Байқоңыр – ғарыш айлағы. Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан. Іргесі 1955 жылы қаланған. 1957 жылы 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды.
Байқоңыр әлемдегі ең ірі жер беті ғылыми ғарыш полигоны саналады.
1961 жылы 12 сәуірде адамзат тарихында түңғыш рет Юрий Гагарин Юрий Алексеевич Байқоңырдан «Восток» кемесімен ғарышқа аттанып, ғарышты бағындырды. Байқоңырдан Ай, Марспен Шолпанды зерттеуге арналған ғарыш аппаттары бар. РТ да ұшырылады. 1991 жылы 2 қазанда қазақтың тұңғыш ғарышкері – Тоқтар Әубәкіров «Союз Т-13» ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Қазақ ғарышкері – Талғат Мұсабаев ғарышта екі рет (1994, 1998) жылдары болды. «Байқоңыр» ғарыш алаңы 1991 жылы Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, 1993 жылы Ресей Федерациясына 20 жылға жалға берілді. «Байқоңыр» кешенінен Қазақстан республикасының аумағына жылына 30-35 мың тонна улы зат таралады. Ракеталардан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының табиғатына көп зақым келтірді.
3-тапсырма. «Байқоңыр» туралы диаграмманы толықтырыңыздар.