1. Инфляция халықтың, кəсіпорындардың жəне мемлекет-
тің ақшалай табыстарының нақты төмендеуіне алып келеді. Бұл
пен анықталады. Мұндай жағдайда əдетте, тұрақты (тіркелген)
234
2. Инфляция байлық пен табыстың қайта бөлінуіне алып ке-
леді. Демек, қарыз алғандар өздерінің кредиторлары арқылы ба-
ийды. Дебиторлар барлық деңгейде ұтады, яғни қарыз ақшаның
белгілі бір сатып алушылық қабілетінде берілгендіктен ол белгілі
бір уақыттан кейін кредиторға құнсызданып барып қайтарыла-
ды. Бұл жерде үлкен мемлекеттік қарызға батқан үкімет те ұта-
ды. Инфляция төлем мерзімін кейінге қалдырған адамдардың
пайдасына ақшаны қарызға берген адамдардың есебінен табыс
пен байлықты қайта бөледі. Инфляция жылжымайтын мүліктің
құнын арттырады.
3. Инфляция кезеңдерінде нарықта сұранысқа ие тауарлық-
материалдық қорларға деген бағалар өседі. Сондықтан тұрғын-
дар мен кəсіпорындар өздерінің тез құнсызданып кетуі мүмкін
ақшалай қаражаттарын мүмкіндігінше тез арада қорларға ай-
налдыруға тырысады. Бұл экономикалық агенттердің қолында
ақша қаражаттарының жетіспеушілігіне алып келеді. Тауарларды
дүрлікпе (ажиотаж) сатып алуға тырысудың нəтижесі сұраныс
инфляциясының күшеюіне алып келеді.
4. Инфляция ұзақ мерзімдік инвестициялаудың мүмкіндік-
терін төмендетеді.
5. Инфляция фирмалардың амортизациялық қорларын құн-
сыздандырады, сөйтіп ұдайы өндірістің қалыпты жұмыс істеуі
бұзылады жəне үдерісі қиындайды. Инфляция жинақ түрлерінің
(салымдардың, облигациялар мен сақтандырулардың, т.б.) нақты
құнын төмендетеді. Адамдар мұндай жағдайда ақша жинамау-
ға тырысады, ал фирмалар болса өздерінің тапқан табыстарын
ағымдық тұтынуға бағыттайды, соның салдарынан қоғамның
қар жылық ресурстары қысқарады.
6. Инфляция тұрғындар мен кəсіпорындардың ақша қара-
жаттарын салықтар арқылы жасырын тəркілеуге алып келеді.
Бұл салық төлеушілердің атаулы табыстарының өсуінен салық
салудың аса жоғары тобына автоматты түрде өтуінен орын алады.
Достарыңызбен бөлісу: