Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2



Pdf көрінісі
бет171/211
Дата07.01.2022
өлшемі4.09 Mb.
#20614
түріОқулық
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   211
Коваленттік  байланыс – электрондардың  жалпыландырылуы, ортақ
электрондық жұптарының түзілуі
Кодон – бір амин қышқылына сəйкес иРНҚ- ның тізбектелген үш нуклеотиді.
Компетенция (лат. competo – тура  келемін, жетемін, жараймын) –
жасушалардың, ұлпалардың, мүшелердің, организмнің  индукторлық  əсерді
қабылдап  алуға  қабілеттілігі  жəне  əсер  еткен  факторға  жауап  ретінде  өзінің  даму
бағытын өзгертуі.


259
Комплементарлы ДНҚ (лат. complementum – қосымша, үстеме) – ферменттер
қатысуы  арқылы  жасанды  жолмен (қолдан) синтезделген  иРНҚ-ның  көшірмесі
(кДНҚ).
Комплементация  генетикалық (ағ. genetic complementation) – будан
жасушалар  ішіндегі  əрекеттесу  негізінде, ақауы  бар  гендердің  фукциясын  өз
қалпына келтіруі.
Комплементация физиологиялық (ағ. physiological complementation) – будан
жасушалардың  белгілі  бір  жағдайларда  көбеюге  жəне  морфогенезге  қабілеттілігін
қалпына  келтіруі, ал  сондай  жағдайда  ата-аналық  жасушалардың  ондай  қабілетін
көрсете  алмауы; мұндай  жағдайда  ата-аналық  жасушалардың  ақаулығы  қандай
болсын бір мутацияларымен байланысты емес.
Корреляция (өсімдікке байланысты) (лат. correlation – ара қатыс, байланыс) -
өсімдік  мүшелерінің  үйлесімді  əрекеттесуі, ол  метаболиттермен (трофикалық  К.)
немесе  фитогормондармен (гормондық  К.) реттеледі  жəне  жалпы  өсімдік
организмінің үйлесімді өсуі мен дамуын қамтамасыз етеді.
Криобиология – төменгі  жəне  өте  төменгі  температуралардың  биологиялық
обьектілерге тигізер əсерін зерттейтін биологияның бір бөлімі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   211




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет