Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
СОӨЖ
Тақырыбы: Әдеби-теориялық ұғымдарды меңгертудің жолдары. Әдеби-теориялық түсініктерге кесте түзу, глоссарий дайындау 5-11сыныптар
Орындаған: Тұрарбек Сымбат Қанатқызы
ДОТ 2 курс 6B01701-Қазақ тілі мен әдебиеті
Мектептегі әдебиет теориясынан берілетін білім көркем шығарма табиғатын танудың құралы, кілті болып есептеледі. Одан білім беру жеке қарастырылмайды, ол көркем шығармамен тығыз байланыста, оны оқып-үйрену кезінде қалыптасады. Оқу бағдарламасында оқушылардың жас ерекшеліктеріне, сыныптарына, онда оқылатын көркем шығармалардың сипатына қарай, берілетін білім мөлшері белгіленген.
Оқу бағдарламасы, сол бойынша жасалған оқулықтарды парақтай отырып, әрі осы сыныптардағы оқушылардың жас ерекшеліктеріне, оқылатын көркем туындылардың құрамына қарай отырып, әр сынып бойынша төмендегі жүйеде әдеби-теориялық ұғым беруге болады деп есептейміз:
5-сынып.
Халық ауыз әдебиеті туралы қысқаша түсінік. Әдебиет туралы кіріспе әңгіме.
Ауыз әдебиетінің негізгі жанрлары: мақал, мәтел, жұмбақтар, батырлар жыры, қиял-ғажайып ертегілер, әдеби ертегілер туралы алғашқы ұғым.
Мысал жанры. Әдебиеттегі дәстүр туралы, аударма туралы алғашқы түсінік.
Өлең, оның өзіндік ерекшелігі, құрылысы жайында кіріспе әңгіме.
Әңгіме жанры. Сюжет, эпизод туралы сөз.
Әдеби кейіпкерлер, олардың портреті туралы.
Лирика, табиғат лирикасы туралы алғашқы ұғым.
Гипербола, эпитет, теңеу, кейіптеу туралы түсінік.
Көркем шығарманың тақырыбы туралы алғашқы әңгіме.
Монолог, повесть, баллада туралы алғашқы ұғым.
6-сынып
Шыншыл ертегілер, аңыз, әңгімелер, жаңылтпаштар туралы түсінік.
Өлең құрылысы, ұйқас түрлерінен хабар беру.
Суреттеу, баяндау, әңгімелеу, композиция туралы түсініктерін кеңейту.
Өмірбаяндық әңгіме жанры туралы алғашқы ұғым.
Сюжетті өлеңдер туралы түсінік. Лирика туралы алғашқы ұғым.
Теңеу, эпитет, метафора туралы төменгі сыныпта алған білімдерін толықтыру.
Достарыңызбен бөлісу: |