Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


IgG бұл жағдайда онкологиялық аурулардың қан сарысуындағы  кедергi (блоктаушы) фактор



Pdf көрінісі
бет150/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   296
IgG бұл жағдайда онкологиялық аурулардың қан сарысуындағы 
кедергi (блоктаушы) фактор рөлін атқарады. Антиген детерминантының 
IgG-мен жабылғаны ісік жасушаларының өсу жылдамдығына ешқандай 
әсер етпейдi. Лимфоциттер ісік тінiнің антигенді бөгделiгiн ажырата 
алмайды, ал ісік жасушалары ағза жағынан қарсылық жоқ болғандықтан 
өзінің өсуін жалғастырады.
Кедергi факторлар ретінде ерігіш ісік антигендер мен айналымда 
жүретін иммунды комплекстер де бола алады. Бұл кезде олар Т- 
лимфоциттердің антигентанушы рецепторларына кедергi жасайды да,
оның ісікке қарсы белсенділігін төмендетеді. Кедергi факторларды ауру 
қанынан жою үшiн плазмаферез, иммуносорбция, сау донорлардан қан 
ауыстырып қан құю тәрізді шаралар қолдану арқылы өткiзiледi.
Бірақ IgG-ң ісікке қарсы рөлі бірқалыпты еместігін айта кету керек. 
Бірқатар жағдайда, бұл топтық антиденелер комплемент белсендігін 


167 
шақыра алады және ісік жасушаларының комплемент тәуелді лизисін 
(КТЛ) қоздырады.
Сонымен қатар, IgG жасушалық иммунитет дамуында, яғни
жасушалық антиденетәуелді цитотоксикалығында қатысады (АТЖЦ)
нәтижесінде жасушаларды ерiп, жойылады. АТЖЦ-та организмдегі әр 
түрлі жасушалар қатыса алады (23-ші сур.). 
АТЖЦ жасушалық және гуморалды иммунитет арасында шекаралық 
механизм болып келедi. Бұл серпілісті лимфоциттердің арасында не Т-, не 
В-лимфоциттерге жатпайтын бетінде IgG-ге арналған Fc-рецепторлары бар 
үлкен гранулярлы K-лимфоциттер атқарады. Бұл жасушаларды бұрын NК-
жасуша деп атаған, ал қазір табиғи жасушалардың субпопуляциясы деп 
атайды, 
ал 
NК-лимфоциттер 
ісік 
жасушаларына 
арнайы 
емес 
цитотоксикалық әсерін көрсетеді. IgG молекуласы өзінің Fab-үзіндісімен 
ісік жасуша бетіндегi антиген детерминантымен байланысады, ал Fc-
үзіндісі К-жасушаның Fc-рецепторымен қосылады. Бұл рецепторлар 
арқылы К-жасуша белсенедi және ісік жасушасының мембрана бұзатын 
бірқатар медиаторлар (белоктар) түзеді. 
Жоғарыдағыларды қоса келе, ісікке қарсы иммунитетте В-жүйенің 
рөлі бірыңғай емес. Жиі жағдайда ісік антигендеріне қарсы антидене 
түзілуі iсiк өсуіне тосқауыл жасамайды, керісінше оны үдетеді. Соған 
қарамастан, кейбір ісіктер кезінде антиденелердің ісікке қарсы әсері 
болады, бірақ В-жүйесін қоздырушы заттарды байқап тағайындау керек, 
себебі iсiк ауруының ағымын әрі қарай қиындатуы ықтимал



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет