Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.
|
(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып реттілігін қадағалау.
2.Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.
3.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.
|
Шеңбер бойынмен тұрған оқушыларға тапсырма:Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз! Ұйымшыл боламыз десек 2 рет. Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!
Өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында Ыстық орындық әдісі арқылы үй тапсырмасы сұралады.
|
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың«Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
|
Презентация
|
Жаңа сабаққа кіріспе
|
(Ұ) «Ыстық орындық »әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау және дене жаттығуларын жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
|
Тақтаға бір орындық қойылады және оған бір оқушы келіп отырып,басқа оқушылардың қойған сұрақтарына жауап береді. Егер жауап бере алмаса келесі оқушы шығады.
1. Асқорыту ферменттеріне не жатады?
2. Ферменттердің белсенді орталығы дегеніміз не?
3. Ферменттердің ерекшелігі дегенді қалай түсінесіздер?
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар қойылады.
|
|