Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет167/304
Дата27.11.2023
өлшемі8,71 Mb.
#128809
түріОқулық
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   304
В.А.Сластенин бойынша: 
1
. Жеке тұлғаның санасын 
қалыптастыру әдістері 
2. Қоғамдық мінез-құлық 
тәжірибесін қалыптастыру және 
іс-әрекетті 
ұйымдастыру 
әдістері 
3. Іс-әрекет және мінез-
құлықты ынталандыру әдістері 
4. Бақылау, өзін-өзі бақылау 
және тәрбиеде өзіне-өзі баға
беру әдістері 
Ю.К.Бабанский бойынша: 
1. Тұлға санасын қалыптастыру әдістері 
2. Іс-әрекетті ұйымдастыру мен қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін 
қалыптастыру әдістері 
3. Іс-әрекет пен мінез-құлықты ынталандыру, мотивациялау
әдістері 


186 
Тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері. Тұлғаның тәжірибесі мен 
мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру әдістері.
Жеке адамның қоғамдық санасын қалыптастыру әдістеріне сендіру, 
пікірталас, түсіндіру, этикалық әңгімелер жатады. 
Сендіру
дегеніміз – оқушылардың ақыл-ойы мен сезімін жандандыру
адамгершілік жайлы түсініктер мен ұғымдарын қалыптастыру және жағымсыз 
қылықтарын жою мақсатында олардың санасына, сезімі мен ерік қайратына 
жан-жақты әсер ету. 
Сендіру әдісінің негізгі қызметі, ерекшелігі – ол арқылы жеке бастың 
сенімі қалыптасады. Сендіру – оқушының тек қана санасына, сезіміне ықпал 
жасау ғана емес, әрі оның міне-құлқына, әрі әрекетіне де ықпал жасауды 
көздейді. 
Пікірталас
 
әдісі көбіне жоғарғы сыныптарда кеңінен қолданылады. 
Пікірталас оқушылардың сенімдерін ой елегінен өткізуге, дербес пайымдауға 
үйретеді, оқушылардың ойын, сөйлеу логикасына негіздей білуге тәрбиелейді. 
Көкейкесті мәселелерді талқылау арқылы оқушылар өз көзқарастарының 
дұрыстығын не бұрыстығын түсінеді.
Түсіндіру әдісі
бойынша оқушыға адамгершілік, эстетикалық, саяси, еңбек 
тәрбиесі ұғымдары туралы түсінік беріледі. Оқыту процесінде әр пәннің оқу 
материалына байланысты айтылуымен қатар арнайы тәрбиешілік мақсат 
көзделіп, оқушыларға патриотизм, гуманизм, парыз, міндет, ар-намыс, 
парасаттылық, кішіпейілділік, қайырымдылық, жауапкершілік, тәртіптілік, 
ынта-ықылас, ерік-жігер және т.б. туралы түсіндіріледі.Түсіндіру формалары 
алуан түрлі: әңгіме, көрсету, оқушылар шығармалары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   304




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет