Оқу жылы 2 курс «Стоматология»



Дата10.09.2023
өлшемі29,87 Kb.
#106816

«Астана медицина университеті» КеАҚ
Терапиялық және хирургиялық стоматология кафедрасы
«Терапиялық стоматология негіздері»
модулі бойынша емтихан сұрақтары


2022-2023 оқу жылы


2 курс «Стоматология»



  1. Қазақстанда стоматологияның даму тарихы. Терапиялық стоматологияның басқа пәндермен байланысы.

  2. Отандық және шетелдік ғалымдарының терапиялық стоматология дамуына қосқан үлесі.

  3. Терапиялық стоматологиядағы этика және деонтология сұрақтары.

  4. Терапиялық стоматологиялық кабинеттеріне қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар.

  5. Стоматологиялық кабинеттің құрал-жабдықтары. Кабинеттегі стоматологиялық құрал-жабдықтардың орналасуына қойылатын талаптар. Жұмыс орның ұйымдастырудың эргономикалық негіздері.

  6. Стоматологиялық микромоторлар, тағайындалуы, жұмыс істеу қағидасы. Микромоторлық ұштықтар, тағайындалуы, түрлері.

  7. Турбиналық бормашинаның құрылысы және жұмыс істеу қағидасы. Турбиналық ұштық, құрылысы.

  8. Ауыз қуысын қарап тексеруге арналған аспаптардың сипаттамасы.

  9. Тісжегі қуысын егеп-тазалауға арналған аспаптардың сипаттамасы. Түрлері, сипаттамасы.

  10. Пломбалық материалдарды дайындауға және тісжегі қуысын пломбалауға арналған аспаптардың сипаттамасы.

  11. Пломбаларды өндеуге арналған аспаптардың және пломбалауға арналаған қосымша құралдардың сипаттамасы.

  12. Стоматологиялық кабинеттің қауіпсіздік техникасының ережелері.

  13. Терапиялық стоматологиядағы асептика және антисептика түсінігі. Аспаптар залалсыздандыру: анықтамасы, кезеңдері. Дезинфекция, залалсыздандыру алды өндеу: мақсаты, жүргізу әдістемесі.

  14. Стоматологиялық аспаптар және материалдар меншікті залалсыздандыру әдістері мен тәртібі. АИТВ инфекциясы және вирусты гепатиттің алдын алу іс шаралары.

  15. Тіс кіреукесінің гистологиялық құрылымы.

  16. Тіс дентинінің гистологиялық құрылымы.

  17. Тіс цементінің гистологиялық құрылымы.

  18. Ұлпа құрылымының анатомиялық-физиологиялық, гистологиялық ерекшеліктері. Ұлпа тіннің қызметі.

  19. Периодонт құрылымының анатомиялық-физиологиялық, гистологиялық ерекшеліктері. Периодонт тіннің қызметі.

  20. Ауыздың әр түрлі бөлімдерінің сілемейлі қабығы құрылымының анатомиялық-гистологиялық ерекшеліктері (ерін, ұрт, қызыл иек).

  21. Ауыздың әр түрлі бөлімдерінің сілемейлі қабығы құрылымының анатомиялық-гистологиялық ерекшеліктері (қатты және жұмсақ таңдай, тіл).

  22. Тістің жалпы анатомиялық құрылымы. Тіс формуласы.

  23. Жоғарғы жақ ортаңғы және бүйір күрек тістердің анатомиясы. Олардың әр жаққа (оң, сол) тән белгiлерiнiң айқындылығы.

  24. Жоғарғы және төменгі жақсүйектерінің сүйір тістердің (иттіс) анатомиясы. Олардың әр жаққа (оң, сол) тән белгiлерiнiң айқындылығы.

  25. Жоғарғы жақ бірінші кіші азу тістің анатомиясы. Оның әр жаққа (оң, сол) тән белгiлерiнiң айқындылығы.

  26. Жоғарғы жақ екінші кіші азу тістің анатомиясы. Оның әр жаққа (оң, сол) тән белгiлерiнiң айқындылығы.

  27. Жоғарғы жақ бірінші үлкен азу тістің анатомиясы. Оның әр жаққа (оң, сол) тән белгiлерiнiң айқындылығы.

  28. Жоғарғы жақ екінші және үшінші үлкен азу тістердің анатомиясы. Олардың әр жаққа (оң, сол) тән белгiлерiнiң айқындылығы.

  29. Төменгі жақ ортаңғы және бүйір күрек тістердің анатомиясы. Олардың әр жаққа (оң, сол) тән белгiлерiнiң айқындылығы.

  30. Төменгі жақ бірінші және екінші кіші азу тістердің анатомиясы. Олардың әр жаққа (оң, сол) тән белгiлерiнiң айқындылығы.

  31. Төменгі жақ бірінші үлкен азу тістің анатомиясы. Оның әр жаққа (оң, сол) тән белгiлерiнiң айқындылығы.

  32. Төменгі жақ екінші және үшінші үлкен азу тістердің анатомиясы. Олардың әр жаққа (оң, сол) тән белгiлерiнiң айқындылығы.

  33. Тісжегі, анықтамасы. Тісжегі қуыс туралы ұғым. Тісжегі қуысының элементтері. Блэк бойынша тісжегі қуыстарының жүйесі.

  34. Тісжегі қуыстарын егеп-тазалаудың негізгі қағидалары. Сәуле әсерінен қатаятын пломбаларды қойған кезде тісжегі қуыстарының егеп-тазалаудың ерекшеліктері.

  35. Тісжегі қуыстарын егеп-тазалаудың кезеңдері. Әр кезеңді орындау мақсаты. Олар жүргізу тәсілдері, қолданатын борлар.

  36. Блэк бойынша 1 класс тісжегі қуыстарын егеп- тазалау.

  37. Блэк бойынша 2 класс тісжегі қуыстарын егеп- тазалау.

  38. Блэк бойынша 3 класс тісжегі қуыстарын егеп- тазалау.

  39. Блэк бойынша 4 класс тісжегі қуыстарын егеп- тазалау.

  40. Блэк бойынша 5 класс тісжегі қуыстарын егеп- тазалау.

  41. 6 классқа жататын тісжегі қуыстарын егеп- тазалау.

  42. Уақытша пломбалауға арналған материалдар: қолдану мақсаты, оларға қойылатын талаптар. Мырыш-сульфатты цементтер (жасанды дентин, дентин-қойыртпағы): құрамы, қасиеттері, дайындау және пломбалау әдістемесі.

  43. Емдік төсемдер. Қолдану мақсаты. Оларға қойылатын талаптар. Жүйесі. Кальций гидроксиді негізіндегі емдік төсемдер: өкілдері, құрамы, қасиеттері, дайындау және салу әдістемесі.

  44. Цинк-фосфатты цементтер. Құрамы, қасиеттері, өкілдері. Қолдану көрсеткіштері. Дайындау және пломбалау әдістемесі.

  45. Поликарбоксилатты цементтер. Құрамы, қасиеттері, өкілдері. Қолдану көрсеткіштері. Дайындау және пломбалау әдістемесі.

  46. Шыныиономерлі цементтер (ШИЦ): жүйесі, құрамы, қасиеттері. Шығару формасына, химиялық құрамына және қатаю механизміне байланысты ШИЦ сипаттамасы.

  47. Шыныиономерлі цементтер: қатаю механизмі және кезеңдері, олармен жұмыс істеудің негізгі қағидалары.

  48. Композициялық пломбалық материалдардың (КПМ) жүйесі. Химиялық жолмен қатаятын КПМ құрамы. Қатаю механизмі.

  49. Композициялық пломбалық материалдардың (КПМ) жүйесі. Сәуле әсерінен қатаятын КПМ құрамы. Қатаю механизмі.

  50. Макро-, микро-, минитолтырылған композициялық пломбалық материалдардың сипаттамасы: құрамы, оң және теріс қасиеттері, қолдануға көрсеткіштер, өкілдері.

  51. Гибридті композициялық пломбалық материалдардың сипаттамасы (макрогибридті, микрогибридті, толықтай толтырылған, наногибридті): құрамы, оң және теріс қасиеттері, қолдануға көрсеткіштер, өкілдері.

  52. Аққыш және нығыздалатын (конденсирленетін) композиттер. Құрамы, қасиеттері, қолдануға көрсеткіштер, өкілдері.

  53. Компомерлер. Құрамы. Оң және теріс қасиеттері. Қолдану көрсеткіштері, өкілдері. Ормокерлер. Құрамының ерекшеліктері, қасиеттері, қолдану көрсеткіштері, өкілдері.

  54. Композитті пломбалық материалдардың адгезиялы жүйелері, құрамы, компоненттердің тағайындалуы. Майланған қабат және гибридті зона туралы түсінік.

  55. Тістер реставрациясы, реконструкциясы, трансформациясы туралы ұғым. Композиттік пломбалық материалдармен тістер реставрациясын жасауға көрсетімдері және қарсы көрсетімдері.

  56. Химиялық жолмен қатаятын композициялық пломбалық материалдармен жұмыс істеу кезеңдері. Пломбаны өңдеу.

  57. Сәуле әсерінен қатаятын композициялық пломбалық материалдармен жұмыс істеу кезеңдері. Пломбаны өңдеу.

  58. Реставрациялық стоматологияда ламинат дайындаудың әдістемесі. Көрсеткіштері, кезеңдері.

  59. Реставрациялық стоматологияда сэндвич-техника әдістемесі. Әдістің мәні, көрсеткіштері, кезеңдері.

  60. Қабаттамалы әдіспен тістердің реставрациясы (метод слоеной реставрации). Әдістің мәні, көрсеткіштері, кезеңдері.

  61. Жоғарғы жақтың ортаңғы және бүйір күрек тіс қуыстарының топографиясы. Тіс қуыстарына жол ашу және кеңейту әдістері.

  62. Төменгі жақтың ортаңғы және бүйір күрек тіс қуыстарының топографиясы. Тіс қуыстарына жол ашу және кеңейту әдістері.

  63. Жоғарғы және төменгі жақсүйектерінің сүйір тіс қуыстарының топографиясы. Тіс қуыстарына жол ашу және кеңейту әдістері.

  64. Жоғарғы жақтың бірінші кіші азу тіс қуысының топографиясы. Тіс қуысына жол ашу және кеңейту әдістері.

  65. Жоғарғы жақтың екінші кіші азу тіс қуысының топографиясы. Тіс қуысына жол ашу және кеңейту әдістері.

  66. Төменгі жақтың бірінші және екінші кіші азу тіс қуыстарының топографиясы. Тіс қуыстарына жол ашу және кеңейту әдістері.

  67. Жоғарғы жақтың бірінші үлкен азу тіс қуысының топографиясы. Тіс қуысына жол ашу және кеңейту әдістері.

  68. Жоғарғы жақтың екінші және үшінші үлкен азу тіс қуыстарының топографиясы. Тіс қуыстарына жол ашу және кеңейту әдістері.

  69. Төменгі жақтың бірінші үлкен азу тіс қуысының топографиясы. Тіс қуысына жол ашу және кеңейту әдістері.

  70. Төменгі жақтың екінші және үшінші үлкен азу тіс қуыстарының топографиясы. Тіс қуыстарына жол ашу және кеңейту әдістері.

  71. Эндодонтиялық құрал-саймандар жүйесі. Материалдар және дайындау технологиясы. Эндодонтиялық құрал-саймандарды сандық, түрлі-түстік және геометриялық кодтау.

  72. Түбір өзектерінің сағасын кеңейтуге арналған эндодонтиялық құралдар, сипаттамасы, жұмыс істеу әдістемесі. Диагностикалық эндодонтиялық құралдар, түрлері, сипаттамасы, жұмыс істеу әдістемесі.

  73. Түбір өзектерін өтуге арналған эндодонтиялық құралдар, түрлері, сипаттамасы, жұмыс істеу әдістемесі.

  74. Түбір өзектерін кеңейтуге арналған эндодонтиялық құралдар, түрлері, сипаттамасы, жұмыс істеу әдістемесі.

  75. Түбір өзек ішіндегісін шығаруға арналған эндодонтиялық құралдар, сипаттамасы, жұмыс әдістемесі. Түбір өзектерін толтыруға арналған эндодонтиялық құралдар, түрлері, сипаттамалары, жұмыс істеу әдістемесі.

  76. Тіс қуысы туралы түсінік. Тіс қуысының элементтері. Физиологиялық, анатомиялық, рентгенологиялық апекске, тістің жұмысшы ұзындығына анықтама беру. Тістің жұмысшы ұзындығын анықтау әдістері.

  77. Асқынған тісжегінің эндодонтиялық емдеу кезеңдері (10 кезеңі). Түбір өзектердің сағаларына алғашқы эндодонтиялық жол қалыптастырудың әдістері: аспаптар, ережелері.

  78. Тіс ұлпасының және периодонт қабыну туралы түсінік. Ұлпа және периодонт қабынуын емдеудің мақсаттары мен міндеттері. «Тіс ұлпасының девитализациясы», «тіс ұлпасының ампутациясы», «тіс ұлпасының экстирпациясы» терминдерінің анықтамасы. Тіс ұлпасын девитализациялауға арналған құралдар.

  79. Түбір өзектерін дәрі-дәрмектермен өңдеу, мақсаты. Медикаментозды өндеуге арналған құралдарға қойылатын талаптар. Жүйесі. Түбір өзектерін дәрі-дәрмекпен өңдеудің жүргізу тәсілдері.

  80. Түбір өзектерін дәрі-дәрмекпен өңдеуге арналған хлорқұрамдас және йодқұрамдас препараттар. Әсер ету механизмі, өкілдері, қолдану әдістемесі.

  81. Түбір өзектерін дәрі-дәрмекпен өңдеуге арналған оттегіқұрамдас препараттар (су тегінің асқын тотығы) және протеолитикалық ферменттер. Әсер ету механизмі, өкілдері, қолдану әдістемесі.

  82. Фенол туындылары негізіндегі антисептикалық таңбалар (камфорлы парахлорфенол, тимол, крезофен). Құрамы, қасиеттері, қолдану тәсілі.

  83. Түбір өзектерін химиялық жолмен кеңейтуге арналған препараттар: қолдану көрсеткіштері, әсер ету механизмі, түрлері, сипаттамасы, қолдану әдістемесі.

  84. Түбір өзектерін обтурациялауға арналған пломбалық материалдар (силерлер). Жүйесі. Түбір өзектерін обтурациялауға арналған пломбалық материалдарға қойылатын талаптар.

  85. Пластикалық қатаймайтын пломбалық материалдар. Қолдану көрсеткіштері. Түрлері. Еx tempore дайындалатын пластикалық қатаймайтын пломбалық материалдардың құрамы, қасиеттері. Дайын түрде шығарылатын пластикалық қатаймайтын пломбалық материалдардың өкілдері: құрамы, қасиеттері.

  86. Пластикалық қатаятын пломбалық материалдар. Жүйесі, қолдану көрсеткіштері. Түбір өзекті силермен (қойыртпақмен, цементпен) пломбалау әдістемесі.

  87. Түбір өзекті пломбалауға арналған пластикалық қатаятын материалдар: мырыш-эвгенолды цементтер (қойыртпақтар). Құрамы, оң және теріс қасиеттері, өкілдері.

  88. Түбір өзекті пломбалауға арналған пластикалық қатаятын материалдар: полимерлі шайырлар негізіндегі эндогерметиктер. Құрамы, оң және теріс қасиеттері, өкілдері.

  89. Түбір өзекті пломбалауға арналған пластикалық қатаятын материалдар: кальцийқұрамдас материалдар. Құрамы, оң және теріс қасиеттері, өкілдері.

  90. Түбір өзекті пломбалауға арналған қатты материалдар (филлерлер - штифттер). Штифттер түрлері. Гуттаперча, құрамы, түрлері, қасиеттері.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет