Оқулық «Білімді дамыту федералдық институты»



бет32/67
Дата19.01.2023
өлшемі0.81 Mb.
#61913
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   67
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

  1. Электр қауіпсіздігі деген не және ол неден тұрады?

  2. Электр тогының соғуы адамды қандай салдарларға ұрындыруы мүмкін?

  3. Электр токтары қауіптілік деңгейі бойынша қалай жіктеледі?

  4. Электр тогы әрекетінен қандай қорғаныс құралдары бар?

  5. Өзіңізді ток соғудан қалай қорғауға болады?



VI ТАРАУ
ЖҰМЫС ОРНЫНДА ЖАЙЛЫЛЫҚПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШАРТТАРЫ

6.1.

ӨНДІРІСТІК ЖАРЫҚТАНДЫРУ ТҮРЛЕРІ
Адамның көру талдауыштарының жұмысы үшін барынша жағымды жағдайда табиғи жарық береді, ол елді мекеннің географиялық кеңдігіне, ғимараттың жарық тараптары бойынша бағдарлануына, терезе ойықтарының кеңдігіне, қабырғаның түсіне байланысты. Елдің аумағы шартты түрде сәулелік ахуалдың бес белдеуіне — Қиыр Солтүстіктен бастап Солтүстік Кавказдың аудандарына және Қара теңіз жағалауларына бөлінеді.
ДЭСМ бар жайларда табиғи да, сондай-ақ жасанды да жарықтандыру болуы тиіс. Жарық беру қондырғылары пайдалануға қолайлы, қарапайым, ұзақ мерзімді болулары, эстетика, электр қауіпсіздігі талаптарына жауап берулері тиіс. Жасанды жарықтандыру үшін екі түрлі электр лампалары пайдаланылады: қызатын лампалар және газ разрядты лампалар. Қызатын лампалар сәуленің жылулық көздеріне жатады. Олардағы көрінетін сәулелену (сәуле) вольфрам жібінің электр тогымен қызуы нәтижесінде пайда болады.
Газ разрядты лампалардағы көрінетін сәулелену атмосферада инертті газдардың электрлік разрядының немесе металл булары разрядының нәтижесінде олармен лампа колбасының толуы арқылы пайда болады. Газ разрядты лампалар, сондай-ақ, люминесцентті деп аталады, өйткені колбалар ішкі жағынан ультра күлгін сәуелелену әрекетімен жарқырайтын люминоформен жабылады, сол арқылы жарықта көзге көрінбейтін ультра күлгін сәуелелену құрайды.
Бұл лампалардың қызмет мерзімі біршама басым, кейбір түрлерінде 8... 12 мың сағатқа дейін жетеді. Тиісті түрді инертті газдар, металдар буларын, люминофор таңдап алу арқылы, бұл лампалардан кез келген қалаған спектрлік сәуле ағынын алуға болады.
Көрінетін жарықтың спектрлік құрамы бойынша мына лампалар:

  • күндізгі жарық (КЛ);

  • сәуле таратуы жақсартылған күндізгі жарық (ЖКЛ);

  • суық ақ жарық (САЛ);

  • жылулық ақ жарық (ЖАЛ);

  • ақ жарық (АЛ) белгіленеді.

Алайда олардың кемшілігі де бар — сәуле ағынының соңғысы көзбен қабылдаудың бұрмалануына әкеп соқтыруы мүмкін.
Жұмыс орындарының жарықтану деңгейі 300 лк кем болмауы тиіс.
Жайдағы терезелер солтүстік немесе солтүстік-шығысқа шығуы тиіс. Дұрыс жобаланған жарық ағзаның қажуын төмендетеді және еңбек өнімділігінің жоғарылауына ықпал етеді.
Жұмыс орнын барынша жақсы жарықтандыру — экран мониторына жарқырауық сәулелерді түсірмейтін бытыраңқы сәуле. Шырағдандар жайдың жоғарғы аймағында орналастырылуы тиіс. Қабырғалар мен терезе перделерінің түсі байыпты, ақ түсті, жарқырамайтын реңде болуы қажет.
Ғимараттағы розеткалар «220 В» белгісімен маркалануы тиіс. Кез келген жарық жұмыс столының артқы жағында болмауы тиіс, жарық сол жақтан түскені оң болады. Егер баспа мәтіндермен жиі жұмыс істеуге, ал мәтінді арнайы тұғырға қоюға тура келсе, стол үстіне оқшауланған жарық қосқан дұрыс. Жайлардағы жасанды жарық ДЭСМ пайдалану үшін жалпы бірқалыпты жарық жүйесімен жүзеге асырылуы тиіс. Сәуле бытыратқыштары және экрандау торлары жоқ шырағдандарды қолдануға жол берілмейді.
Жұмыс құжаты орналасқан аймақтағы стол бетінің жарықтандырылуы 300...500 лк құрауы тиіс. Жарық экран бетінде сәулелер құрмауы қажет. Экран бетінің жарықтандырылуы 300 лк жоғары болмауы тиіс.
Жұмыс істейтін жоғарғы беттерде (экран, стол, клавиатура және т.б.) шырағдандар түрлерін дұрыс таңдау және табиғи және жасанды жарық көздеріне қатысты жұмыс орындарының дұрыс орналасуы есебінен шағылысатын «жарқырауды» шектеген дұрыс.
Компьютерлерді кабинет периметрі бойынша орналастыру барысында шырағдандар жұмыс столының үстінде оқшауландырып орналастырылуы тиіс. Толықсу коэффициенті 5 %-дан аспауы қажет. ДЭСМ пайдаланатын ғимараттардағы жарықтандырудың нормаланатын мәндерін қамтамасыз ету үшін терезе рамкалары шыныларын және шырағдандарды тазалау жылына екі реттен сирек жүргізілмеуі және жанып кеткен лампалар мезгілімен ауыстырылуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   67




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет