Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Ш. Уәлиханов атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебінің



бет1/3
Дата18.10.2023
өлшемі434,35 Kb.
#118349
  1   2   3
Байланысты:
1575865535-Адалдық адамдықтың басты қасиеті


Қостанай облысы, Арқалық қаласы,
Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебінің
6 «Б» сынып жетекшісі Жаманова Гульнар Курмангалиевна


Тақырыбы: «Адалдық – адамның басты қасиеті»
Мақсаты: Адамдарға жақсылық ойлау, ондағы адалдық, әділдік, шыншылдық сияқты адами құндылықтардың алтын орны, олардың адамдар үшін маңызы жайлы, адалдық пен шыншылдыққа, әділдікке бағдарлай отырып, әдептілік ережелерін қадағалауды үйрету;
Күтілетін нәтиже: Оқушы ізденіске ұмтылады, оқығанын талдап, мәнін аша біледі,ой қорытады, аз сөзбен түйіндеуге дағдыланады. Адами қасиеттерді, адалдық, шыншылдық, әділдікті бойына сіңіреді. Әлеуметтік жағынан дамыған, ұшқыр, ұтымды ойлап, белсенді қимылдайтын, өзгенің пікірін сыйлап, төзімділікпен тыңдай білетін саналы азамат болып қалыптасуға дағдыланады.
Құндылықтарды дамыту: Оқуға, жағдайды талдауға, жаңа шарттарға бейімделуге, мәселе қоюға және шешім қабылдауға, топта жұмыс істеуге, өзінің жұмысының сапасына жауап беруге, өзінің уақытын ұйымдастыруға дағдылану.
Түрі: пікір талас,ой қозғау
К өрнекілігі: «Адалдық – адамның басты қасиеті» слайд т.б
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Тыныштық сәті. Ой қозғау
Мұғалім(Екі дос туралы әңгіме оқиды)
Екі дос
Ел аузынан
Ертеде,ел арасында жаугершілік жиі болған кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.
Бірде әскерлер бір өзеннің бойына шатыр тігіп дем алады.Сонда тұтқиылдан жаудың қаптаған қалың тобы шабуыл жасайды.Тонаған мал-мүліктерін тиеп кетеді.Қолға түскен қазақ жасағын айдап әкетеді.
Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі.Досының қолға түскенін естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп,жау жатқан жағаға келеді.Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады.Жауынгер өзін қолбашыларына алып баруын өтінеді.Алып барған соң ол жаудың қолбашысына:
-Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп,сатып алуға келдім. Менің оған айырбасқа берер мал-мүлкім жоқ.Бір-ақ нәрсе беремін. Ол—өзімнің өмірім.Досымды босатсаңдар, ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім,-дейді.
Қолбасы ойланып отырып,оны сынамақ болады да:
- Жарайды,мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын.Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болды,-дейді.
-Ол не?-деп сұрайды досын құтқаруға келген жігіт.
-Маған сенің көздерің керек,-дейді қолбасшы.
-Ол да болсын,көзімді ал да, досымды босат,-дейді жігіт.Ол бұл сыннан тоқтаусыз өтеді.
Әлгі жауынгер тұтқыннан босанған досының иығына қолын артып ,зағип күйі қуана күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасшысы: "Мұндай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп,қапыда бас салған жағдайда болмаса,бетпе-бет ұрыста жеңу өте қиынға соғар”,-деп түйеді.Сөйтіп өзінің әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен.
Мұғалім: Бұл әңгімеден не түсіндіңдер?
Сонда бүгінгі өткелі отырған сынып сағатының тақырыбы қандай болмақ?
Жақсылап ойланып сынып сағатының тақырыбын тауып көрейік.(Оқушылардың ойын тыңдап тақырыпты ашуға тырысамыз)
Олай болса бүгінгі сынып сағатының тақырыбы:Адалдық – адамның басты қасиеті»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет