2.7-ресурс
ОҚУ МАҚСАТТАРЫНЫҢ МОДЕЛІ
Оқу, оқыту және бағалау таксономиясы: оқу мақсаттарының Блум таксономиясын қайта қарау материалының негізінде
Блум таксономиясын (Bloom & Krathwohl, 1956) түрлендірген көптеген жұмыстардың арасында Андерсон мен Кратволдың (2001) жұмысы танымдық саланы Танымдық үдеріс өлшемі мен Білім өлшемінің қиылысуы ретінде сипаттайды. Бұл мақалада танымдық саланың қайта қаралған таксономиясының үш өлшемдік көрінісін ұсынады.
Танымдық үдеріс пен Білім өлшемдері иерархиялық қадамдар ретінде көрсетілгенімен, санаттар арасындағы қашықтық үнемі соншалықты түсінікті бола бермейді. Мысалы, тұжырымдамалық білімдерге қарағанда, рәсімдік білімдер міндетті түрде абстрактілі деп айта алмаймыз; сондықтан талдау мен бағалауды қамтитын мақсат талап ететін ойлау деңгейінің күрделілігі жасау деңгейінде талап етілетін ойлау дағдыларынан еш кем емес. Жалпы алғанда, төмен деңгейлі ойлау дағдылары іске қосылып, жоғары деңгейлі ойлау дағдыларының іске қосылуын қамтамасыз ететіні түсінікті.
Білім өлшемі оқушылар алатын немесе қалыптастыратын білімдерді 4 түрге бөледі – нақтыдан абстрактіге қарай.
1-кесте. Білім өлшемі: негізгі типтері мен түрлері
Нақты білім абстрактілі білім
|
Фактілік
|
Тұжырымдамалық
|
Рәсімдік
|
Метатанымдық*
|
Терминологияны білу
Арнайы детальдар мен элементтерін білу
|
Жіктелімдер мен санаттарды білу
Заңдары мен қағидаттарын білу
Теорияны, модельдер мен құрылымдарды білу
|
Пәндік арнайы дағдылар мен алгоритмдерді білу
Пәндік арнайы техникалар мен әдістерді білу
Тиісті рәсімді қашан қолдану керектігін анықтауға арналған критерийлерді білу
|
Стратегияларды білу
Тиісті мәнмәтіндік және жағдаяттық білімді қоса алғанда, танымдық міндеттерді білу
Өзін-өзі тану
|
(1-кесте Андерсон мен Кратволдан алынған, 2001, 46-бет).
*Метатанымдық білім – ерекше сала. Бұл модельде «метатанымдық білім – танымын (өзінің) білу және түрлі мәселелерге қатысты өзін білу...» (Anderson and Krathwohl, 2001, p. 44).
Бұл таксономияда оқу мақсаттарын анықтап, белгілеуге арналған өлшемдер ұсынылған.
Оқу жаттығуларында әдетте жоғары деңгейлі де, төмен деңгейлі де ойлау дағдыларымен қатар нақты және абстрактілі білімдер аралас қамтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |