Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54


Періштелердің Ибраһим пайғамбарға зияраты мен



Pdf көрінісі
бет135/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   359
Періштелердің Ибраһим пайғамбарға зияраты мен 
сүйіншілері        
Расында, елшілеріміз (періштелер) Ибраһимға (ғ.с.) қош хабар-
мен  сəлем  берді.  Ибраһим  (ғ.с.)  олардың  сəлемін  алып  сонда  де-
реу  пысырылған  бұзау  келтірді. (Ибраһим  ғ.с.)  олардың  қолдарын 
тигізбегенін  көріп,  оларды  жатырқады  да,  олардан  тіксінді.  Олар: 
«Қорықпа! Расында, біз Лұт қауымына жіберілдік», – деді.
(Һуд сүресі, 69-70)
Оларға  Ибраһимнің  (ғ.с.)  қонақтарының  да  жайын  айт.  Сол 
уақытта періштелер, Ибраһимнің (ғ.с.) жанына кіріп: «Сəлем» деген-
де, Ибраһим (ғ.с.): «Біз сендерден қорқамыз», – деді. (Періштелер): 
«Қорықпа! Біз сені білімді бір ұлмен сүйіншілейміз», – деді. 
(Хижр сүресі, 51-53)
(Мұхаммед ғ.с.) саған Ибраһимнің (ғ.с.) ардақты қонақтарының 
(періштелердің) əңгімесі келді ме? Олар Ибраһимге (ғ.с.) кіргенде: 
«Сəлем»  десті.  Ибраһим  (ғ.с.)  да  оларға: «Сəлем,  бөгде  қауым»,– 
ддеді.  Дереу  үйіне  барып,  семіз  бір  бұзау  əкелді.  Оны  оларға 
жақындатып: «Жемейсіңдер ме?» – ддеді. Олардан тіксініп, қорықты. 
Олар: «Қорықпа!» – деді де, оны білімді бір ұлмен қуантты. Сонда 
Ибраһимнің (ғ.с.) жұбайы, алдына ойбайлап келіп, өз бетін ұрды да: 
«Баладан қалған бір кемпірмін», –  деді. 
(Зəриəт сүресі, 24-29)


135
 
Ибраһимнің (ғ.с.) түрегеп тұрған əйелі күліп жіберді. Сонда оны 
Ысхақ жəне артынан Яғқұппен қуандырдық. (Ибраһимнің жұбайы): 
«Əттең-ай! Мен кемпір мына ерім шал, мен туамын ба? Бұл əрине 
таңғажайып нəрсе!» – деді.
(Һуд сүресі, 71-72)
(Періштелер  оған): «Сен  Алланың  əміріне  таңқаласың  ба? 
Алланың мəрхаматы мен молшылығы сендерге болсын (ей, Ибраһим 
отбасы). Шынында, Алла мақтауға  лайық, аса  жоғары». 
(Һуд сүресі, 73)
(Ибраһим ғ.с.): «Маған кəрілік жеткенде қуантасыңдар ма? Мені 
неліктен  сүйіншілейсіңдер?» – ддеді. (Періштелер): «Біз  сені  бір 
шындықпен сүйіншіледік. Енді күдер үзушілерден болма!» – ддеді. 
(Ибраһим  ғ.с.): «Раббының  рахметінен  адасушылардан  басқа  кім 
күдер үзеді?», – деді. 
(Хижр сүресі, 54-56)
Оны пайғамбарлардың ізгілерінен-Ысхақпен сүйіншіледік. Өзіне 
де Ысхаққа (ғ.с.) да береке бердік. Сондай-ақ екеуінің ұрпақтарынан 
жақсы болғандар да, өздеріне ашық зұлымдық еткендер де бар. 
(Саффат сүресі, 112-113)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет