1- Лекция. Түркі халықтар әдебиеті пәнінің мақсаты мен міндеттері. Түркі халықтар әдебиетіндегі ортақ сарындар.
Жоспар:
Түркі халықтар әдебиеті тарихы пәнінің мақсаты мен міндеттері.
Ежелгі түркі ескерткіштері.
Түркі халықтар әдебиетіндегі ортақ сарындар.
Кезінде дүниені дүр сілкіндіріп, жұмыр жердің жартысына билік жүргізіп тұрған Ұлы Түрік империясы жайында жазылған ғажайыптарихи дастандар бар екені мәлім. Оны жазған Түрік қағанатының қабырғалы бектерінің бірі, өз дәуірінің кемеңгер ойшылы, шешендік сөздің, ұлы ақын Йоллығтеген еді.
Бүкіл түрік елін егемендік пен азаттыққа ерлік пен бірлікке үндейтін бұл дастандардың әрбір әрпі мәнгі өшпестей етіліп үлкен- үлкен құлпытастарға қашалып жазылған.
Демек, бұл дастандар бұдан он екі ғасыр бұрын Түрік* мемлекетінде болған сан қилы оқиғаларды бүгінгі күнде ешбір өзгеріссіз айна- қатесіз күйінде жеткізіп отыр.
Дәл осы арада біз кейбір елдерде әр патшаның тұсында қайта- қайта қағазға көшіріліп бертін келе саясатнамаға айналып кеткен шежіре яки жылнама дастандар да бар екенін оқырманға ескерте кеткеніміз жөн деп білеміз
Ұлы Түрік қағанатын ешбір жау әскер күшімен жеңе алмағаны тарихта жақсы жазылған. Алайда жұдырықтай жұмылып отырған түрік елінің ішіне жау жағы ғасырлар бойы іріткі салып келді. Мұны істеген табғаш Қытай елі еді.
Ақыры Ұлы Түрік империясы екіге бөлініп, бірі- Шығыс түрік қағанаты, ал екінші-Батыс түрік қағанаты деп аталып кетті.
Тасқа қашалып жазылған дастандардың бірі Түрік қағанатының бүкіл әлемді аузына қаратқан айбарлы да абыройлы дәуірін суреттеуден басталады. Мұнда исі түріктің басын қосып, қуатты мемлекет орнатқан Бумын қаған мен қаған барынша мадақталады:
Биікте көк тәңірі,
Төменде қара жер жаралғанда
Екеуінің арасында адам баласы жаралған.
Адам баласы үстіне ата-тегім
Бумын қаған, Істемі қаған отырған.
Отырып, түркі халқының
Ел-жұртын қалыптастырған,
Иелік еткен.
Төрт бұрыштың бәрі дұшпан екен,
Сарбаздарымен аттанып,
Төрт бұрыштағы халықты
Көп алған, бәрін бейбіт еткен,
Бастыны еңкейткен,
Тізеліні бүктірген,
Ілгері(шығыста)- Қадырқан қойнауына дейін,
Кері- Темір қақпаға дейін жайлаған.
Екі аралықта жүрген иесіз көк
Түріктерді осылай қоныстандырған екен.
Алып қағандар екен.
Әміршілері де білгіш болған екен.
Алып болған екен,
Бектері де, халқы да сенімді екен.
Сол үшін де елін сонша(ұзақ) билеген екен,
Өздері қаза болған(1 4 6, 44).
Бұл жыр жолдары Түрік қағанатының әскери қолбасшысы Күлтегін батырға арналған дастаннан алынып отыр.
Қытай елінің ханзадалары мен саудагерлері сыйға әкелген тарту-таралғыларға алтын мен жібекке, табғаштың ару қыздарына өзара таласқан түрік бектері арасында астыртын айқас басталды. Кейбіреулері түрік елі алдындағы парызын, ата-бабалар дәстүрін ұмытты. Елді біліксіз қағандар басқарды. «Билік пен байлыққа таласқан мұндай күрес жиырма жылға созылды. Ақыры ел ішіндегі алауыздық 603 жылы ұлы мемлекеттің екіге бөлініп кетуімен тынды. Бірі-Батыс Түрік қағанаты. Бұған Орта Азия, Жоңғария және Шығыс Түркістанның бір бөлігі енді. Екінші- Шығыс Түрік қағанаты. Бұл негізінен Монғолия жеріне орналасқан еді»(50,94).
Бумын қаған мен Істемі қаған қайтыс болған соң түрік елінің тағына дарынсыз қағандар отырғаны, халықты опасыз бектер мен әміршілер билегені тарихтан жақсы мәлім.
Бұл жайында Түрік қағанаты тұсында, яғни VІІІ ғасырда тасқа қашап жазылған «Күлтегін» дастанында төмендегідей жыр жолдары бар:
Соңындағы інілері қаған болған,
Достарыңызбен бөлісу: |