Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет208/525
Дата09.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#25118
түріОқулық
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   525
Монетаристік үлгі ақша-несие саясатын əрдайым бірін-

ші орынға қояды. Монетаристік бағыт айырбас теңдігіне негіз-

деледі:  M × V = P × Y, бұдан байқайтынымыз, ақша масса-

сын арттыру ұлттық өндірістің көлеміне тікелей əсер етеді. 

Толық жұмысбастылық жағдайында ақша ұсынысын ұлғайту 

инфляцияға алып келеді. Осыған байланысты, монетаристер 

негізгі бағдар ретінде ақша ұсынысының (ақша массасының) өсу 

қарқынын реттеуді алға тартады. Бұл ұзақ мерзімдік үлгі болып 

табылады.

Макроэкономикалық тұрақсыздықтың алдын алу мақсатында 

монетаристік мектептің жетекшісі Милтон Фридмен «ақша 

ережесі» заңдық қаулысын бекітуді ұсынды. Осы ережеге сəйкес, 

ақша ұсынысы ұлттық өндірістің əлеуетті нақты көлемінің өсу 

қарқынына байланысты артуы қажет, яғни жылына 3-4%-ға өсуі 

керек. Осымен бірге, ақша массасын тұрақты түрде бірқалыпта 

өсіріп отыру арқылы инфляциялық үрдістер жойылады. Өндірістің 

құлдырауы да жұмсара бастайды, өйткені экономика ақша ре-

сурстарымен үнемі қуаттанып отырады, осыған орай, жиынтық 

сұраныс ынталандырылады жəне өндіріс көлемі ұлғаяды. Алайда 




175

«ақша ережесін» қатаң сақтау үкіметтің қысқа мерзімдік ақша-

несие саясатын жүргізу бойынша мүмкіндіктерін шектейді. Заң 

жүзінде «ақша ережесі» нарықтық экономикасы дамыған елдерде 

қабылданбады. Бірақ, АҚШ, Ұлыбритания, Жапония жəне Кана-

да сияқты дамыған елдерде ақша массасын таргеттеу (нысана-

лау немесе шектеу) – ақша массасы өсуінің жоғарғы жəне төмен-

гі шегін белгілеу əдісі қолданылады. Монетаристік əдістердің 

инфляциямен күрес жолында өз тиімділігін көрсететінін атап 

өткеніміз жөн.

Сөйтіп соңында, ақша-несие саясатының қысқа мерзімді жə-

не  ұзақ мерзімді деген түрлерін бөліп көрсетуге болады. Олар 

өзінің нəтижелері бойынша ерекшеленеді. Қысқа мерзімде ақша-

несие саясаты ұлттық өндіріс көлеміне үлкен дəрежеде əсер етеді 

жəне бағалар деңгейіне соншалықты əсер етпейді. Ұзақ мерзімде 

керісінше, ақша-несие саясаты бағалар деңгейіне айтарлықтай 

əсер етеді жəне ұлттық өндірістің көлеміне соншалықты əсер ете 

алмайды.


 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   525




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет