Оқулық Алматы 2010 ббк 65. 051 Ш 78


Статистикалық  бақылау  объектісі



Pdf көрінісі
бет58/63
Дата06.03.2017
өлшемі2,85 Mb.
#7643
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63

Статистикалық  бақылау  объектісі  –  зерттелетін  объектінің  статистикалық 

мəлімет жиналуы тиіс бірліктерінің жиынтығы. 



Статистикалық  бақылауда  фактілерді  есепке  алу  тəсілдері – үш  тəсіл 

қолданылады:  1)  зерттеу  процесінде  фактілерді  тікелей  есепке  алу; 2) жасау 

сəтінде фактілерді құжатпен есепке алуға негізделген есеп; 3) адамдарға сұрақ 

беруге негізделген есеп. 



Статистикалық  бақылауды  ұйымдастыру  нысандары – екі  нысан: 1) статис-

тикалық есептілік; 2) арнайы ұйымдастырылған статистикалық зерттеу. 



Статистикалық бақылаудың жиынтық бірліктерін қамту толықтығына бай-

ланысты түрлері – жаппай жəне жаппай емес бақылаулар. 

Статистикалық  бақылаудың  қатесі – көрнектілік  қатесі  мен  тіркеу  қатесі  деп 

аталатын екі топқа бөлінеді. 



Статистикалық  бақылаудың  мақсаты  –  нақты  əлеуметтік-экономикалық  про-

цестер туралы ақпарат жинау. 



Статистикалық  бақылаудың  міндеттері – ең  қысқа  мерзімде  заттардың  нақты 

жағдайын шынайы баяндайтын дұрыс жəне толық бастапқы ақпарат алу. 



Статистикалық бақылаудың фактілерді оқта-текте есепке алуға байланысты 

түрлері – ағымдағы (тұрақты), кезеңді жəне біржолғы. 

Статистикалық баланс – өзара теңдік белгісімен байланысты абсолюттік шама-

ның екі сомасынан тұратын көрсеткіштер жүйесі. 



Статистикалық жинақтау – зерттелетін құбылыс үшін маңызды бірқатар белгілер 

бойынша қорытып талданған сипаттама алу мақсатында бастапқы деректерді 

ғылыми өңдеу. 

Статистикалық  есептілік  –  кəсіпорынның  жұмысы  туралы  статистикалық  бар, 

арнайы нысанға енгізілген жəне статистикалық органдарға табыс етілген рес-

ми құжат. 


492       ГЛОССАРИЙ

Статистикалық  жиынтық  –  бірыңғай  сапа  негізімен  біріктірілген,  алайда  өзара 

бірқатар белгімен ерекшеленетін сол бір түрдегі жекелеген бірліктердің массасы. 



Статистикалық  кесте – статистикалық  жиынтықтың  жиынтық  сандық  сипатта-

масын беретін кесте. 



Статистикалық  көрсеткіш  –  қоғамдық  құбылыстардың  сапасы  белгілі  сандық 

өлшемі. 


Статистикалық санақ – арнайы ұйымдастырылған статистикалық бақылау, оның 

міндеті қайсы бір құбылыстың санының толық есебі мен құрамының сипатта-

масын  осы  құбылысты  құрайтын  əрбір  бірліктік  статистикалық  формуляры-

на жазу арқылы арнайы ұйымдастырылған статистикалық бақылау. Санақ екі 

түрге бөлінеді: 1) кəсіпорындардың бастапқы есебінің материалдары негізін-

де  (біржолғы  есеп); 2) фактілерді  арнайы  ұйымдастырылған  тіркеу  негізінде 

(халық санағы, ауыл шаруашылығы санағы). 

Статистикалық  формуляр – есептілік  бланкісі  немесе  зерттеу  бланкісі.  Мына-

дай  формулярлар  қолданылады: 1) жиынтық  бірліктерінің  топтары  жөнінде 

мəлімет болатын тізімдік; 2) жиынтықтың жекелеген бірліктері жөніндегі де-

ректер енгізілетін жеке. 



Статистиканың жалпы теориясы – статистиканың ықтималдық теориясына не-

гізделген  тарауы.  Ол  қоғамда,  экономикада,  өндірісте,  табиғи  құбылыстарда 

жаппай  вариацияланатын  құбылыстардың  санын  көрсету,  талдау  мен  мо-

дельдеуді зерттейтін жəне оның əдістерін əзірлейтін кең салалы əдіснамалық 

ғылым болып табылады. 

Сызықтық  вариация  коэффициенті  (v

d

) – орташа  сызықтық  ауытқу  (d)  мен 

арифметикалық орташа шаманы салыстыру көрсеткіші. 

Сызықтық  корреляция  коэфициенті – вариацияланатын  белгілердің  олардың 

орташа  мағынасынан  стандартталған  ауытқуларын  салыстыру  негізін-

де  құрылған  көрсеткіш.  Эмпирикалық  жəне  теориялық  корреляциялық 

қатынаспен салыстырғанда сызықтық корреляция коэффициенті байланыстың 

тығыздығы ғана емес, сонымен бірге оның бағытын – 1-ден +1-ге дейін өзгертіп 

көрсетеді. 



Талдап  қорытылған  көрсеткіштер – бірліктер  жиынтығын  жалпы  жəне  топ-

тар  бойынша  сипаттайтын  көрсеткіштер.  Статистикада  талдап  қорытылған 

көрсеткіштер абсолюттік, қатысты жəне орташа болуы мүмкін. 

Теориялық корреляциялық қатынас – белгі-фактормен байланысты вариация-

ны өлшейтін көрсеткіш. Нəтижелілік белгісінің нақты мағыналарының оның 

мағынасының орташа шамасынан ауытқуын өлшейтін жалпы дисперсия мен 

нəтижелілік  белгісінің  теориялық  мағынасының  оның  нақты  мағынасынан 

ауытқуын  өлшейтін  дисперсияның  арасындағы  айырманың  негізінде 

бағаланады.  Осы  айырма  жалпы  дисперсияның  мағынасына  бөлінеді  жəне 

алынған нəтижеден квадраттық түбір алынады. 

Типологиялық топтар – жиынтықты сапасы біркелкі топтарға бөлу (əлеуметтік-

экономикалық типтерді жеке бөлу).



ГЛОССАРИЙ        493

Типтік іріктеу – зерттелетін көрсеткіштердің вариациясына ықпал ететін белгілер-

ге (типтер жеке бөлінеді) бөлінген жиынтық бірліктерін кездейсоқ іріктеу. 



Топаралық  вариация  (δ

2

) – топтастыру  белгісіне  байланысты  вариация.  Егер 

топтық орташа шаманы вариант ретінде қарастырып, олардың ауытқуын жал-

пы орташа шаманың айналысында есептесек, бұл жағдайда жалпы вариация-

ның осы бөлігін тікелей өлшеуге болады. 



Топ  ішіндегі  вариация  (σ

2

) – белгілердің  топ  ішіндегі,  топ  ішіндегі  дисперсия-

лардың орташа шамасымен өлшенетін вариациясы. 



Топтастыру – зерттелетін  құбылысты  маңызды  белгілер  бойынша  бөліктерге 

бөлу. 


Топтық  индекстер – жиынтық  элементтерінің  бөліктерін  қамтитын  индекстер. 

Мысалы, өсімдік өсіру шаруашылығы мен мал шаруашылығы өндірісінің ин-

декстері топтық болып табылады. 

Тұрақты  құрам  индексі – есепті  кезеңнің  сандары  бойынша  есептелетін  сапа 

көрсеткіштерінің индекстері. 



Тізбекті  индекс – зерттелетін  құбылыстың  100%  ретінде  қабылданған  өткен 

кезеңмен  салыстырғанда  белгіленген  кезең  ішінде  өзгеруін  сипаттайтын  ин-

декс. 

Тік сызықты жəне қисық сызықты корреляциялық байланыстар – таңдалған 

теориялық  байланыс  нысанының  аналитикалық  түрде  көрсетуге  байланысты 

жəне сызықтық немесе сызықтық емес функциямен (параболамен, гипербола-

мен,  жартылай  логарифмдік  қисық  сызықпен,  өкілдік  қисық  сызықпен  жəне 

т.б.) көрсетілуі мүмкін болуына орай ерекшеленеді. 

Тікелей  жəне  кері  байланыстар  –  нəтижелілік  белгісінің  өзгеру  бағытына  бай-

ланысты ерекшеленеді. Белгі факторлық белгі өзгеретін бағытта өзгерсе, онда 

байланыс тікелей, ал басқа жағдайда – байланыс кері болады. 

Тікелей  қайта  есептеу  тəсілі – ішінара  бақылаудың  деректерін  бас  жиынтыққа 

тарату тəсілі. Осы тəсіл қолданылғанда бас жиынтықтың көрсеткіштері ірік-

телген орташа шама немесе іріктелген үлестердің негізінде есептеледі. 

Тіркеу қателері – жекелеген фактілерді тіркеу кезінде туындайтын қателер. Тіркеу 

қателері  өзінің  ерекшелігі  бойынша  кездейсоқ  (қасақана  емес),  немесе  əдейі 

істелген (қасақана) болуы мүмкін. 

Үйлестіру  көрсеткіші  –  бүтіннің  жекелеген  бөліктерінің  аттас  шамаларының 

арақатынасын сипаттайтын қатысты көрсеткіш. Осы бөліктердің біреуі салыс-

тыру базасы ретінде қабылданады. 

Фактілердің тікелей есебі –жиынтықтың бірліктерін жеке санау, яғни қарау, қай та 

санау, өлшеу, салмағын өлшеу жəне т.б. арқылы қажетті мəлімет алу. 



Фактілердің құжаттама есебі – деректердің жүйелі құжаттамалық есебіне негіз-

делетін есебі, кейін осының негізінде статистикалық есептілік нысандары тол-

тырылады. 


494       ГЛОССАРИЙ

Факторлық  белгі – бөлу  қатарының  өзара  байланыста  болатын  басқа  белгінің 

мағынасын анықтайтын жəне нəтижелік белгі деп аталатын бірлігінің белгісі. 



Фехнердің белгі корреляциясы коэффициенті – байланысты сандық белгілердің 

мағыналарының  орташа  шамалардан  ауытқу  белгілерін  салыстыру  негізінде 

бағалайтын көрсеткіш. 

Функционалдық байланыстар – белгі-функцияның толықтай жəне бір мағынаға 

өзгеруі белгі-дəлелдің өзгеруімен анықталатын толық, қатаң байланыстар. Мы-

салы, шеңбердің ауданы толықтай оның радиусымен анықталады: S = π × r

2



Халық  санағы – халықтың  саны,  орналасуы  мен  құрамы  жөнінде  дерек  алу 

мақсатында арнайы ұйымдастырылатын статистикалық бақылау. 



Хронологиялық  орташа  шама – мезеттік  қатардың  орташа  деңгейін  қатардың 

орташаша  деңгейін  кезеңнің  басы  мен  соңындағы  жағдайға  қалыптасқан 

деңгейлердің жартылай сомасы ретінде анықтау арқылы есептеу. 

Ценз – зерттелетін жиынтықтың барлық бірліктерін қанағаттандыруы тиіс шектеу 

белгісі. 



Шағын іріктеме – бірлік саны 20-дан аспайтын іріктеме. Шағын іріктемеде ірік-

теудің орташа жəне шекті қате есебінің формулаларда көрсетілетін өзіндік ере-

кшеліктері болады. 

Шынайы-кездейсоқ іріктеу – бүкіл жиынтықтың кез келген бірлігін бақылау дың 

абсолюттік тең мүмкіндігін қамтамасыз ететін іріктеме əдісі. 



Іріктеме жиынтық (n) – жиынтықтың іріктеп зерттелетін бөлігі. 

Ішінара бақылау – жаппай емес бақылаудың байқалатын жиынтықтың бірліктерін 

кездейсоқ іріктеу арқылы ұйымдастырылатын бір түрі. 



Ішінара бақылау деректерін бас жиынтыққа тарату тəсілдері – тікелей қайта 

есептеу тəсілі мен коэффициенттер тəсілі. 



Іріктеме қате – іріктелген үлес пен іріктелген орташа шаманың бас жиынтықтағы 

үлес пен орташа шамадан ауытқуының ықтимал шектері. 



Іріктеменің  шекті  қатесі  (∆) –  сенімділік  коэффициентіне (t) көбейтілген,  шек-

ті қате t-есе орташа қатеден аспайтынына кепілдік беруге болатын ықтимал-

дыққа тəуелді қате. 

Экспедициялық сауалдама – зерттелетін тұлғаны арнайы тағайындалған тұлғаның 

(тіркеушінің немесе интервью алушының) сұрауы жəне осының негізінде сау-

алдама парағын толтыруы. 

Экстраполяция – құбылыстың  одан  əрі  дамуын  регрессия  теңдеуінің  негізінде 

болжау. 


Эмпирикалық  корреляциялық  қатынас  (η)  −  факторлық  жəне  нəтижелік 

белгінің  арасындағы  байланыстың  тығыздығын  сипаттайтын  көрсеткіш.  Ол 

детерминация коэффициентінің квадраттық түбірі болып табылады.


ГЛОССАРИЙ        495

«ƏЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ СТАТИСТИКА» 

II БӨЛІМІНЕ  ГЛОССАРИЙ

Ағымдағы  трансферттерге  табысқа  салынатын  ағымдағы  салықтар  (үй 

шаруашылықтары  мен  кəсіпорындар  үнемі  төлейтін);  сақтандыру  төлемдері 

мен сақтандыру өтемақылары; ағымдағы халықаралық ынтымақтастық, табиғи 

зілзалалардан  кейінгі  жедел  жəрдем;  өсім,  айыппұл;  сот  шығындарының 

төлемдері; лотереялар мен құмар ойындарда төленетін ұтыстар. 

Адамның  даму  индексі – үш  индекстің,  яғни  өмір  сүрудің  ұзақтығы,  білім  алу, 

жан басына шағылған нақты жалпы ішкі өнім деңгейінің арифметикалық ор-

таша шамасы ретінде есептеледі. 

Айналым капиталы – бір өндірістік циклде немесе қысқа күнтізбелік кезең ішін-

де  (бір  жылдан  аспайтын)  тұтынылатын,  сондай-ақ  жасалған  өнімге  заттай 

кіретін жəне өзінің құнын оған толықтай көшіретін еңбек заттары. 

Айналыстағы ақша – заңды жəне жеке тұлғалар тауарлар мен қызметтерді төлеу 

құралы, құрал-жабдық құны мен қорландыру қаражаты ретінде банктен тыс 

ұстайтын ақша сомасы (банкнота, монета). 

Активтер  мен  пассивтер  балансы  есептеу  арқылы  жиынтығы  макродеңгейде 

ұлттық  байлықты  немесе  елдің  ұлттық  капиталын  құрайтын  экономи-

ка  секторының  «меншікті  капиталдың  таза  құны  (тозуды  шегергенде)» 

көрсеткішін шығаруға мүмкіндік береді. 



Активтер  мен  пассивтердегі  өзге  өзгерістер  шотында  активтер  мен  пассивтер 

құнының табиғи зілзала, соғыс салдарынан өзгеруі көрсетіледі. 



Акциялар мен капиталда үлестік қатысудың басқа да түрлері (үлестік жарна) 

– меншік иесінің акционерлік қоғамның меншігіндегі үлесін, əсіресе кəсіпорын 

күйзелген, банкрот болған жағдайда растайтын, сондай-ақ пайданың бөлігін 

дивиденд  түрінде  алуға  құқық  беретін  бағалы  қағаздар;  олар  шын  мəнінде 

борыштық міндеттеме болып табылмайды. 

Ақша  айналымының  саны  ақша  бірліктері  мен  төлем  құралдарының  ЖІӨ-ге 

қызмет  көрсету  кезеңіндегі  қайталауының  (есенің,  айналымның)  орташа  са-

нын көрсетеді. 

Ақша базасы – Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілейтін ақша. 

Ақша  массасы – шаруашылық  айналымына  қызмет  көрсететін  сатып  алу  жəне 

ақшалай қаражаттың жиынтық көлемі (ЖІӨ). 



Арнайы  қарыз  алу  құқықтары  (АҚҚ) – ХВҚ  жасайтын  халықаралық  ре-

зерв  активтер.  АҚҚ  жасалатын  операциялар  осы  елдің  жəне  əлемнің  тиісті 

қалған  елдерінің  қаржы  органдарының  қаржы  шоттарында  жазылады.  АҚҚ-

ын  тек  ресми  органдары,  əдетте  ХВҚ  мүше  елдердің  орталық  банктері  ғана 

ұстайды. Құқықтар ХВҚ арнайы қарыз алу құқықтары департаментіне кіретін 

бір  қатысушылардан  басқаға,  сондай-ақ  ХВҚ  белгілеген  бір  ұстаушылардан 



496       ГЛОССАРИЙ

басқа  ұстаушыларға  беріледі.  АҚҚ  əр  ұстаушының  басқа  резерв  активтерді, 

атап айтқанда шетел валютасын алуға кепілді жəне шүбəсіз құқығын білдіреді. 

АҚҚ құны валюта қоржынының негізінде күн сайын анықталады. 



Атаулы  еңбекақы  мен  атаулы  табыстар – бұл  осы  көрсеткіштердің  ағымдағы 

бағада ақшаға шағылуы. 



Ауыл шаруашылығы өнімі – өсімдік өсіру шаруашылығы мен мал шаруа шылығы 

«шикі»  өнімдерінің,  яғни  бастапқы,  басқа  салаларда  өңделмеген  өнімдердің 

жиынтығы. 

«Ауыл  шаруашылығы»  саласы  өнімінің  шығарылымы  оның  салаларының 

шығарылымдарының  сомасы,  яғни  өсімдік  шаруашылығының  шығарылымы 

плюс  мал  шаруашылығының  шығарылымы  плюс  ауыл  шаруашылығына 

көрсетілетін қызметтердің құнының сомасы ретінде анықталады. 



Аяқталмаған өндіріс – кəсіпорын өңдей бастаған, алайда басқа институционал-

дық бірліктерге жеткізу үшін бір мекеме (цех) шегінде аяқталмаған заттар. 



Əлеуметтік  транферттер  –  мемлекеттік  бірліктер  үй  шаруашылықтары  мен 

коммерциялық  емес  ұйымдарға  əлеуметтік  жəрдемақы  жəне  жеке  меншік 

нарықтық емес тауарлар мен қызметтер түрінде береді. 

Бағалы қағаздар – ақшалай, ресми түрде ресімделген құжаттар. Осы құжаттар дың 

иесі оларды табыс ету немесе беру арқылы оларды шығарған тұлғаға қатысты 

мүліктік  құқықтарын  растайды.  ҚАҚ-та  барлық  бағалы  қағаздар  келесі  екі 

экономикалық категорияға бөлінеді. 



Байланыс  саласының  шығарылымы  келесі  қызметтердің  түрінің,  яғни  байла-

ныс кəсіпорындарының пошта, кезеңді баспасөз, жіберілген затты жеткізуден, 

пошта  маркілерін,  ашық  хат  жəне  т.б.  сатудан  алатын  табысының;  телефон 

жəне  телеграф  арналарын  пайдалану,  телефон  орнату  төлемінің,  радио  мен 

теледидардан  түсетін  түсімнің;  жеке  адамдарға  қызмет  көрсетуден  түсетін 

табыстың сомасымен анықталады.



Борыштық  міндеттемелер  –  қарыз  алушы  қарыз  қаражат  алғанда  кредиторға 

беретін  қарызға  алынған  сома  мен  оның  шарттары  жазылған  құжаттар. 

Борыштық міндеттемелердің ерекшелігі – белгіленген мерзім аяқталғаннан 

кейін  тіркелген  табысты  қамтамасыз  етіп  иеге  қайтарылуы  (облигациялар, 

индекстелген бағалы қағаздар, вексельдер, депозиттік сертификаттар, жеке-

шелендіру чектері). 



Бөлу  операциялары  –  табыстармен  жасалатын  операциялар;  еңбекақы,  пайда, 

пайыздар, барлық трансферттер (салықтар, əлеуметтік төлемдер). 



Бөлшек сауда тауар айналымы – кəсіпорындардың, жеке тұлғалардың халыққа 

түпкілікті тұтыну үшін тауар сатуы. 



Бөлінбеген табыс – таза табыстан дивиденд шегеріліп анықталады. 

Буындылық  коэффициенті  –  қайта  сату  санының  көрсеткіші,  жалпы  тауар 

айналымының таза тауар айналымына қатынасы ретінде есептеледі. 



ГЛОССАРИЙ        497

Бүкіл  өнімнің  өзіндік  құны – өнімнің  белгіленген  көлемі  мен  құрамын  жасап 

сатуға жұмсалған шығынның жалпы сомасы. 



Бюджет шығысы – қайтарылатын төлемдер, ақылы жəне өтеусіз, ағымдағы жəне 

күрделі. 



Бюджеттік жіктеу – табыстар мен шығыстарды мемлекеттік басқару органдары-

ның  бюджеттік  қызметін  сипаттайтын  біртектес  белгілер  бойынша  жүйелі, 

заңды түрде топтастыру. 

Даяр өнім – өндіруші басқа институционалдық бірліктерге жеткізгенге дейін өндіру-

ші лер де сақталатын  тауарлар.  Олар  белгіленген  стандарттарға  жауап  береді, 

сертификатпен жабықталған, толықтай қапталған, осы кəсіпорында ешқандай 

өңдеуді қажет етпейді. 



Дебиторлар мен кредиторлардың өзге шоттарына сауда (коммерциялық) кре-

диті, жұмыс үшін төленетін аванс, өзге дебиторлық (кредиторлық) берешек, 

(мерзімінде төленбеген пайыз бойынша берешек) кіреді. 

Депозиттер – бұл  кəсіпорындардың,  мекемелердің,  ұйымдардың,  халықтың  са-

лымдары. 



Дефлятор  бағалардың  жиынтық  деңгейін,  яғни  экономикадағы  жыл  ішіндегі 

бағаның орташа бағасын сипаттайды; бұл жалпы ішкі өнімнің атаулы құнының 

оның нақты құнына қатынасы ретінде есептелетін біріктірілген баға индексі. 

Джини коэффициенті – халықтың бүкіл табыс сомасының халықтың квинтильдік 

топтары арасында бөлінуін сипаттайды. 



Елдің  ұлттық  байлығы  –  елде  жинақталған  экономикалық  активтердің:  тауар 

өндіруге,  қызмет  көрсетуге  жəне  адамдардың  өмір  сүруін  қамтамасыз  етуге 

арналған қаржы емес жəне таза қаржы активтерінің белгіленген уақыт сəтінде 

жинақталған жиынтығы. 



Еңбек ететін халық (еңбек ресурстары) – еңбек етуге қабілетті халық, яғни нақты 

жұмыс істейтін жəне экономикада жұмыс істемейтін, алайда еңбек ете алатын 

ықтимал қызметкерлер. 

Еңбек өнімділігі – еңбектің еңбек шығынының бірлігіне шағылған өнімнің белгі-

ленген мөлшерін шығару қабілеті. 



Еңбек  өнімділігінің  жалпы  (жиынтық)  көрсеткіштері  –  осы  уақыт  кезеңінде 

жұмысшылардың  (жұмыс  істейтіндердің)  жиынтығының  бір  немесе  бір-

неше  жұмыс  түрін  орындаған  кездегі  өнімділігін  көрсетеді.  Жұмысшының 

(қызметкердің) жұмыс уақыты бірлігіндегі орташа өнімділігі ретінде есептеледі. 



Еңбек өнімділігінің индексі – капитал қайтарымы индексі мен еңбектің капитал-

мен жарақтандырылу индексінің көбейтіндісіне тең.



Еңбек  өнімділігінің  кері  көрсеткіші – еңбек  сыйымдылығы – өнім  бірлігін 

өндіруге жұмсалған еңбектің мөлшері. 

32 – 3/10-09


498       ГЛОССАРИЙ

Еңбек  өнімділігінің  құндық  көрсеткіштері  –  жұмыс  уақытының  бірлігінде  не-

месе бір қызметкер өндірген өнімнің құны. 



Еңбек өнімділігінің натуралды (заттай) көрсеткіштері – жұмыс уақыты бірлі-

гінде немесе бір қызметкер табиғи түрде өндірген өнімнің саны; ел деңгейінде 

тек біркелкі өнім түрлері бойынша немесе жекелеген өндіріс деңгейінде есеп-

теледі. 


Еңбек өнімділігінің тікелей көрсеткіші – шығарылым – еңбек шығынының бір-

лігі жұмсалып шығарылған өнімнің мөлшері. 



Еңбекке қабілетті жастағы еңбекке жарамды халықтың саны еңбекке қабілетті 

жастағы халықтың санынан (тұрақты) əлеуметтік қорғау органдарында зейнет-

ақы  алатын,  еңбекке  жарамды  жастағы  жұмыс  істемейтін I жəне II топтағы 

мүгедектердің саны мен еңбекке қабілетті жастағы, жеңілдікпен жасы бойынша 

зейнетақы алатын жұмыс істемейтін зейнеткерлердің саны аз. 

Еңбекке қабілетті жастағы халық – халықтың ҚР еңбек заңнамасына сəйкес ой 

еңбегімен жəне дене еңбегімен айналыса алатын бөлігі (ерлер 16–63 жас арасы 

мен əйелдер 16–58 жас арасында). 

Еңбектің  капиталмен  жарақтандырылуы  (қормен  жарақтандырылуы) –  бір 

орташа  тізімдік  қызметкерге  орташа  шағылған  негізгі  капиталдың  көлемін 

көрсетеді. 

Жалдамалы емес (өздері жұмыс істейтін) қызметкерлер – үй шаруашылықтары-

ның мүшелерінің иелігіндегі корпоративтік емес кəсіпорындарда немесе дер-

бес өз есебінен табыс алатын жұмысы бар азаматтар. 

Жалпы қолда бар ұлттық табыс – ұлттық табыстан шетелден алынған жəне ше-

телге  берілген  ағымдағы  трансферттер  сальдосының  мөлшерімен  ерекшеле-

неді. 

Жалпы  өңірлік  өнім  өңірдің  (облыстың,  ауданның,  қаланың)  экономикалық 

қызметін  сипаттайды  жəне  ҚР  өңірлерінің  негізгі  бағаларындағы  жалпы 

қосылған құндардың сомасы ретінде анықталады. 

Жалпы  пайда  немесе  экономиканың  жалпы  аралас  табыстары  екі  альтерна-

тивті көрсеткіш болып табылады. Пайда жалдамалы қызметкерлері бар қаржы 

жəне  қаржы  емес  корпорациялар  секторларының  кəсіпорындары  бойынша 

сальдо  арқылы  жалпы  қосылған  құн  минус  еңбекақы  минус  өндіріске  салы-

натын  басқа  да  таза  салықтар  ретінде  анықталады.  Аралас  табыс  жеке  не-

месе  басқалармен  əріптес  болып,  еңбек  немесе  лауазымдық  жалақы  түрінде 

сыйақы  алмай  жұмыс  істейтін  корпоративтік  емес  кəсіпорындар  бойынша 

анықталады. 



Жалпы табыс мынаған тең: өнім сатудан түскен табыс минус сатылған өнімнің 

өзіндік құны минус кезеңнің шығыстары (əкімшілік шығыстар).



Жалпы тауар айналымы – қайталама шотты қоса алғанда, тауардың өндіруші ден 

тұтынушыға дейінгі қозғалыс жолындағы барлық сатудың сомасы. 



Жалпы ұлттық жинақ ақша нақтыланған қолда бар ұлттық табыс минус түпкі-

лікті тұтынуға жұмсалатын шығыстар ретінде есептеледі. 



ГЛОССАРИЙ        499


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет