Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы


Тақырыбы: Гормон-медиатор алмасуының зерттеуі. Иммунопатология диагностикасының заманауи деңгейі. Мақсаты



бет62/149
Дата13.10.2022
өлшемі1,66 Mb.
#42820
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   149
Тақырыбы: Гормон-медиатор алмасуының зерттеуі.
Иммунопатология диагностикасының заманауи деңгейі.
Мақсаты: Гормондардың биохимиясын, құрылыстарын, эндокриндік
жүйелерден қандай гормондар бөлінетінін, олардың әсер ету механизмдерін түсіндіру. Гормондардың әсер ету механизмін түсіндіру. Перифериялық гормондардың биологиялық маңызы, және әсер ету механизмін түсіндіру.
Гормондар дегеніміз – табиғаты органикалық, ішкі секрециялық бездерден арнайы жасушаларында бөлінетін және қанға түсетін әрі зат алмасуының реттелуіне әсер ететін және физиологиялық қызметтер көрсететін заттар.
1905ж У.Бейлис және Э.Старлинг деген ғалымдар гормон деген терминді енгізді. Олар 1902 жыл ашылған секретин гормонына терминді қолданды. Ол гормон өн екі елі ішектен бөлінеді ,әрі ұйқы безі сөлінің қызметін реттейді әрі өттің бөлінуіне де жағдай жасайды.
Гормон деген термин (грек тілінің hoz mao- қоздырту немесе бөлініп әсер ету деген сөздерінен алынған): Гормондардың жіктелуі:
Гормондар 5 топқа жіктеледі
1.Күрделі ақуыздар- гликопротеиндер, оларға; фоликулалық реттеуші лютеинезирлеуші тиреотропты және т.б. гормондар жатады.
2.Жай ақуыздар: пролактин, соматотропты гормон (соматотропин, бой өсіру гормоны) инсулин және т.б.
3.Пептидтер: кортикотропин (АКТГ) глюкагон, кальцитонин,соматостатин, вазопрессин,окситоцин және т.б.
Аминқышқылдарының туындылары: катехоламиндер,тиреоидты гормондар,мелатонин және т.б.
Стероидты қосылыстар және май қышқылдарының туындылары (простагландиндер).
Стероидтар гормональды заттардың көп топтарын құрайды, оларға кортикостероидтар (бҮйрек Үсті безінің гормондары, жыныстық гормондар андрогендер және эстрогендер), 1,25-диоксихолекальциферол және т.б. жатады.Пептидті және ақуыздар гормондары гипоталамус гормондары. Гипоталамус орталық жҮйке жҮйесінде орналысқан және эндокриндік жҮйелермен тығыз байланыста болады.Гипоталамус гормондарына жататындар: либериндер, статиндер
Тиреолиберин триптидке жатады, өйткені оның құрамында пироглутамин қышқылы, гистидин, пролин бар.
2.Люлиберин. Люлиберин декапептид болып келеді,өйткені оның құрамында 10 аминқышқылы кездеседі:
Про-Глу-Гис-Три-Сер-Тир-Гли-Лей-Арг-Про-Гли-NH2
Cоматостатин: Соматостатинның химиялық құрылысы циклді тетрадекапептид болып келеді.
Н-Ала-Гли-Цис-Лиз-Асн-Фен-Фен-Три-Лиз-Тре-Фен-Тре-Сер-Цис-ОН
Ол 14 аминқышқылының қалдықтарынан тұрады.3-ші мен 14-ші жағдайларда цистеиннің екі қалдығы дисульфидтік байланыста болады.
Соматостатин жоғары биологиялық әсер көрсетеді:
4.Соматолиберин. Соматолибериннің табиғи көздері жоқ, бірақ декапептидтің синтезі арқылы алынған.
Н-Вал-Гис-Лей-Сер-Ала-Глу-Гли-Лиз-Глу-Ала-ОН
Ол гипофиздің бой өсу гормонның синтезін стимулдейді және секрециясын қалыпта ұстап тұрады.
5.Меланолиберин.Хим.құрылысы:
Н-Цис-Тир-Иле-Гли-Асн-Цис-ОН
6.Меланостатин. Меланостатин-Меланонтропин ингибирлеуші фактор к-рсететін гормон трипептид болып келеді.
Пиро-Глу-Лей-Гли-NH2 немесе келесі тізбектің пентапептиді:
Пиро-Глу-Гис-Фен-Арг-Гли- NH2
Меланолиберин стимулдеуші әсер етсе, ал меланостатин, керісінші, тежеуші әсер етеді, ол әсіресе гипофиздің орта бөлігіндегі меланотропиннің синтезіне және секрециясына қатты әсер етеді, бұлардан басқа кортиколиберин гормоны да көп зерттеледі ,бірақ химиялық құрылысы анықталмайды.
Гипофиз гормондары.
су гормоны, самототропин, кортикотропин, АКТГ, тиретропин
Пролактин
Фоллитропин
Лютропин
Липотропин
Окситоцин
Вазопрессин


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет