23 Kb.
#119071
  1   2

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ -түрік университеті
Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар факультеті
Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасы


БӨЖ
Тақырыбы: Бастауыш сыныптарда ертегілер мен мысалдарды оқыту

Орындаған: Тобы: Қабылдаған: Шалабаева Жанар

Түркістан 2023
Жоспар:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім

  1. Бастауыш сыныптарда ертегілерді оқыту

  2. Бастауыш сыныптарда мысалдарды оқыту

III.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Бастауыш сыныптардағы оқу бағдарламасы біраз көркем әдеби шығармаларды қамтыған. Әдеби шығарма, түрлі бейнелер, олардың іс-әрекеті арқылы өмірді түсінуге көмектеседі. Жазушының идеясы, көңіл-күйі шығарманың мазмұны арқылы оқушыға беріледі, сөйтіп, оларда алуан түрлі сезім, ой туғызады, дүниеге көзқарасын калыптастырады.
Бастауыш сыныптың «Әдебиеттік оқу» оқулықтарына көркем шығарманың мынадай жанрлары енгізілген: өлең, жұмбақ, әңгіме, мысал, ертегілер, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер, айтыс, шешендік сөздер, ғылыми мақалалар мен очерктер, т.б.
Ертегі – халық шығармасы, халық мұрасы. Онда халықтың ертеңге деген сенімі мен үміт-арманы, әділдік пен шындық, бақыт туралы ойлары тоғысып жатады. Қай халық болсын өзінің даму жолында қилы-қилы тарихи кезеңдерден өтеді. Жақсылық пен жамандықтың бітіспес тайталасын бастан кешіреді. Ертегі қаһармандарының үнемі күрес үстінде көрінетіні және осы жолда жеңіске жететіні, әділдіктің әркез үстем болатыны – халықтың осынау көкейтесті ойарманының көрінісі. Халық ойының аса бай құнарынан жаратылғандықтан да ертегі әрбір оқушы үшін ерекше маңызға ие. Әр алуан ертегілермен танысу оқушыны қиялдай білуге үйретеді. Халықтық тәрбиенің қасиетті бұлағынан сусындауға мүмкіндік жасайды. Ел мен жерге деген сүйіспеншілігін оятады, азаматтық көзқарасының алғашқы негізінің қалыптасуына септігін тигізеді.
Мысал – аллегориялық жанр. Айтылатын ой ашық берілмейді. астармен, меңзеумен беріледі. Көбіне өлең түрінде келетін, сюжетті, шағын көлемді көркем шығарма.Жануарлар әлемі, құс, өсімдік, тағы басқа мысалдар бас кейіпкер ретінде алынады. Өткір сын да, ащы сатира да, байсалды юмор, келемек, мысқыл да осы мысал жанрында.Кейіпкерлерді сөйлестіру – диалог тәсілі жиі қолданылады. Баяндауы ширақ, жинақы, тілі қарапайым келеді. Жанры жағынан ғибратты, уағыздық сарындағы дидактикалық әдебиетке жатады, кейде мысқыл-сықақ үлгісіне ауысады.
Әдебиеттік оқу бағдарламасында мысалдар көбінесе оқытудың бастауыш буынында беріледі. Ең алдымен, мысал жанры, оның өзіндік ерекшелігі туралы әдеби-теориялық ұғымнан мағлұмат, түсінік берген жөн. Яғни мысалда ойдың ашық, айқын берілмейтіні, жорамал, меңзеу астарлы түрде берілетіні,, кекесін, мысқыл, әжуа, юмор, ащы сатира оның негізгі көркемдік тәсілі екендігін оқушыларға әңгімелеу, баяндау тәсілімен жеткізгендұрыс.

1. Қазақ фольклорындағы мазмұны терең, тілі бай, тақырыбы әр алуан, оқиғасы қызғылықты шығармалардың бірі – ертегілер. Ол әдеби мұраның ең көне түрі болса да, осы күнге дейін өскелең ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуде маңызы жойылмаған жанр. Ертегі – көркем фантастикалық шығарма. Мұнда ақылдылық пен ақымақтық, арамзалық пен адалдық, жақсылық пен жауыздық қатар көрсетіледі.
Қазақ ертегілері мазмұнына, оқиға желісіне, сипатына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Солардың ішіндегі ең бастылары:
А). Қиял-ғажайып ертегілері.
Ә). Хайуанаттар жайындағы ертегілер.
Б). Тұрмыс-салт ертегілері.
Бастауыш сыныпта ертегілерді оқытудың маңызы зор. Ертегі – халық шығармасы, халық мұрасы. Онда халықтың ертеңге деген сенімі мен үміт-арманы, әділдік пен шындық, бақыт туралы ойлары тоғысып жатады. Қай халық болсын өзінің даму жолында қилы-қилы тарихи кезеңдерден өтеді. Жақсылық пен жамандықтың бітіспес тайталасын бастан кешіреді. Ертегі қаһармандарының үнемі күрес үстінде көрінетіні және осы жолда жеңіске жететіні, әділдіктің әркез үстем болатыны – халықтың осынау көкейтесті ойарманының көрінісі. Халық ойының аса бай құнарынан жаратылғандықтан да ертегі әрбір оқушы үшін ерекше маңызға ие. Әр алуан ертегілермен танысу оқушыны қиялдай білуге үйретеді. Халықтық тәрбиенің қасиетті бұлағынан сусындауға мүмкіндік жасайды. Ел мен жерге деген сүйіспеншілігін оятады, азаматтық көзқарасының алғашқы негізінің қалыптасуына септігін тигізеді. Жалпы алғанда ертегі бастауыш сынып оқушыларын оқуға ынталандыратын шығармалардың бірі.
Халық ауыз әдебиетінің ішіндегі ең жақыны балаларға ол ертегі болмақ. Алғашқы қауымнан бастап, бала тәрбиесіне ерекше әсер ететін ертегілерді ойлап шығарған адамзат тарихында ертегілердің тәрбиелік мәні зор.
Қазақ ертегілері сан алуан. К.Д. Ушинский: «… шығармада келтірілген адамгершілік іс-әрекеті, адамгершілік сезімді, адамгершілік ойды сүюге баланы итермелейтін әдеби шығарма өнегелі шығарма», - деп жазған.
Сонымен адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ертегілеріндегі кейіпкерлер бейнесі көбіне қарапайым адамдар болып келеді. Ертегі – ауыз әдебиетінің ықылым заманнан келе жатқан көне де мол мұрасы. Оның ертегі деп аталуының өзінен де, сол сияқты ертегілердің «Бұрынғы өткен заманда», «Баяғы өткен заманда», «Ерте, ерте, ертеде, ешкі құйрығы келтеде» деп басталуынан да оның атам заман туындысы екенін аңғару қиын емес.
Қазақ ертегілерін академик М.Әуезов үш жанрға бөледі; қиял-ғажайып ертегілері, хайуанаттар жайлы ертегілер, шыншыл ертегілер.
Солардың ішіндегі ең көнесі, әрі ертегілердің мол саласы – қиял-ғажайып ертегілері. Бұл ертегілерде табиғаттың немен тұңғиық сырларын әлі танымаған адам ойының сәбилік шақтары, соны білсем деген халық арманы, әлемді шарласам, жеті қат жер асты құпиясына үңілсем, тіршілік өмірін жеңілдетсем деп армандаған халық қиялы бейнеленген.
Сол дүниеде жаңалық пен жамандық, әділдік пен жауыздық, адалдық пен қаскөйлік бітіспес арпалыста болады. Ертегілерде тартыс осы қарама-қарсы күштер арасында әділдік пен жауыздық, арасында өрбиді.
Қиял-ғажайып ертегілеріндегі қаскөйде аса үрейлі, жауыздығында шек жоқ жалмауыз кемпір жойқын күш иесі болып бейнеленеді. «Алтын сақа» ертегісіндегі кейіпкерлер жалмауыз кемпір бойында қандай ерен қуат бар, күнәсіз балаға деген қаскөйлігі қандай.Сақасын іліп ала қашқан балаға жете алмасын білген соң, ол бір тісін жұлып түсіреді тағы бір тісін жұлып лақтырғанда, тайдың тағы бір аяғы жұлынып түседі. Қиял-ғажайып ертегілердегі мекен жайлар да сиқырлы, жұмбақ әлемі. Адам тек түсінде ғана көрерлік қиял сарайлары. Олар таңғажайып жиһазға толы. Қиял-ғажайып ертегілеріндегі кейіпкерлердің ішіндегі адамға жағымсыз, сұм кейіпкерлер – мыстан кемпір, жезтырнақ, айдаһар, жалғыз көзді дию сияқты талай басқа да сиқырлы күштер бар.
Ертегінің тағы бір саласы – тұрмыс-салт ертегілері және хайуанаттар туралы ертегілер. Бұл ертегілерде көбінесе елдің тұрмыс-тіршіліктері суреттеледі. «Түлкі мен ешкі» ертегісінде айлакер түлкі ешкіні құрығына оп-оңай түсіре қояды. Апанға абайсызда түсіп, шыға алмай шарасызданған түлкі су іздеп шөліркеп жүрген ешкіні сол апанға алдап түсіреді. Қу түлкі «ешкі мүйізіне шығып» зытады, аңқау ешкіні алдап ұрады. Осы арқылы халық керемет ойын кемеңгерлік түйін жасаған: «Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар»,- деп аңқау жандарды сақтандырған. Ертегілерде түлкі – қу, айлакер. Оқушылар ертегілердегі әрбір кейіпкерлердің жаман әдетінен аулақ болуға, жақсы кейіпкерлерге қарап қайырымды, мейірімді болуға талпынады.
Сонымен қазақ ертегілерінің ең мол тараған түрі – шыншыл ертегілер. Халық өзінің дүниетанудағы, қоғам тіршілігіндегі, үй тұрмысындағы іс-әрекетін, күрес-тартысын, талап-тілегін осы шыншыл ертегіге жиып түйген. Бұл ертегідегі кейіпкерлер күнделікті өмірдегі еңбек адамдары. Шыншыл ертегілерде жауыздық иелері де көбіне нақтылы адамдар: хан, бай, молда. Шыншыл ертегілерде таптық сипат айқын. «Айлалы тазша» әңгімесінде тазша бала айла-амалмен, тапқырлық, ақылдылығымен ханнан да, оның баласынан да кек алады. Тазша жайындағы ертегілерде жауыздық иелері күлкі-ақуа етіледі, олардың зұлымдықтары әшкереленіп отырады. Тапқыр да алғыр, ақылды да айлакер тазша халықтың сүйікті қаһарманы. Халықтың сүйікті қаһарманы арқылы жауыздыққа қарсы тұрады.

2. Мысал – аллегориялық жанр. Айтылатын ой ашық берілмейді. астармен, меңзеумен беріледі. Көбіне өлең түрінде келетін, сюжетті, шағын көлемді көркем шығарма.Жануарлар әлемі, құс, өсімдік, тағы басқа мысалдар бас кейіпкер ретінде алынады. Өткір сын да, ащы сатира да, байсалды юмор, келемек, мысқыл да осы мысал жанрында.Кейіпкерлерді сөйлестіру – диалог тәсілі жиі қолданылады. Баяндауы ширақ, жинақы, тілі қарапайым келеді. Жанры жағынан ғибратты, уағыздық сарындағы дидактикалық әдебиетке жатады, кейде мысқыл-сықақ үлгісіне ауысады.
Аллегорлау, аллегория (көне грекше: allёgorіa – пернелеп айту), пернелеу – оқырманның не көрерменнің санасына, қиялына ерекше әсер ететіндей, образ жасаудың бейнелеуші құралы, көркемдік тәсіл. Аллегорлау көркемдік тәсілдердің ең көнесі, бастауын мифтен алып, фольклорда ерекше дамыған. Түлкі – қулық, арыстан – зорлық, қасқыр – қастық, қоян – сужүректік, есек – ақымақтық, аққу – адалдық, махаббат т.б. түрінде бейнеленетін персонаждарда адамдарға тән мінез пернелеп айтылса да, бірден санаға, қиялға әсер етіп, көз алдыңа елестейді. Әлемдік сөз өнерінде ғасырлар бойы қалыптасқан типология ортақ бейнелер Аллегорлау арқылы беріледі.
Аллегория қазақ әдебиетінде ескі заманнан келе жатқан поэтик тілдің бір түрі екендігін қазақтың «төрт түлік мал және әр түрлі жануарлар туралы» айтылатын ескі ойсананың сәбилік дәрежесінде туған әртүрлі ертегі, әңгімелерде айқындайды. «Арыстан, қасқыр және түлкі», «Түлкі мен қасқыр», «Аю мен түлкі», «Түлкі мен бөдене», «Аю мен қойшы», тағы басқа ертегілерді алсақ, тілдері бір өңкей аллегория болып келеді. Аллегория әуелде адамдардың арасындағы қарым-қатынастарды астарлап айтудан туған ғана емес. Айуандардың арасында да, адамдардың арасындағыдай қарым-қатынастар бардеп өздері шын сенген ой- сананың сәбилік кезімен байланысты туған. Бірақ, кейін ол түсінік ескірген кезде астарлы ұғымы бар поэтик тілдің бір түрі болып, әдебиеттен берік орын алғанға ұқсайды.
Әдеби шығармалардың басқа түрлерінен мысалдың мынадай өзгешеліктері бар:
а) аллегориямен айтылатыны.
ә) мысалда белгілі бір үгіт, тәлім-тәрбиелік мән болатыны.
б) оның оқылу ерекшелігі.
Әдебиеттік оқу бағдарламасында мысалдар көбінесе оқытудың бастауыш буынында беріледі. Ең алдымен, мысал жанры, оның өзіндік ерекшелігі туралы әдеби-теориялық ұғымнан мағлұмат, түсінік берген жөн. Яғни мысалда ойдың ашық, айқын берілмейтіні, жорамал, меңзеу астарлы түрде берілетіні,, кекесін, мысқыл, әжуа, юмор, ащы сатира оның негізгі көркемдік тәсілі екендігін оқушыларға әңгімелеу, баяндау тәсілімен жеткізгендұрыс. Мысалдарды оқу, талдау барысында бұл түсініктерге қайта оралып, осы ұғымдарды оқушылардың өзіне аңдатып, түйіндетіп отыру керек. Алдымен, әдебитеориялық ұғым беру, оқушыларды оқығалы отырған көркем шығарма ерекшелігін аңдауларына, ары қарай оны талдау белсенділіктерін арттыруға жетелейді. Оқығалы отырған мысалды алдын ала үйде оқып келу тапсырылса, оның тиімділігі тіпті зор болмақ (мұғалім мысал жанры туралы кіріспе түсінікті сол тапсырманы беру алдында айтуы керек).
Бастауыш сынып оқушылары мысалды оқытуда суреттелген оқиғаның тартымдылығына қызығады. Сондықтан мысалды оқып шығысымен, автордың ондағы суреттеп отырған жан-жануарлары кімдердің бейнесі, оны кім деп түсінесіңдер? дегендей сұрақ қою қателік болар еді. Өйткені жұмысты мұндай әдіспен жүргізу – оқушылардың мысалды оқығанда алған әсерін жояды. Сондықтан балалардың одан алған әсерлері әлсіремей, қайта күшейе түсетіндей, мысалдағы кейіпкердің іс-әрекетін тереңірек ұғына түсуіне жағдай жасайтын әдіс-тәсілдер қарастырылады. Ол үшін алдымен мысалдағы суреттелген оқиғаны, қатысушы кейіпкерлерді шындық, өмірде болатындай етіп түсіндіру керек. Ал мысалда суреттелгендер балаларға шындық, болмыс жөнінде қате түсінік береді, өйткені «қарға, түлкі сөйлемейді ғой» деген сияқтылардан қауіптенудің қажеті жоқ. Олардың сөйлемейтінін балалардың өздері де жақсы біледі, сонда да оны шындық сияқты қабылдайды. Мысалы, балалар тіпті 4-сыныптың өзінде де қылыштасу, атысу ойындарын шындық сияқты ойнайды. Олар таяқтың қылыш, найза еместігін, әрине, жақсы біледі, бірақ өздерінше шын найза, қылыш деп елестетеді. Немесе қыз балалардың кейбіреулері әлі де қуыршақтармен ойнайды, оның сөйлемейтінін біле тұра, шын кісі деп елестетіп, онымен сөйлесіп отырады. Сол сияқты мысалдағы оқиғаны да бастауыш сынып оқушылары шын көріп қабылдайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет