Оқу мақсаты ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыру



Дата21.10.2022
өлшемі16,94 Kb.
#44715

Оқу мақсаты 5.О4. Ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыру

Бағалау критерийі Білім алушы


Мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын, стилін анықтайды
Айырмашылығын табады
 Тілдік құралдарға салыстыру жасайды

Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары




Тапсырма
Төмендегі екі мәтінді мазмұн, тақырып жағынан салыстырыңыз. Мәтіндегі тілдік құралдардың айырмашылығын анықтаңыз (70-80 сөз).


1-мәтін
— Сәлеметсіз бе?
— Аманбысың, келе ғой.
— Сіз Оразәлі ата емессіз бе?
— Иә. Сен әкеңнің кенжесісің ғой.
— Жоқ, Нұрай — кенже, ал мен қара шаңырақ иесімін.
— Атаң бар ма?
— Атам бар, ол кісі жетпіс жаста.
— Кімнің баласысың?
— Атамның баласымын. Ес білгелі өзімді атамның баласымын деп білемін.
— Ақылыңнан айналайын!
— Атам да солай айтады.
— Бауырларың бар ма?
— Бір ағам бар. Кеше ол маған әдейілеп «сен атаңның баласы емессің» дегенде, кәдімгідей намыстанып қалдым.
— Қайтесің, үлкен ағаңа өкпелеме, ойнап айтқаны ғой.


2-мәтін
Астана қаласындағы АХАЖ отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші А.О.Өмірова жас жұбайлармен кездесті. Психолог кездесуге келген жас жұбайлардан отбасы түсінігінің мағынасын сұрады. Жастардың жауабы:
Динара: «Отбасы бұл – ең жақын, ең қымбат адамдарың. Мен, әрине, тек ана ғана жалғыз өзі отбасын құра алмайтынын түсінемін, өйткені отбасы – ұжым және отбасындағы ахуалды оның барлық мүшелері жасауы тиіс. Өзара көмек, отбасының әр мүшесіне жасалатын қамқорлық, мейірімділік қана отбасында жылылық, жайлылық және амандық жасайды».
Асқар: «Сен үшін отбасы бұл – мүлдем ерекше түсінік, мен өзімнің туыстарымның бақытты және дендері сау болуы үшін қолымнан келгеннің барлығын жасар едім. Және менің оларды шынайы қолдайтынымды көргенін қалаймын».

Мәтіндерді салыстыру





Мәтіндер

Тақырыбы

Мазмұны

Тілдік құрал
(ауызекі сөйлеу стиліне тән сөз тіркестері)

1 –мәтін








2- мәтін








Дескриптор Білім алушы
— әр мәтіннің тақырыбын сөз тіркесімен береді;
— әр мәтіннің қысқаша мазмұнын 3 сөйлеммен жеткізеді;
— мәтіндердегі ауызекі сөйлеу стиліне тән сөз тіркестерін теріп жазады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет