Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым Н. М. Жариков, Л. Г. Урсова



Pdf көрінісі
бет135/167
Дата19.03.2022
өлшемі11,02 Mb.
#28430
түріОқулық
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   167
ЖАБЫСҚАҚТЫҚ  НЕВРОЗЫ
Жабыскактык  невроз  дегеніміз  —  бұл  наукастарда  еркінен  тыс  жабыскак 
ойлар,  коркыныштар,  кимылдар  пайда  болуымен  жүретін  невроз  формасы. 
Олар наукас үшін жат,  бірак олардан арыла алмайды.
Психопатологиялык көріністердің кайсысының басым болуына байланысты 
жабыскак  невроздың  3  түрі  белгілі:  обсессивті,  фобиялык ж әне  жабыскак- 
компульсивті.
Невроздың обсессивті турінде наукастар жабыскак естеліктерге (фамилия- 
ларды, жағымсыз ситуацияларды естеріне алады), елестерге (өз басынан өткен 
жағымсыз  окиғалар,  кітаптардан  немесе  өзге  көздерден  алынған  өзіне таныс 
окиғалар)  шағымданады.  Ауру  осы  психикалык  кұбылыстардың  бөтендігін 
түсінеді,  бірак олардан арылуға дәрменсіз.  Олар кандай да бір  әрекетті толык 
орындауға кедергі жасайды, кажытады.
Жабыскактыктар үнемі кумэнданулар аркылы да көрініс  береді.  Наукастар 
орындаған істерінің шындығына сенімсіз,  есікті жапты  ма, жарыкты сөндірді 
ме, үйден шыкканда газды сөндірді ме және т.с.с.  кайталап көп рет тексереді.
Наукас  П.,  28 жаста, слесарь. Алғашкы жүктіліктен дүниеге келген.  Өз жа- 
сына сай дамып,  өскен.  Балалык шағында  балалар  инфекциясымен ауырған. 
Психикалык  аурулармен  тұкым  куалаушылык  ауырлығы  жок.  Әкесі  мінезі 
бойынша жұмсак, анасы ұялшак, көңілшек, ренжігіш. Наукас мінезі бойынша 
педант,  үқыпты,  карым-катынаста ашык,  бір  істен  екінші іске ауысуы  киын. 
Мектепке 7 жасында барған, жаксы окыған.  Сабак кезінде өзінің шешімдерінің 
дұрыстығына  күмәнді  болған.  10-сыныпты  бітіріп,  слесарь  болып  жұмыска 
орналаскан. Жұмысына жоғары жауапкершілікпен караған.  Кезекті жиналыста 
цех  бастығы  жұмыска деген  жауапсыздык  нәтижесінде  көрші  цехта төтенше


Жабысқақтық неврозы
217
окиға  болғанын  айткан.  Артынан  ол  адамдардың  катаң  жаза  алатындығын 
айткан. Жұмыстан кейін наукаста, станокты сөндірдім бе, жок па деген сезікті 
ой пайда  болады.  Үйіне жете  бере,  ол станокты тексеру үшін,  жұмыска кайта 
оралуға мәжбүр болған. Осындай ойлар күнде кайталанып отырған.  Ол онымен 
күресуге  тырыскан,  бірак  нәтижесіз.  Кей  уакыттарда  аса  тітіркенгіштік, 
ашушаңдык таныткан.
Стационарға түскенде наукаста аздап  үрейшілдік байкалды.  Жұмыс орны, 
жанұясы  туралы  көп  күйзеліп,  ойланады.  Наукас  өзінің  істеген  істерінщ  
дұрыстығына  үнемі  күмәнданатындығына,  одан  арыла  алмайтындығына 
шағымданады.  Өз күмәнінің негізсіздігін біле тұра,  бірнеше рет оларды тексе- 
руге  мәжбүр  екендігін  айтады.  Наукас  өз  күйіне  сыни  көзкараспен  карайды, 
оның  кажу жағдайына  байланысты  екендігін  түсінеді.  Дәрілік ж әне  психо- 
терапиялык емнен кейін жағдайы жаксарды.  Жұмысына шыкты.
Жабыскактык  невроздың  фобиялык  нұскасының  клиникалык  көрінісінде 
басты рөл коркыныштарға (фобияларға) тән. Олардың ішінде ең кең тарағаны — 
ауыр соматикалык және инфекциялык ауруларға шалдығу коркынышы (мио­
кард  инфарктымен,  катерлі  ісікпен,  мерезбен  және  т.б.).  Наукас  өз  ойының 
дұрыс  емес  екенін  түсінеді,  бірак  олардан  арыла  алмайды  ж әне  белгілі  бір 
жағдайларда  осы  ойлар  оны  катты  толкытады.  Кардиофобиямен  ауыратын 
наукасты лык толы автобус ішінде,  метрода,  тар жерлерде инфаркт пайда бо­
лады деген коркыныш және сенім баурайды. Жүрек аймағынан жағымсыздыкты 
сезінгенде (соматовегетативтік реакциялар), дер кезінде медициналык кызмет 
көрсете алмайды деген күмән пайда болғанда наукас коркынышы күшейеді.
Наукас Л.,  32  жаста,  инженер.  Нашар  ұйкыға,  тез  шаршайтындығына, 
өлімнен  коркы ны ш ка,  тәбетінің  ж окты ғы на  шағымдар  айтады.  Тұкым 
куалаушылык ауырлығы жок.  Әкесі ашушаң, тітіркенгіш, ішімдікті шектен тыс 
колданады, балаларының көзінше жанжал көрсетеді.  Балалары коркыныштан 
үндемейтін  болған,  наукастың  айтуы  бойынша  «коркыныш  бүкіл  денесін 
баураған».  Анасы  момын,  үндемейтін,  мейірімді,  әкесіне  бағынышты  жан 
болған.  Балаларымен жаксы катынаста болған,  мүмкіндігінше оларды еркеле- 
туге тырыскан.
Наукастың  мінезі  сезімтал,  әсершіл,  тұйыктау.  Екі  ағасымен  өсіп,  оларды 
бағып-күткен. Сегіз сыныпты және индустриалды техникумды бітірген. Күйеуде 
болған, артынан ажырасып кеткен.  Бес жастағы ұлы бар. Шешесі және ағасымен 
бір пәтерде тұрады. Жанұясында ұрыс-керіс жиі болады, ағасы арак ішіп, ұлына 
нашар  ыкпал  етуде.  Наукас  ол  үшін  көп  күйзеледі,  ағасымен  бірнеше  рет 
әңгімелескен,  бірак ол ешкандай нәтиже бермеген. Өзінің ашушаң, тітіркенгіш 
болып  кеткендігін  байкаған.  Жұмыс  уакытында  үй  жайлы  көп  ойлаған,  осы 
жағдайлар  баласының тәрбиесіне кері әсерін тигізеді деп  күйзелген.  Өзі үйде 
болмағанда,  ағасы  оның  баласына  закым  келтіреді  деп  корыккан.  Бір  күні 
жұмыс  уакытының  соңында,  үйінде  бір  жаман  жағдай  болатындай  сезінген. 
Жауапты  жұмыс  болғандыктан,  жұмысын  тастап  кете  алмаған.  Кеудесінде 
жайсыз  сезім  туып,  калтырап,  жүрегі  токтап  калатындай  болған.  Терапевтке 
каралып, амбулаторлы ем кабылдаған. Терапевт жүрек-кан тамырлары жүйесі 
тарапынан  органикалык  бұзылыстар  таппаған.  Екі  күннен  кейін  осы  жағдай


218
XII  Тарау.  Невроздар
кайталанған.  Н европатологка  каралған,  ол  оны  психиатрға  жолдаған. 
Тағайындалған емді күнделікті кабылдамаған.  Жағдайы нашарлаған:  калалык 
транспортта жүруге,  үйде жалғыз  калуға  корыккан.  Осындай  ұстама  кезінде 
жедел жәрдем  шакырған.  Өз  күйзелістерінен  шыға  алмаған.  Осындай ұстама 
тамак ішіп отырған кезде де байкалған, осы жағдайдан кейін тамакты абайлап 
іш іп,  кейде  тамак  ішуден  бас  таркан.  Өз  бетімен  психиатрға  каралып, 
стационарлык емге жолданған.
Психикалык  жағдайы:  әңгімелескенде  толкиды,  шамалы  тұтығады,  өз 
жағдайы  жайлы  жаксы  әңгімелейді.  Жүрегі  тарапынан  күрделі  бұзылыс  жок 
екендігін жокка шығармайды.  Бірак, бұл сенімділік, өзіне шұғыл жәрдем көрсете 
алмайтын жерлерде жоғалып  кетеді.  Наукастармен жаксы  араласады.  Үйі  ту­
ралы көп ойлайды, көмек іздейді,  өз дертінің болжамын сұрайды. Дұрыс өмір 
сүруіне кедергі жасайтын коркыныштардан арылғысы келеді.
Өткізілген  емнен  кейін жағдайы жаксарған.  Наукас  сабырлы,  бөлімшенің 
өмір барысына кызығушылык танытады, еңбек үрдісіне баулынды. Өз жағдайына 
сын көзбен карайды,  коркыныш сезінбейді.
Инфекциялык ауруларға шалдығу фобиясымен, мысалы, сифилофобиямен 
наукастарда,  таныс  емес  адамдармен  жанасканда,  бөтен  заттарды  ұстағанда 
ауру жұғады деген терең кокыныш баурап алады.  Осындай жағдайлардан кейін 
наукастар арнайы шара колданады: киімін дезинфекциялайды, колын бірнеше 
рет кайталап жуады.
Жабыскактык  невроздың  жабыскакты-компульсивті түрінде жағдай  кон­
трасты  идеялармен,  әуестікпен  ж әне  әрекеттермен  аныкталады.  Наукастың 
моральдык ұстанымдарына  карама-кайшы  әрекеттер  жасауға  күшті  мотивсіз 
ойлар  пайда  болады.  Анасында  баласының  басын  ауыр  затпен  ұрып  жаруға, 
оның көздерін үшкір затпен шұкуға және т.б. ойлар пайда болады. Наукастардың 
ойына  коғамдык орындарда  ұятты  іс  жасау тілегі  келеді.  Кейбір  наукастарда 
компульсивті невроз бастың жабыскак козғалыстарымен, мимикамен және т.с.с. 
көрінеді.  Ш амалы  уакытка  наукастар  осы  козғалыстарын  және  әрекеттерін 
тежей  алады.  Б ірак  бұл  уакытта  наукастарда  психикалык  кернеліс  сезімі 
байкалады.
Жабыскактык невроздардың жоғарыда аталған нұскаларының іс жүзіндегі 
бөлінулері  біршама  схемалык,  шартты  сипатта.  Ауру  көрінісінде  обсессивті 
және компульсивті немесе фобиялык невроздардың элементтері жиі кездеседі. 
Кейде  олардың  байланы стары ның  тығыздығы  сонш алы к,  бір  нұсканы 
екіншісінен ажырату мүмкін емес.  Мысалы, наукаста өткір заттарды көргенде 
коркыныш туып,  сол сәтте өз балаларын кескілеп тастағысы келген.
Жабыскак жағдайлар неврозы жағдайы баска невроздарға карағанда, созыл- 
малы ағымда өтеді.  Наукас аурудың ұзак ағымында өз дертін өршітетін ситуа- 
циялардан  алшак жүреді.  Жалпы  алғанда,  олардың  симптоматикасы  біркатар 
эволюция жасайды.  Мысалы,  бастапкыда  фобиялар  белгілі  бір  жағдайларда, 
белгілі  бір  әрекетті  орындау  кезінде  немесе  орындау алдында  пайда  болады. 
Жабыскак коркыныштар  кейін  олар жөніндегі естеліктердің  өзінен  пайда  бо­
лады.  Жабыскак естеліктер  баурап алушы  коркыныштарға ауысады.  Мысалы, 
наукаста  кайтыс  болған  туысканының  тірілей  жерленгені  туралы  жабыскак


Истериялық невроз
219
ойлар  пайда  болады.  Наукасты  осы жағдай  калай  өткендігі туралы  ойлар жиі 
мазалайды.  Ол тірілей жерленген туысканының калай тұншыкканын айкын көз 
алдына  келтіреді.  Акырында,  осы  ойлар  аса  айкындалып,  үнемі  сипат  алып, 
наукас үшін өте ауыр күйзеліс болып табылады, өз әрекеттерінің орынсыздығын 
түсіне отыра,  молаға карай жүгіреді,  бейітті казуды талап етеді.
Невроздык бұзылыстардың негізінде пайда болатын сапасы жағынан жаңа 
жағдайларға  ритуалдар,  «жамандыкты  кайтаруға»  арналған  тәсілдер  динами­
касы айкын мысал бола алады. Жиі наукастарда кимылдык ритуалдар дамиды 
(аякпен жерді тепкілеу, колдарымен ерекше кимылдар жасау және т.б.). Белгілі 
бір  сатыда  кимылдык  актілер  ритуал  сипатынан  айрылады.  Бұл  ритуалдык 
әрекеттер  карсы  бағытталған  фобиялар  жоғалған  жағдайда  болады,  бірак 
кимылдык актілер калып кояды, кейін кимылдык жабыскақгықгарға ауысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет