Оқу жылы бойынша магистранттың аттестациялық жарты жылдық есебі: Магистрант: Жиенбаева Н. Г. Мамандығы мен шифры



бет1/2
Дата25.12.2023
өлшемі0,69 Mb.
#143289
  1   2



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ ИНСТИТУТЫ


2023/2024 оқу жылы бойынша магистранттың
аттестациялық жарты жылдық есебі:


Магистрант: Жиенбаева Н.Г.
Мамандығы мен шифры: 7M05203 - География
Ғылыми жетекшісі: Қасенов С.Қ. п.ғ.к., доцент


1. Оқу процесі:





Пән циклы

Пән коды

Пәннің атауы

Кредит саны

Семестр

Оқытушының аты-жөні

Қорытынды баға

1

БД/ВК

GTZhFil01

Ғылымның тарихы және философиясы

5

1

Кабаева Ж.А.


2

БД/ВК

ShT02

Шет тілі (кәсіби)

5

1

Сайбекова Н.У.


3

БД/ВК

ZhMP 04

Жоғары мектеп педагогикасы

5

1

Оракова А. Ш.


4

БД/ВК

BP03

Басқару психологиясы

5

1

Ниетбаева Г.Б.


5

БД/ВК

GZUZhZh

Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау

5

1

Каймулдинова К.Д.


6

БД/ВК

DEBK
GN

Дүниежүзі елдерінің бәсекеге қабілеттілігінің географиялық негіздері

5

1

Сарқытқан Қ.




2. Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысының орындалуы:


Тақырыбы: Халықтың өмір сүру сапасын бағалаудың географиялық аспектілері(Алматы облысы мысалында)
Зерттеудің өзектілігі: Қазақстан қоғамының алдында тұрған өзекті мәселелердің ішінде халықтың өмір сапасын арттыру, әлеуметтік әділеттілікті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, әрбір азамат үшін бастапқы мүмкіндіктерді бірдей лайықты өмір сүру жағдайын жасау, басқару мен реттеудің түрлі тетіктері арқылы әлеуметтік теңсіздікті жою сияқты мәселелер маңызға ие. Аймақтардың әлсіз экономикалық дамуы халықты жұмыспен қамтамасыз етуде дәрменсіз, сол себепті де халық табыстарының әркелкі шоғырлануына әкеліп соғуда.Аймақтарда әлеуметтік-экономикалық жағдайды теңестіретін жаңа тиімді тетіктер қажет. Халықтың өмір сапасын бағалау мәселесі қазіргі таңда өзекті, әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін анықтау қажеттігі аймақтық деңгейде маңызды.
Зерттеудің мақсаты: Алматы облысы халқының өмір сүру сапасын талдау және бағалау, өмір сүру сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар жасау үшін аймақтық мәселелерді анықтау.
Зерттеу әдістері: Эволюциялық және жүйелік тәсілдер, орталық-перифериялық аймақтар теориясы , аумақтың кеңістіктік дамуын зерттеу. Зерттеу барысында салыстырмалы – географиялық талдау, математикалық статистика әдістері, картографиялық әдістер, геоақпараттық технологиялар мен ГАЖ мүмкіндіктері.
Зерттеудің міндеттері:
1. Алматы облысы халқының өмір сүру сапасын зерттеудің ғылыми әдіс-тәсілдерін талдау.
2.Соңғы 20 жылдықтағы Алматы облысы халықтың өмір сүру сапасының негізгі әлеуметтік-демографиялық және экологиялық-экономикалық индикаторларына талдау жүргізу.
3. Алматы облысы халықының өмір сүру сапасынын аудандарман мен облыстық маңызы бар қалалар бойынша бағалау.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:
Халықтың өмір сүру сапасына әсер ететін әлеуметтік-демографиялық және экологиялық-экономикалық факторларды кешенді географиялық зерттеу, оларды облыстың жеке аудандары деңгейінде бағалау, Алматы облысы халқының өмір сүру сапасын арттыру бойынша ұсыныстар жасалуында. Зерттеу жұмысында облыстың жекелеген аудандары мен республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде халықтың өмір сүру сапасына талдау жасалады.
Зерттеу барысында күтілетін нәтижелер:
Алматы облысы халқының өмір сүру сапасы анықталады. Алынған нәтижелерге байланысты өмір сүру сапасын жақсарту туралы ұсыныстар жасалынады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет