Дәріс №6 ДӘРІС ТАҚЫРЫБЫ: 4-6 ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫНДА ҚОЗҒАЛМАЛЫ ОЙЫНДАРДЫ ӨТКІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ ДӘРІС ЖОСПАРЫ:
Жалпы дене жаттығулар ережесін еске түсіріп оларды орындау, ойын түрлерімен таныстыру.
Ойын туралы білімдерін жетілдіру, ойынға деген қызығушылықттарын арттырып, белсенділігімен шапшаңдықтарын дамыту.
Дене гигиенасын сақтау, ойын, қимыл бірлігіе қалыптастырып ұжымдыққа тәрбиелеу.
Спорттық ойындар Секіріп ойнайтын ойындар Өрмелеп ойнайтын ойындар Аз қимылды ойындар Ұлттық ойындар Эстафеталық ойындар Лақтыру, қағып алу ойындары Қимыл қозғалыс ойындары Денсаулық сақтау технологиясы Шынықтыру шаралары Табиғат аясына саяхат Жеке бастың тазалығы Екі мезгілдегі серуен Қимыл-қозғалыс ойындары Дене тәрбиесі сабақтары Ертеңгілік жаттығулар
Бес тас ойыны
«Бес тас» — өте көне дәуірден келе жатқан, қазақ халқының ұлт ойындарының бірі. Ол еңбек құралдары ағаш, тас, сүйек болып келетін ғасырларда пайда болған. Жас өспірімдерден бастап ересек адамдарға дейін ойнайтын ойын. Ойынға керекті зат бес асық немесе кішірек бес домалаң тас.
Ойынды кімнің бірінші болып бастайтынын шешу үшін ойынға қатынасушылар кезектесіп бес тасты алақандарына салады да, жоғары серпіп жіберіп, алақандарының сыртымен тосып алады да, қайта серпіп жіберіп, ендігі кезекте қолды серпе қақшып алады. Ең көп қағып алған ойыншы бірінші кезек алады да, қалғандары да сол ретпен кезекке тұрады. Бұл ойынның бірнеше тәсілі бар. Ойынға қатынасушылар дөңгелене отырады.
Бірінші тәсіл: Ойыншы бес тасты еденге шашырата тастайды да, ішінен бір тасты таңдап алады. Алған тасын жоғары серпіп жіберіп, жерден бір тасты іліп алып, лақтырған тасын қайта қағып үлгерді. Жерден алған тасын жанына қойып, сол тәсілмен, екінші, сонан соң үшінші, төртінші тастарды бір-бірлеп іліп алып отырады.