Өсімдіктер систематикасы Оқу құралы



жүктеу 3.47 Mb.
Pdf просмотр
бет5/12
Дата15.03.2017
өлшемі3.47 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

32

Кейбір  турлерінде  спорадан  басқа  споралардың  таралуына  септігін 
тигізетін  элатерлары  (серіппелері)  болады.  Дамыған  споралары  қауашактан 
шашылып  жерге  түседі  де,  одан  протонема  дамиды  (грек  тілінен  аударғанда, 
протос  -   бірінші,  нема  -   жіпше,  алғашқы  жіпше  деген  мағынаны  білдіреді). 
Протонемадан  жаңа өсімдік  өсіп  шығады,  ал  одан  белгілі бір уақытта архегония 
мен антеридиялар дамиды.
М уктер  ылғалдылығы  жеткілікті  немесе шамадан  тыс  ылғалды  аймактарда 
барлық  континенттерде  кездеседі.  Мүктер 
орман  зонасында 
жиі,  ал 
тропикалық  белдеуде  сирек  таралған.  Тундра  мен  орман  аймағы  мүктер 
патшалығы  деп  аталады.  М үктер  тұщ ы  су  коймаларында  д а  тіркелген.  Теңіз 
суында  кездеспейді.
Ерекше  бір  жағдайларда  болмаса,  жануарлар  мүктермен  қоректенбейді. 
Сфагнум  мүктері  -   шымтезек,  жанар-жағар  май  көзі;  тығыздалған 
такталар 
түрінде  кұрылыста  колданылуы  мүмкін;  мүктер -  жинактаушы  материал;  малға 
төсем;  тыңайытқыш  ретінде  қолданылады;  сфагнум  мүгінен  спирт,  қышкыл, 
сахарин  алады.
Систематикалық 
тұрғыдан 
мүктэрізділер 

класка 
бөлінеді: 
Антоцероттылар  класы  -  Antoceropsida,  Бауыр  мүктер  класы  -  Hepatiopsida, 
Ж апырақ сабакты  мүктер  класы-  Musci 
Осылардың  ішінен  соңғы  екі  класты  карастырамыз.
Бауы р  мүктер класы  -  H epatiopsida
Hepaticae  (hepar  -   бауыр)  атауы,  сырткы  пішіні  бауырға  уксас 
болғандықтан  бауыр  мүктері  деп  аталған.  Бауыр  мүктердің  8500  -д е н   астам 
түрі  белгілі,  талломды  жэне  жапырак  сабакты  формалары  д а  бар,  бірак 
бұлардың 
екеуіне 
де 
дорзо-вентральды 
кұрылым 
тэн. 
Спораларында 
элатерларының  серіппелері  болады.  Протонемасы  нашар  дамыған.  Қауашақтар 
тісшелер  арқылы ашылады.
Бауыр  мүктер  класы  екі  қатарға  бөлінген:.  М арш анциялар  -  M archantiales, 
Ю нгерманиялар -  Jungermaniales.
М арш анциялар  катары -  M archantiales
М арш анциялар  муктерінін 6000 түрі,  300 туысы белгілі.  Бүл  катардың ең 
кең  таралган  және  танымал  түрі  кэдімгі  маршанция  -  M archantia  polimorpha. 
Ол  солтүстік  жарты  ш ардың  орман  зонасында  кең  таралган  (космополит). 
Денесі  ж іпш елі  талломнан  тұрады  (калындыгы  1-2  см-ге,  кейде  5-20  см-дей), 
дихотомиялы 
бұтактанған, 
таллом 
шетіндегі 
оймакш ада 
өсу 
нүктесі 
орналасқан, 
күрылымы 
дорзо-вентральды, 
талломның 
жогаргы 
бетінде 
шығарушы  бүрш іктерінде  сағакты  аяғы  бар  диска  пішінді  антеридий  жэне 
көпсәулелі  жұлдыз  пішінді  архегониясы  бар.  Ал  төменгі  бөлігінде  бірклеткалы 
ризоидтары  (қарапайым  ж эне  тілш ік)  жэне  амфигастриялары  болады.  Екіүйлі 
өсімдік.  Архегония  мен  антеридия  дамығаннан  кейін  су  аркылы  ұрықтану 
жүреді,  архегония  қауаш аққа  немесе  қорапш аға 
айналады,  споралары
33

диплоидты.  элатера аркылы  тарайды.  Спорадан  алғашкы жіп  немесе  протонема, 
ал одан ж ана маршанция дамиды.  Практикалык манызы жок.
Ю игерманиялар катары - Jungerm aniales
Неміс  биологы  Ю нгерманнын  кұрметіне  юнгерманиялар  деп  аталған.  8 
мыннан  астам  (казір  5  мың)  түрі  ж эне  195  туысы  белгілі.  Талломды  жэне 
жапыраксабакты  формалары  да  болады.  Қоныржай  жэне  салкын  ендіктерде 
тарапған,  бірақ  негізінен  тропикада  кен  тараган  эпифиттер,  эпифиллдер.  Ішкі 
кұрылымы өте  карапайым, дорзо-вентральды. 
П рактикалык маңызы жок.
Мүктер класы -  Musci
Бұлар  кәдімгі  радиальды  күрылымды  жапырак  сабақты  мүктер.  Ш амамен 
15700  түрі,  700  туысы  белгілі.  Екі  ж арты  ш ардың 
орманды  аймактарында 
таралған.  Дене  мөлшерлері  1  мм-ден  (эфемеропсис)  20-30см-ге  дейін.  Ж аңа 
Зеландияда  кездесетін  доусониянын  көлемі  60  см-ге жетеді.  М үктердін  ішіндегі 
ен биігі  -  кекек зығыры, биіктігі  30-40 см.  Тропикалық аймақта сирек  кездеседі. 
Элатер  түзбейді,  бірак  ерекше  аппарат  -   перистомы  бар.  Протонемасы  жаксы 
дамыған.
Систематика  түрғысынан  2  класс  тармағына  бөлінеді:  Сфагнум  мүктері  -  
Sphagnales, Ж асыл  мүктер  - Bryales
Сфагнум мүктер  класс тармагы   - Sphagnales
Сфагнум  мүктерінің 
300-350  түрі  белгілі,  ал  оның  ТМ Д -елдерінде  42 
түрі  кездеседі.  Н егізінен  солтүстік  жарты  ш ардын  салкын  аймактарында 
таралған,  онтүстік жарты  шарда сирек кездеседі.  Сфагнумдар  ақш ыл  түсті  мүк 
(ак  мүктер),  түсі  жапырағының ішкі  күрылымынын ерекшелігіне  байланысты. 
Хлорофилл  барлык клеткаларда емес,  тек  хлорофилл  тасушы  клеткаларда  ғана 
болады, сондықтан  «ак  мүктер»  деп  аталады.  Сфагнум  суды  өзінін  салмагынан 
37  есе  көп  жинайды.  Сабактары  нэзік,  шымтезек  түзеді.  Бүтактарынын  3  түрі 
бар:  төбе,  косалкы,  жанама.  Ж апырақтары  үсақ,  бірқабатты.  Ризоидтар  тек  жас 
фомаларында болады,  одан  кейін  мүк  төбе  нүктесімен  еседі,  ал төменгі  кабаты 
өліп, 
шымтезек  күйінде  жинала  береді  (1000  ж ы лда  1  м етр  шымтезек 
жиналады).  Сондыктан  бұл мүктерді  «шымтезек мүгі» депте  атайды  (планетада 
корға жиналған  шымтезек көлемі  160 млрд. тоннаны  кұрайды).
Сфагнум  мүктерінен  балауыз,  парафин,  кышкыл  алады.  Ол  бактерицидті, 
гигроскопиялы, стерилді  жэне сфагнол (бактерияға карсы заттар) бөледі.
Ж асыл мүктер класс тармагы  -  Bryales
Ж асыл  мүктердің  14  мьщнан  астам  түрі  белгілі.  Ж ер  бетінін  барлык 
аймағында  таралған.  Ә сіресе,  тундра  зонасында 
олар  жер  бетін  түтелдей 
жауып  жатады.  Сонымен  катар  арнайы  маманданган  топ 
болып  табылады.
34

Спорофитінің  құрылысы  күрделенген  (кауашақтың  аяғы  жаксы  дамыған, 
колонкасы  толык,  ерекше  аппараты  -   перистома  бар,  ол  споралардың 
таралуына 
септігін 
тигізеді), 
протонемасы 
д а 
күрделенген, 
жіпшелі, 
бұтактанған.  Ішкі  кұрылымы  д а  күрделі  (карапайым  өткізгіш  шок-буда  пайда 
болған  (алғашқы  буда,  стель),  жапырактын  ортаңғы  бөлігі  көп  қабатты. 
Негізгі  өкілі  көкек  зығыры  (Polytrichum  commune),  оның 
100  -д е н   астам  түрі 
белгілі,  ал  ТМ Д  елдерінде  13  түрі  кездеседі.  М үктің  сырткы  пішіні  зығырға,  ал 
оньщ  төбесінде  орналасқан  кауашағы  отырған  көкекке  ұксайды.  Сабактын 
жоғарғы  бөлігіндегі  жапырақтары  жасыл,  ал  төменгі  бөлігіндегілері  -   буырыл 
реңді.  Топырақтағы  тамырсабағы  төселіп  жатады, ал  одан  ризоидтар  таралады. 
Дене  мөлшерлері  10,  20-40  см.  Бүл  ТМД  флорасындағы  ең  биік  мүк.  Ол  екі 
үйлі  өсімдік.  Бір  дараларының  төбе  ұш ында  антеридия  дамыса,  екіншілерінде 
архегония  дамиды. 
Олар  дамығаннан  сон,  тамшылы-сулы  орта  болған 
жағдайда  ұрықтану  процесі  жүреді.  Қауашағының  үсті  түкті  калпакшамен 
жабылған,  кауашақтың  ұзын  аяғы  бар,  калпағы  жэне  споралардын  шашылуын 
реттеп  отыратын  перистом  -   тісшелері  болады.  Ылғалды  күндері  тісшелері 
жабылып  қалады  да  қауаш ақ  ашылмайды.  Қауашақтың  ішінде  кақпакқа  дейін 
жететін  толы қ  колонка  бар,  оның  айналасында  ерекше  ілмешектерге  ілінген 
каптэрізді 
спорангийлер 
орналасады. 
Редукциялы 
бөліну 
нэтижесінде 
гаплоидты  споралар  түзіледі.  Қауаш ақ  пісіп  жетілгеннен  кейін  қалпағы  түсіп 
қалады  да,  какпағы  аш ылады,  перистом  тісшелері  ажырап, эпифрагма жарылып 
споралар  шашылады.  Қолайлы  жагдайға  тап  болғаннан  кейін  олардан  жіпшелі 
бұтактанған, 
торлы  протонема  дамып  жетіледі.  П ротонемада  бүршік  түзіліп, 
одан  жас  мүк  өсіп  шығады.
Ж асыл  мүктердін  практикалық  маңызы:  көпшілігі  шымтезектүзушілер 
болып  табылады,  бірак шымтезек  отын  емес,  тыңайгкыш  ретінде  колданылады; 
жинактаушы 
материал; 
малға 
төсеніш 
ретінде 
пайдалы; 
тіршіліксіз 
кеңістіктерде  алғашкы  тіршілік  пионерлері.  Сонымен  катар  жер  бетін  түгел 
жауып 
топы рак  аэрациясын  нашарлатады,  бұл  топырактын  кыш қылдануына 
экеледі, ал  ол  өсімдік  бірлестігіне  зиянды  эсер етеді.
Бакылау сурақгары:
1.  Ж оғары  сатыдағы өсімдіктерге тэн  белгілер.
2.  Ж оғары 
сатыдағы 
өсімдіктердің 
төменгі 
сатыдағы 
өсімдіктерден 
айырмашылығы.
3.  Мүк тэрізділердің жалпы сипаттамасы.
4. 
М үк  тэрізділердің 
экологиясы,  классификациясы.  Олардың  баска 
өсімдіктерден  ерекшелігі.
5.  Бауыр мүктердің қүрылыс ерекшелігі.
6.  Сфагнум мүгінің  морфологиясы.
7.  Ж асыл мүктің морфологиялық  ерекшелігі.
8
.
  Бауыр 
мүк, 
сфагнум 
жэне 
жасыл 
мүктердің 
ұқсастыктары 
мен 
ай ырмаш ылыктары.
9.  М үктәрізділердің тірш ілік циклі:  гаметофит ж эне спорофит.
10.М үктәрізділердің табиғаттағы және халы қ ш аруашылыгындағы  маңызы.
35

ПСИЛОТ  Т Ә Р В Д ІЛ Е Р   бөлімі - PSILOPHYTA
П силот  тәрізділер  өліп  біткен  өсімдіктер,  казба  түрінде  белгілі.  ең 
карапайым 
алғашкы 
кұрлык  өсімдіктері. 
Д эрігер 
Макки 
1912 
жылы 
псилофиттерді  Ш отландияда, Райни ауылы  манында тапкан  болатын.
Ол 
таска 
айналған 
өсімдіктер 
тобына 
сипаттама 
беріп. 
маман 
болмағандыктан  геоботаниктер  Кидстон  жэне  Лангка  беріп  жіберді.  О лар  бұл 
өсімдіктерді  сипаттап  (1917-1921  жж.),  оларға ат берді.  Бұл  риния,  хорнофитон, 
астероксилон  болатын.  1859  жылы  Канадада  псилофитон  (жаланаш,  тегіс, 
түксіз) ашылды
Псилот  тәрізділер 
аласа,  биіктігі  20-25  см-ге  дейін,  диаметрі  2-3  см, 
шөптесін  өсімдіктер  болатын,  сабағы  дихотомиялы  бұтактанган.  спорангиясы 
сабак  ұш ында  дамыған,  гаметофиті  белгісіз,  бұтакталған  мүшесі  ризомоид 
(горизонт),  одан  жоғарыға  карай  сабак  көтеріледі,  ал  төменгі  бөлігінде 
ризоидтары 
болады. 
Ж апырактары 
болған 
жок, 
тек 
астероксиленнын 
сабагындағы  өсінділер  эволюция  процесінін  нәтижесінде  жапыракка  айналған. 
Олар  ылғалды,  батпакты  теніз  жағалауларында  кездескен.  Гаметофиті  белгісіз 
(гаметофиті  жер  астында  дамып,  саңырауқұлактар  жіпшелерімен  селбескен 
деген  болжам  бар).  1937  ж.  Ұлыбританияда Ланг  жаңа силур дэуірінің соңында, 
шамамен  415 млн. жыл  бұрын өмір  сүрген  казба өсімдігі  куксонияны  ашты.
ПЛАУН ТӘРІЗДІЛЕР бвлімі  - L ҮC O PO D IO PH Ү Т А
Плаун  тәрізділердің  барлык  дене  мүшелері  болады  (косалкы  тамыр). 
Оларға  тең  жэне  эртүрлі  споралы  формалар  тэн.  Ұсак  жапыракты  -  
микрофильді тізбек  бойынша дамиды. Даму циклінде спорофит  басым.
Систематикалык 
тұрғыдан  плаунтәрізділер  келесі  катарларға  бөлінеді: 
Плаунтэрізділер 
-  
Lycopodiales, 
Селегинеллалар 

Selaginellales, 
Лепидодендрондар -  Lepidodendrales жэне Изотталар  катары  -  Jsoetales.
Плаун тәрізділер катары  -  Lycopodiales
Плаун  тәрізділер жер  шарының барлык ылгалды,  көлеңкелі  аймактарында 
кең  таралған  көпжылдык  шөптесін  өсімдіктер.  Олардын 
2  туысы  белгілі. 
Плаун  туысыны ң  (Lycopodium )  500  түрі,  ал  филлоглесум  (Phylloglossum ) 
туысының  бір  ғана  түрі  белгілі  (филлоглесум  тек  кана  А встралия,  Ж ана 
Зеландия,  Тасманияда  кездеседі).  Плаундардын  арасы нда  ең  кен  таралған  турі
-  түйреуіш тэрізді  плаун  (Lycopodium  clavatum).
Түйреуіш  тэрізді  плаун 
көпжылдық,  мәнгі  жасыл,  шөптесін  өсімдіктер, 
жатаған,  өрмелегіиі,  дихотомиялы  бұтактанған  сабағы 
(ұзындығы  3  метрге 
дейін)  жэне  одан  тараған  қосалқы  тамырлары  болады.  Сабағы  таспа  тэрізді 
жапырактармен  тығыз жабылған.
Ж аз  мезгілінің  ортасында  жоғарғы  вертикальды  бұтактарында  споралы 
масактары  (көбінесе  екеуден)  пайда  болады,  сыртқы  пішіні  ағылшын 
түйреуішіне  ұқсас  (осыдан  атауы  ш ыккан).  Споралы  масағының  кұрылысы:
36

ортасында  өсі  бар,  оған  спорофильдері  бекінген(пішіні  жүмыртка  тэрізді 
үшбұрышты,  ұшы 
үшкір).  Спорофильдің  жоғарғы  бөлігінің  негізінде 
бүйрекпішінді 
спорангиялары 
дамиды. 
Оларда 
редукциялык 
бөліну 
нәтижесінде  тең  споралылар 
пайда  болады. 
П ісіп-жетілген 
споралары 
шашылып,  су  ағынымен  топыраққа еніп,  одан  өскіншелер  өсіп  шығады.  Түссіз, 
косжынысты,  жерасты  микроскопиялык  (2-3  мм)  өскіншелері  саңыраукүлак 
жіпшелерімен  селбеседі  (саңыраукүлак  жіпшелерінсіз  тірш ілік  ете  алмайда). 
Ө скіншеде  архегония  мен  антеридия  түзіледі,  сулы-тамшылы 
орта  болған 
жағдайда  ұрыктанып,  диплоидты  зиготадан  ұры қ  пайда  болады,  ал  одан  жаңа 
спорофит — плаун  өсіп  шыгады.  Спора  10-12  жыл  дамып,  өскінге  айналады,  ал 
үрықтың  дамуы  12-20  ж ы лға  созылады.  Өзге  плаундардың  өскіндері  жер 
бетінде дамиды.
Плаунның  спораларын  жинап  фармакологияда  пилюлаларды  тасымалдау 
үшін  сы ртына  себеді.  Балалар  ұнтағы  ретінде  де  пайдаланады.  М еталлургияда 
фасон  құюда,  формалардың  кабарғасына спораларды  себеді.  Көрмелерді  сэндеп 
безендіруде  колдаиылады.  Сонымен  катар,  спораларды  фейерверк,  бенгаль 
отын  жасауда  пайдаланады(  споралар  кұрамында  50%-ға  дейін  тез  жанғыш, 
түтінсіз  жэне  иіссіз майлар болады).
С елагенеллалар  катары  -  Selaginellales
Селагенелалардың  негізгі  ерекшелігі  эртүрлі  споралылығы.  Бір  туыс 
селагенелла  (Selaginella)  700  түрі  белгілі.  Тропикалык  аудандарда  кездесетін 
лианалардың  үзындығы  18  метр.  ТМ Д  елдерінін  орман  зонасында  8  түрі 
таралған.
Дене  мөлшері  1  мм-ден  10  см-ге  дейін  шөптесін  өсімдіктер.  Сабағы 
өрмелегіш,  жабысқак,  жатаған.  Селагинелла 
көпжылдык,  шөптесін  өсімдік, 
сырткы пішіні  плаунға үксас.
Селагенелалардың  ерекшелігі:  ризофорлары  болады.  Ризофор  -   сабактагы 
жерге  бағытталған 
жапырақсыз  өсінділер,  олардан  косалкы  тамырлар  өсіп 
жетіледі.
Спорофилдер  негізінде  өсінді  -тілш елер  болады.  Әртүрліспоралы.  А талық 
гаметофит 2  клеткадан тұрады, аналык гаметафит көп  клеткалы.
Сабактың  жоғарғы  ұш ында  споралы  масақтар  пайда  болады.  Оның 
спорофильді 
өсінде 
споралары 
орналасады. 
Плауннан 
ерекшелігі: 
бір 
спорангияда  -   микроспорангияларда  көптеген  ұсак  микроспоралар,  ал  баска 
спорангияларда -  мегаспорангияларда  тек  4  ірі  мегаспоралар  түзіледі.  Микро- 
жэне  мегаспоралар  масақта  әртүрлі  орналасады.  Көбіне  микроспоралар 
масақтың  жоғарғы  бөлігінде,  мегаспоралар  төменгі  бөлігінде, 
немесе 
микроспоралар  масактың  бір  жағында,  мегаспоралар  екінші  жағында, 
кейде 
олар ретсіз де орналасады.
М икроспоралар  ш ашылады, 
редукиияланып,  одан 
2  клеткалы 
аталык 
өскінше  өседі.  М егаспоралар  кабықшасынан  айырылмай,  көпклеткалы  аналык 
өскіншеге  айналады.  Аналык  өскіншеде  архегониялар  түзіледі.  Сулы  орта
37

болған  ж ағдайда  ұрыктану  процесі  жүріп,  ұрык  пайда  болады.  кейін  одан 
селагинелла дамиды.
Практикалык манызы жок.
Л епидодендралар  қатары  — Lepidodendrales
Лепидодендралар  түгелімен  өліп  біткен  өсімдіктер.  Таскөмір  дэуірінде 
шарыктап дамып,  пермь  дэуірінін  басы  мен  соны нда  еліп  біткен.  Биіктігі 
30- 
40  м,  диаметрі  1м  биік  ағаштар.  Сырткы  пішіні  пальмаға  үксас.  Сабактары 
дихотомиялы бүтактанған.  Негізгі  өкілдері:  лепидодендрон жэне сигилерия.
Л епидодендралардың кейбір өкілдерінде түкы м ға үксас бүрі  болған, бірак 
олардын  тез  жойылып  кетуіне  байланысты 
кэдімгі  тұкы м   түзілмеген. 
Сабағынын  10%  -  өткізгіш  ұлпа,  ал  90%   -  кабық  бөлігі  алып  жаткан. 
Сондыктанда  олар  тез  өліп  біткен.  Теңспоралылар  да,  әртүрліспоралылары  да 
болған.
Изотопсидтер  катары -  Jsoetales
Изотопсидтердің  көпшілігі  өліп  біткен,  ал  кейбір  түрлері  элі  күнге  дейін 
тіршілік  етеді.  Қазіргі  кезде  полушник  изоеттың  (ш ильница)  64  түрі  белгілі. 
Қоңыржай  белдеу  зоналарында  таралған,  А мерикада  кездеседі.  ТМ Д  -  
елдерінде  2  түрі  бар.  Бүл  су  өсімдіктері.  Практикалык  маңызы  жок. 
Лепидодендралардың арғы тегі  болып табылады.
Қ Ы РЫ ҚБУЫ Н  ТӘ РІЗДІЛЕР белімі -  Equsetophyta
Девон  дэуірінен  белгілі,  ежелгі  өсімдіктер,  таскөмір  дэуірінде  өте  жақсы 
өскен,  ал  одан  кейін  олардын  жойылуы  басталды.  1  туысы,  25  түрі  бар.  Ал 
БҚО -да 7  түрі,  1  туысы  кездеседі. Тірш ілік формалар:  шөптесін  өсімдіктер  жэне 
ағаштар  (өліп-біткен).  Теңспоралылар  жэне  эртүрліспоралылар.  М икрофильді 
тізбек  бойынша  дамиды.  Вегетативті  мүшелерінің  бэрі  де  бар.  Ж апырактары 
үсак.  өзгеріске  үшырап  редукцияланған  бүтақтарга  айналған.  Қырыкбуындар  - 
элі  күнге  дейін  тіршілік  етіп  келе  жаткан  өсімдіктер.  Бір  ғана  туысы 
кырыкбуын  (Equsetum ),  25  түрі  белгілі.  Ж ер  шарынын  барлык  бөлігінде 
таралған.  Тек  кана  Австралияда,  Ж аңа  Зеландияда,  Тропикалык  Африкада 
кырықбуындар  кездеспейді.  Биіктігі  бірнеш е  сантиметрден  1  м-ге  дейін  (тек 
Оңтүстік  А мерикада  ұзындығы  10-13  м  кырыкбуын  -   лиана  (гигант)  тіршілік 
етеді) көпжылдык шөптесін өсімдіктер.
Қырықбуынның  сыртқы  пішінінің  негізгі  ерекшелігі  -   сабағынын 
буыннан  жэне  буынаралыктарынан  тұруы  жэне  жапырактарының  шоқтанып 
орналасуы.  Тамырсабағы  жаксы  дамыған,  сабағы  бунақталған,  жапырактары 
редукцияланып  шоқтанып  орналасқан.  ТМ Д  елдерінде  12  түрі  белгілі, 
солардын  ішіндегі  ең  көп  кездесетіні  Equsetum  arvense  (танап  қырыкбуыны). 
Тамырсабағы 
жаксы 
дамыған, 
көпжылдык, 
аласа, 
шөптесін 
өсімдік. 
Тамырсабағынан  төм енге  карай  косалкы  тамырлары  кетеді.  Тамырсабағынын
38

ұш ында  кор  заттары  жинакталған  түйнектері  болады.  Жер  үстінде  сабағы, 
өркені 
көтеріліп  өседі.  Қырыкбуынның  өркендері  екі  түрлі: 
Көктемдік 
(споралы) 
бұтақтанбаған, 
буырыл-алкызыл 
түсті, 
ерекшелігі 
сабағында 
спорангиялары  бар  споралы  масактар  дамиды;  Ж аздық  (ассимиляциялауш ы) 
жасыл,  бутақтанган  бүтактары,  шоктанып  орналасқан  жапырактары  болады. 
Ж апырактарда ассимиляция процесі жүреді  (мүшелердің түзілуіне катысады).
Классификациясы:  Қырыкбуын  тэрізділер  бөлімі:  Гиениялар  -   Hyeniales. 
Сынажапырақтылар 
-  
Sphenophylales, 
Каламиттылар 
-  
Calomitales 
Қырықбуындар -  Equsetales  катарына жіктеледі.
Алгаш кы  3  катар  өліп  біткен. 
Гиениялар  бұл  бөлімнің  ең  ежелгісі, 
псилофиттермен  қатар  өмір  сүрген.  Гиениялар  арқылы 
қырыкбуындар 
псилофиттермен  байланысады (псилофиттен  пайда болған деген  болжам бар).
Сынажапырақтылар  биіктігі  1  м-ге  дейін  шөптесін  өсімдіктер,  сабағы 
бунақталған,  буындарында  сынатэрізді  жапырактары  6-9-дан 
шоктанып 
орналаскан.  Олар  батпактанған  жерлерде  ну  орман  түзеді.  Негізгі  өкілі 
сынажапырақ.
Каламиттылар  -   биіктігі  10-20  м,  жапырактарының  диаметрі  0,5  м,  діңі 
тік,  бунақты  өсімдіктер  болған.  Лепидодендрондар,  сигилериялармен  бірге 
тіршілік еткен.  Негізгі  өкілі -  каломит.
Қы рықбуы н қатары -  Equsetales
Қырыкбуындарға  казіргі  кезде  кең  таралған  дала кырыкбуыны  жатады.  Ол 
көпжылдык  шөптесін  өсімдік.  Даму  циклі  плаунның  дамуымен  бірдей 
(спорофит  -   гаметофит  -   спорофит).  Көктемде  тамырсабағынан  көктемдік 
өркендер  өсіп  шығады.  Оның  ұш ында  споралы  масактар  дамиды.  М асак  өстен 
және  спорофильдерден  тұрады.  Қакпакшасы  бар,  сағакты  аяғы  бар,  5-9 
спорангия  болады,  ал  олардың  ішінде  редукциялы  бөлінген  споралар  жэне 
эпатерлер  түзіледі.  Спорангиялар  жарылады  да,  онын  ішінен  споралар  мен 
эпатерлар  шашылады.  Споралары  әртүрлі.  Қолайлы  ж ағдайда  олар  өсіп 
жетіледі.  Бір  споралар  аналык өскінге  (ірірек,  жалпак,  архегониялары  бар,  өте 
жақсы  жағдайларда),  ал  екіншілері  аталык  өскіндерге  айнапады  (пішіні  де, 
көлемі  де  кішірек,  антеридиялары  бар).  Ұрыктанғаннан  кейін  ж аңа қырыкбуын 
өсіп шығады.
Споралар  түзілгеннен  кейін  көктемдік  өркен  өліп,  курап  түсіп  калады, 
оның  орнына осы тамырсабактан ж азды к өркен өседі.
А ссимиляция 
процесінін 
нәтижесінде 
түзілген 
кор 
заттары 
тамы рсабакка  жиналады.  Күзде  өсімдік  тіршілігін  токтатып,  ты ны ш тық  күйге 
көшеді,  ал  келесі  көктемде  тамы рсабакка  жиналған  қор  заттары  есебінен 
көктемдік өркен өсіп шығады.
М едицинада  зэр  айдаушы 
жэне  кан  токтатушы  ретінде  колданылады. 
А ғаш тарды  тегістеу  үшін  (себебі  сабағы  катты  болады)  пайдаланады. 
Ж ағымсыз  әсері  -  қырыкбуындар арамшөптер  болып табылады.
39

Батыс  Қазакстан  облысында  қырыкбуындардың  келесі  түрлері  кездеседі: 
Equsetum 
arvense, 
E.palustris, 
E.syevestris. 
E.pratense, 
E.helecharis. 
E. 
ramosissimum,  E. hiemall.
ПАПОРТНИК  ТӘРІЗДІЛЕР бөлімі -   Polypodiophyta
Ж оғарғы  сатыдағы  есімдіктердің  ежелгі  тобы,  қазба  калдыктары  карбон, 
силур  дәуірлерінен  бастап  белгілі.  Папоротниктәрізділер  ездерінің  даму 
деңгейінің  шыңын  таскөмір  дэуірінде  өткізді.  О лар  бізге  таскөмір  ретінде 
жеткен,  кезіндегі  алып  ағаштар  (сигиляриялар,  лепидодендрондар,  каломиттар) 
болып табылады. Папоротниктэрізділердің  10 мыннан  астам түрі  белгілі.
Мүктәрізділермен 
салыстырғанда 
папоротниктэрізділердін 
барлык 
мүшелері  бар.  Ішкі  күрылымы  күрделенген.  Сонымен  катар  мүктәрізділерден 
тағы  бір  ерекшелігі  -  даму  циклінде,  папоротниктэрізділерде  спорофит  басым. 
Өсімдіктін  өзі  (папоротник,  кырыкбуын,  плаун)  -   спорофит  (оның  денесінде 
бірінші 
споралы 
спорангия 
түзіледі). 
Редукциялы 
бөліну 
нәтижесінде 
спорангиялардан 
гаплоидты 
споралар 
түзіледі. 
Спорангиядан 
споралар 
шашылып  жерге  түседі  де,  колайлы  жағдай  туган  сәтте  өркендеп  өскін  - 
гаметофитке  айналады.  Гаметофит  пішіні  эртүрлі  (жіпш етәрізді,  таспатәрізді 
жэне  т.б.).  көлемі  де  эралуан  (2-3  мм,  тиын  тэрізді),  өмір  сүру  ұзактыгы  да 
эртүрлі  (бірнеше  аптадан  15-20  жылға дейін),  өмір  сүру  ж ағдайлары  да эртүрлі 
жербетінде  (папоротниктер,  кырыкбуындар),  жерастында  (плаундар)  өседі. 
Өскіндерде  архегония  мен  антеридиялар  пайда  болады.  Бір  өскіннін  бойында 
жыныс  мүшелері  дамып 
(усасыр  папортник),  косжынысты  болуы  мүмкін 
немесе  әртурлі  дараларда  өсіп  (кырыкбуын,  сальвиния)  екіүйлі  болуы  да 
мумкін.  Архегония  мен  антеридия  дамып-ж етілгеннен  кейін  сулы  орта  болған 
жағдайда ұрыктану  процесі  жүріп,  зигота  пайда  болады.  Диплоидты  зиготадан 
жаңа 
өсімдік 
өсіп 
шығады. 
Әртүрліспоралы. 
П апоротниктердін 
бір 
спорангиясында бірдей  споралар  түзіледі  -   теңспоралылар  (плаун,  кырыкбуын, 
усасыр  папоротник),  ал  баскаларында  бір  спорангияда  көптеген  ұсак 
микроспоралар түзіледі де, одан  антеридиялары  бар аталы қ өскін  пайда болады, 
ал  екінші  спорангиядан  4  ірі  мегаспоралар  (макроспоралар)  пайда  болып, 
архегониялы  аналык  өскінге  айналады.  Әртүрлі  споралылардың  пайда  болуы 
жоғары 
сатыдағы 
өсімдіктер 
эволю циясында 
үлкен 
рөл 
атқарды. 
Ж алаңаштұкымдылар  да,  жабыктұкымдылар  да  эртүрлі  споралылар  болып 
табылады.
Қор  заты  мол  ең  ірі 
мегаспоралар  ірі 
анапык  өскіндерді 
мол 
коректендіріп,  үрыктың  жақсы  дамуы на  эсер  етеді.  Әртүрлі  споралыларды 
ашкан  Беляев  (1885  жылы).  Спорангиялар  пайда  болатын  жапырактар  - 
спорофильдер,  ал  карапайым  вегетативті  жапырактар  -  трофоф ильдер  деп 
аталады. 
Ж апырактары  ірі, сирек -  тұтас,  жиі -  кауырсынды  болады.  Барлык 
жогаргы  сатылылардан  айырмаш ылығы  жапырақтары  үш ынан  өседі.  Бүл 
жапырақтардың сабактан  пайда болғандығын көрсетеді. Қандайда болмасын  бір 
псилофиттердін  сабактары  бірігіп  өсіп,  сосын  тарамдалуынан  жапырактары 
пайда болған.


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет