1 мамыр – Қазақстан халқының Бірлігі күніне арналған «Бір тудың астында,Бірлігіміз жарасқан» атты мерекелік ашық-тәрбие сағатының сценарийі.
Өтетін орны: 201 Өтетін уақыты: сағат14-00, 3желтоқсан, 2022жыл.
Сахна Елім менің көңілді әуенмен ашылып, жүргізуші шығады.
1 Жүргізуші: Армысыздар ардақты ағайын, құрметті профессор-оқытушылар мен студенттер!
Тілегі бір халықтардың дос үніндей,
Келеді ғасырларға көші үзілмей
Көп ұлтқа Отан болған Қазақстан,
Мызғымас достығымның бесігіндей.
«Береке басы - бірлікте» демекші, Тәуелсіз мемлекетіміз – алуан ұлттың отаны. Елімізде түрі бөлек болса да, тілегі бір халық бір ананың баласындай тату тәтті өмір сүріп келеді. Тәуелсіз Қазақстан – біздің ең қымбат, ең асыл құндылығымыз. Олай болса, мемлекетіміздің Бірлігі күні аясында өтіп жатқан бүгінгі ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
2 Жүргізуші: Қазақстан – көп ұлтты бауырына басқан, татулық пен ынтымақты ту еткен бейбіт сүйгіш ел. Бүгінде елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері бар. Сондай ақ Қазақстан – алуан түрлі ұлттардың мәдениеті мен салт-дәстүрін тоғыстырған кең байтақ өлке.
Қазақ осы қарасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін,- деп Қадыр Мырза Әлі ағамыз айтқандай ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақтың астында бірлікте , сыйластықта өмір сүріп жатқаны біз үшін үлкен мәртебе!
Ұлы дүбір бар әлемге шарықтар
Мамыр айы – бейбітшілік бастауы
Берекені болашаққа алып бар.
Келесі кезекте «Қазақ биі» орындайтын «Айдай» би тобы.
1 Жүргізуші: Қазақ жері - достықтың гүлстаны,
Дархан өлкем-мерейлі ырыс-бағы.
Күрестерде, еңбекте, мерекеде,
Мұнда сан ұлт қолдасып, ту ұстады.
1 Жүргізуші: Бақдаулет,сен өзге ұлт өкілдерінің ұлттық тағамдарын білесің бе?
2 Жүргізуші: Иә,әрине білемін.Оны кім білмейді?Мысалы:Палау-түркі халқының ұлттық тағамы және шаурма-ағылшын халқының ұлттық тағамы емес пе?
1 Жүргізуші: (Дильназ мысқылдайды.)Жоқ, Бақдулет олай емес.Бізге қонаққа өзге ұлт өкілдері өз ұлттық тағамдарын арқалап,құттықтауға келіпті,ендеше ортаға шақырсақ.
(Күй «Балбырауын»)
2 Жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем әнмен тәтті күй.
Жүрекке түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй,– деп, ортамызға әсем әнімен Сурина Марияны шақырамыз.
1 Жүргізуші: Рақмет,Мария.Ғасырлар бойы тағдыр талайына ұшыраған халықтарды құшағына сыйдыра білген қасиетті Ұлы Дала көптеген ұлыс пен ұлттың құтты қонысына айнала білді. Біздің елдегі бірлік пен қоғамдық келісімнің бастауы – Қазақстан халқының ортақ тарихы.(Хабарлаусыз видеоролик).
1 Жүргізуші: Поэзия,менімен егіз бе едің?
Келеді сенен ғана ем іздегім.
Сені өзгеден қорғаштап,жамандатпай,
«Еріккеннің ермегі» дегізбедім.
Калиева Гүлмирамды арнауымен қарсы алыңыздар!
2 Жүргізуші: Қазіргі таңда, еңселі ел болудың даңғыл жолына түстік, әлеуетіміз артты, дәулетіміз еселеніп отыр. Қазақта “Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады” деген. Еліміз ырысы мен ынтымағы, бірлігі мен тірлігі жарасқан мемлекет болып орныққанына міне, биыл 27 жыл толып отыр.
1 Жүргізуші: Елеңдеймін дүбірге құлақ түріп,
Дүрліктірді даланы бұлақ күліп.
Күй қанаты сермеді көктем өзі,
Домбырасын дамылсыз бұрап тұрып.
Күй Жолдасов Расулбек!
2 Жүргізуші: Тілі бөлек болғанменен тілек бір
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
(Хабарлаусыз бірлік туралы өлең оқитын 3 қыз шығады.) 1 Жүргізуші: Отаным менің – Қазақстан, айбатым,
Көркіңді көрсе – мейірі көздің қанатын.
Қуат бар сенде лапылдап от боп жанатын,
Шуақ бар сенде достасып бірге табатын.
2 Жүргізуші: Жаны жайсаң жүрегі жомарт халқымыз жылдың төрт мезгілінің өзіндік қасиеттерін тамыршыдай тап басып бейнелеген. Әсіресе маңай біткен масатыдай құлпырып,төңірек төл дауысына толып, жеміс ағаштары бүр жарған мамырды барынша бағалағандықтан, халықтың мерейі үстем, көңілі шатты.
1 Жүргізуші: Ендеше, халқымыздың бірлігі күні ырыс берекемен, бақ дәулеттің қалтықсыз кепіліндей көгілдір Туымыз биікте желбіреп, ақ көгершіндей пәк достық ниет әр жүректе жаңғырсын.
Гүлдене бер, татулығы жарасқан Отаным Қазақстан!
Барша шаңыраққа Нұр шуақ сыйласын мамыр мерекем! Осымен бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Келесі жүздескенше сау –саламатта болыңыздар! (бірге).