И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі
БИООТЫН – ЖАҢҒЫРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗІ
Орындаушы: Нұржан Мадияр Ерланұлы
Қызылорда қаласы, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда
аграрлық техникалық жоғары колледжінің
3 курс студенті
Жетекші: Мырзабаева Динара Серікқызы
техника ғылымдарының магистрі, арнайы пән оқытушысы
Қызылорда, 2021ж
Мазмұны
Кіріспе
Отын және оның түрлері
Қазақстан Республикасында биоотын
дамыту
жөніндегі шаралар
Қазақстанның биоотын өнеркәсібі үшін шикізат
ресурстарының отандық базасын кеңейту.
Биоотын өндіру мен сатудың жалпы әлемдік жүйеге ықпалдастығы
Биоотын заңдары туралы
Биоотын өндiрiсi және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы
Биоотын өндiрiсi және айналымын мемлекеттiк реттеу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Энергетика өндірусіз басқа өндіріс салалары жұмыс атқара алмайтыны анық. Сондықтан энергетика дамуына елімізде көп көңіл бөлінеді. Қазіргі кезде Қазақстан өндірісінің дамуының негізгі бағыттары энергетика саласы өркендеуі міндетті деген талап қояды.
Энергия көздерін мұнайдан шығатын өнімдер арқылы айырып отырған мемлекеттер үшін балама энергияны байытудың қажеттілігі туындады. Ата бабаларымыздың тасты тасқа ұрып от шығарып, алғашқы энергия көзін байқаған кезін болжау қиынырақ. Содан бері неше миллион жыл өтсе де тұрмыстық қажеттілікті қамтамасыз ететін жасырын күшті біз табиғаттан алып келеміз. Яғни, судан алынған бумен паровоздар жүргізілді, жанармаймен ұшақтар ұшырылды, асфальт жолдарда жеңіл көліктер жүйткіді. Алып кемелер мұхиттарда ойқастады, Айшылық алыс жерді жақындаттық. Қысқасы, балама энергия көздері арқылы бәрін жасау мүмкін екенін дәлелдедік. Өкінішке орай, қазіргі таңда адамзаттың тіршілігі тығырыққа тірелді. Табиғат бай екені анық. Бірақ, кейінгі бірнеше ғасырдағы өндірістің, өнеркәсіптің өркендеуі жер қойнауындағы байлықты сарқып бітті. Сонымен ілесе энергия көздеріне деген сұраныс туындады. Әлем экономикасында тартысты кезең басталды. Қадірі мен қасиетін, қаржысы мен қарымын қара алтынның қамымен қамдап келген бірқатар елдер мұнай бағасының төмендеуі салдарынан есеңгіреп қалды. Осы тұста ғана биоотын өндірісін дамытып, жаңа жолға ауысудың маңыздылығын ортаға қойған ұсыныстың өміршеңдігін түсіндік. Расымен, осындай жағдайдың туындайтынын ерте сезген Германия, АҚШ тәрізді мемлекеттер өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан бастап биоотын өндірісін оңтайлы жолға қойып алды. Бүгінде биоотынды өндіру тәсілі барынша кеңейіп келеді. Себебі, уақыт өткен сайын өсіп, дамып келе жатқан қоғам жанар-жағармайдан гөрі адамға да, табиғатқа да пайдалы отын түрін қолданғанды дұрыс көреді. Өкінішке орай, астық өндіруде әлемдегі көшбасшы елдің қатарында, мал шаруашылығындағы тәжірибесі тарихтар бойы ұласқан біз бағасыз байлықтан бағалы байлық өндірудің жолын меңгере алмай келеміз. Десе де, көз алдымызда туындаған қиындықтарды шешу үшін болашақта еліміз биоотын өндірісі және оның айналымын тереңдетуді қолға алмақ. Яғни, бұл - қазақ елі өнімді тек мұнайдан ғана өндіріп қоймайды, дәнді дақылдардың, астық өнімдерінің қалдығын да кәдеге жаратып, одан биоотын өндіреді дегенді меңзейді. Қоршаған ортаға зиянсыз отынды өндіруші елдердің саны жыл өткен сайын артып келеді және отынды өндіру көлемі жылдан-жылға өсіп отыр. Әдетте биоотын түрлі өсімдіктерден алынады. Айталық осы отынды ең көп өндіретін Бразилия қант қамысынан алса, АҚШ-та оны жүгеріден өндіреді. Әрине, аталмыш отын түрін өндіруге деген Қазақстанның да ынта-ықыласы Еуропа елдерінен кем емес.
Биоотын – биологиялық қалдықтарды қайта өңдеу арқылы биологиялық шикізаттан алынған отын. Тағы да басқа целлюлозадан және органикалық әртүрлі типті қалдықтардан алынып бағытталған әр түрлі дәрежедегі өңделген жобалар бар, бірақ бұл технологиялар әлі бастапқы кезеңдегі өңдеуде немесе коммерциялылықтануда. Био отындар сұйық түрде (іштен жану қозғалтқыштарына арналған, мысалы, этанол, метанол, биоотын), қатты отын (ағаш, шымтезек, отынды гранулалар, жаңқа, сабан, қауыз) және газ тәрізді отындар (биогаз, сутегі).
Бұл зерттеу жұмысының мақсаты биотын түрлерін классификациялап, олардың қазіргі таңдағы нарықтағы орындарын анықтау және Қазақстан Республикасының биотынға қатысты заңнамасына шолу жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |