Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс – тәсілдердің тиімділігі



бет1/2
Дата23.01.2023
өлшемі29,49 Kb.
#62361
  1   2

Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс – тәсілдердің тиімділігі




Алипбаева Нагима Наматжановна
№11 М.П.Окороков атындағы жалпы орта мектебінің химия пәні мұғалімі
«...Білімдіден не пайда, білгенін көпке айтпаса. Үйреткеннен не пайда,
қайырымы қайтпаса» (халық даналығы)

Бір сәт тоқтап жан-жағымызға көз жүгірте қарасақ, жаңа заман, жаңа талап, жаңа әлемді көре аламыз. Бүгінгі таңда қарқынды дамып келе жатқан әлем түрлі өзгерістерге толы. Ия, мынау ХХІ ғасыр - тың идея мен жаңа инновациялық технологиялардың ғасырына айналған кезең. Ендеше білім саласындағы болып жатқан тың өзгерістер ортасында жүрген ұстаздар қауымы сөзсіз түсіне біледі.


Қазіргі заман талабына сай болашақ ұрпақтың оқып білім алуын еліміз бірінші орынға қойып отыр. Білім беру мен білім алудағы атқарылатын қарқынды жұмыс ұстаздардың еншісінде екені айтпаса да белгілі. Осы орайда ұлы педагог Ушинскийдің «Бала – балқытылған алтын» деген қанатты сөз бірден ойға түседі. Балаға қалай бағыт берсең, солай өседі. Сондықтан баланың бойында жақсы қасиеттердің болуына, олардың жан-жақты дамуын, рухани бай тұлға қалыптастыра білуіміз керек. Оқытудағы жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, оқушы бойында өзіне деген сенімділік пен жауапкершіліктерді дамыту болып табылады.
Білімнің өзегі - жылдам дамып бара жатқан өзгермелі қоғамымызда өмір сүруге икемді, жеке басының, сонымен қатар қоғамның ыңғайына қарай өзін-өзі толыққанды жүзеге асыруға дайын,мектеп қабырғасында алған білімін өмірмен байланыстырып қолдана алатын білімді, шығармашылыққа бейім, құзіретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту болып отыр.
Қазақстандағы оқу жүйесіндегі басты жаңалық – мұғалімдердің жаңаша форматта білімін жетілдіруі болып отыр. Бұл -өркениет үрдісі. Ал қазіргі өркениетке ілесетін адам өмір бойы білімге ұмтылуы тиіс. Мұғалімдік тәжірибемдегі ендігі мақсат – оқу мен оқыту процесінде түрлі кедергілерді жеңе отырып, осы алған білімімді саралап, зерделеп, одан әрі толықтырып, нәтижелі білім беруге бағытталған әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану жолдарын іздестіру.
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер жекелеген құбылыс немесе дағды емес. Осы іске тартылатын тетіктер мыналар: оқыту әдісін таңдау,жүйелі ойлауға үйрету,оқушының талантын зерттеу және анықтау, сандық технологиялар саласындағы жоғары құзыреттілікті дамыту болып табылады.
Осы жаңа тәсілдерді қолдануда «диалогтік оқытудың маңызы» және «қалай оқу керектігін үйретуді» басшылыққа алдым. Оқыту мен оқудағы оқушы мен мұғалімнің арасындағы байланыс ол диалог арқылы болары сөзсіз. Осы диалогтік оқыту сабақ барысында тиімді қолданылғанда оқушылар өз ойларын, көзқарастарын білдіріп, еркін сөйлеуіне, дамуына көмектеседі.
Ал «қалай оқу керектігін үйретуде» оқушы алған білімін есте сақтап, өз бетімен жан-жақты іздене отырып, жаңа білімді сыныптастарымен бірлесе отырып игеруге үйретеміз. Қалай оқу керектігін үйрету бұл оқушының «өзін-өзі реттеу» болып табылатыны анық. Бұл үдерісте оқушылар түсінеді, бақылайды, өздерін қадағалап қабілеттерін шыңдайды. Онда оқушының жас ерекшеліктерін де ескеруге тырыстым. Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары арқылы өзін-өзі білім сатысының қай деңгейінде тұрғанын біле отырып, қатесін өзі түзетіп, білуге деген құштарлығын ояту болып саналады.
Сабақтағы ең маңыздысы қойылған дұрыс мақсат пен күтілетін нәтижелер. Дұрыс қойылған мақсат күтілетін нәтижелерге жету жолында нақты іс- әрекетке жетелейді. Бұған дейін дәстүрлі білім беру үдерісінде сабақ мақсаттарын шамадан тыс алатын едім. Ал ҚР педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың бағдарламасы аясында үшінші деңгей бағдарламасын аяқтағаннан кейін, білім алу кезінде смарт мақсат қоюдың маңызын түсіндім. Сондықтан сабақтарымды жоспарлауда мен үшін маңызды сабақ мақсатын нақты әрі қолжетімді етіп құру болды.
Кез келген сабақ өз мақсатына толық жету үшін оған белгілі бір әдіс- тәсілдерді таңдап, саралап қолдану керектігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сол себепті сабақтарымда оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай түрлі әдіс-тәсілдерімді кеңінен қолдану арқылы, оқушыларымның өз бетімен білім алуға дағдыландыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуды көздеймін. Осы мақсатымды жүзеге асыру үшін, өз сабақтарыма кіріктіре отырып, жаңаша әдіс –тәсілдерді пайдаланамын. Әдіс-тәсілдердің түрлері өте көп. Солардың ішінен өз сабақтарыма ыңғайластырып, оқушыларға тақырыпты меңгеруге жағдай жасаймын. Жаңашыл, іздемпаз ұcтaздың мiндeтi – сынып оқушыларының бұрын білмеген басқа қырларынан танытуы мен ортақ белгісін табуға мүмкіндік туғызатын ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Сондықтан өз сабақтарымда сапалы білім беру мақсатында қолданған бірнеше әдіс-тәсілдердің тиімділігі жөнінде ой бөліспекпін.
Әрбір сабағымды өткен сабақта игерілген мақсатқа байланысты «Ширатуға» бұрынғы білімін еске түсіретіндей «Кім тез, кім жылдам?», «Insert», «Химиялық лото», «Сұрақтарды қағып ал», «Сен маған,мен саған» әдістері сонымен қатар ақпараттық-коммуникациялық технологияларын Plikers, Joiteka, Tarsia, Liveworksheets, Wordwall платформаларын да қолданамын.
«Ой бұлты» әдісінің жаңа тақырыпты бекіту , үй тапсырмасын сұрау мақсатында тиімді екендігіне көз жеткіздім. Оқушы жаңа тақырып бойынша бір түйінді сөз жазады. Кез келген сөз емес, ерекше есте қалған сөзді жазады.Кейін талқылау кезінде ол сөзді неліктен жазғанын,ол сөздің жаңа тақырыппен қаншалықты байланыстылығын өзі түсіндіреді. Екіншіден, бұл әдіс оқушының өз ісіне жауапкершілікпен қарауға үйретеді. Егер оқушы бір сабақта тақырыпты меңгермеген болып, басқа сөз жазса, келесі сабақта ол сыныптастарынан қалмай, түйінді сөз жазарда ойланып жазады. Сол сөздің мағынасын өзі айтып түсіндіретін болған соң, оқушы ойланып жазады, жауапкершілігі артады.
«Стикердегі диалог» әдісі. Бұл – үй тапсырмасын тексеруге, қорытынды сынақ немесе қарапайым ереже сұрауға таптырмас әдіс. Өйткені бұл әдісті қолданған кезде оқушы оқылған сұрақтың жауабын білуі тиіс . Сонымен қатар бұл әдіс оқушыны тез ойлануға, есте сақтау қабілетін дамытып,шапшаңдыққа үйретеді. Себебі, қағазда жазылған сұрақ басқа, жауап та басқа. Осы жерде оқушының шапшаңдығын, аңғарымпаздығын тануға болады. Сонымен қатар, бұл әдіс сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын орнатуға да мүмкіндік береді. Оқушылар өз сұрағының жауабын естуге тырысады және өзіндегі жауаптың сұрағын тыңдауы тиіс. Осы жерде сынып оқушыларының арасында сыйластық қалыптасып,бір- бірінің сөзін тыңдауға бейімделе бастайды.
Ал оқушылардың сыни ойлауын дамыту, айтылым, оқылым, жазылым бойынша ой-өрісін , сөйлеу, жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету» модулінің тәсілдерін қолдану көп нәтиже береді. Сын тұрғысынан ойлау деген тіркесінде тұрғысынан деген термин ойдың мәселені шешу үдерісінде шоғырлануын білдіреді. Бұл тұрғыдан алғанда сыни сөзі «мақұлдау» немесе «теріске шығаруды» білдірмейді. « Сын тұрғысынан ойлау «ойлау туралы ойлану » деп сипатталады. Ол маңызды мәселерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. «Екі түрлі күнделік, РАФТ, 5 минуттық эссе, автор орындығы, Джигсо, Т кестесі» т.б. секілді әдіс –тәсілдері оқушының ойлануына, олардың көшбасшылық,шығармашылық қасиеттерін анықтауға, талдау мен бағалай білуге, щешімдер шығара алуға,нақты дәлелдер келтіруге үйретуге мүмкіндік береді. Сыни тұрғыдан ойлауға оқушыны жетелеу үшін дұрыс сұрақ қоюға үйрету шарт. Егер оқушы өзі қойған сұрақтың маңыздылығын, қай дәрежелі сұрақ қойғанын анықтап, саралай алатын болса,яғни ол өзіне- өзі сыни көзқараспен қарайды деген сөз.
«Өмір бойы білім алу - әрбір Қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс»-деп еліміздің көреген көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың сөзін еңбек жолымда әрдайым жандандырып отырамын.Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе ?!
“Әрбір бала- болашақ данышпан» деген ойлы қағидаға мән берсек, яғни табиғи таланттарды ашу, жас талапкерлердің жарқырап көрінуі үшін мұғалімге жүктелер міндет аз емес. Ол міндет оқушылардың шығармашылық қабілетін, танымдық белсенділігін, ой- өрісін дамыту үшін аянбай еңбек ету, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту.
Мен сабақ беру үрдісінде мынандай негізгі факторларды басшылыққа аламын:
-оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу тиімділігін арттыру;
-жекелей,жұппен,топпен жұмыс жүргізу;
-ойлау қабілетін дамытатын есептер беру;
-қабілетіне қарай деңгейлік тапсырмалар беру;
-оқушылардың теориялық
-практикалық сауаттылығын арттыру.
Сонымен бірге жекелеген жұмыстар, жұптық, топтық
жұмыстар арқылы ойын ашық айта білу, пікір айтуға үйрену, пікір таластыру, ойланып жауап беру, жолдастарының ойын тыңдау, жауаптарын бағалай білу, білім сапасының артуына әсерін тигізеді мұғалімнің ұтары мол,- деп ойлаймын. Тек оларды тиімді, жүйелі түрде қолдану мұғалімнің шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылып жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет