«Оқушы, ата –ана мен мұғалім арасындағы қарым – қатынастың маңыздылығы»



Дата26.04.2023
өлшемі17,13 Kb.
#86932

«Оқушы, ата –ана мен мұғалім арасындағы қарым – қатынастың маңыздылығы»
Баланың тәрбиесінде оқушы мен ата – ананың арасындағы, оқушы мен мұғалім арасындағы, әсіресе ата – ана мен мұғалім арасындағы қарым қатынас өте маңызды фактор болып табылады. Педагогикалық әдебиеттерде отбасы мен мектептің өзара әрекеті отбасы мен мектеп тәрбиесі жөніндегі мақсаттары, формалары мен әдістерін келісу үшін бірлескен қызмет процесі ретінде анықталады. Ең бастысы қарым – қатыснаста оқушының дамуына, жігерленуіне, белсенділігіне үлкен мән беру, бір – бірімен өте сыйлы қарым – қатыснаста болу маңызды. Мұғалім оқушымен жақын, жылы, оқушы өзін өз үйіндегідей ыңғайлы сезіне алатындай қарым – қатынаста болуы қажет. Ата – ана мен мұғалім арасындағы жақсы қарым – қатынастың нәтежесінде бала өзін сырттай бақылап, өз сезімдерін, эмоцияларын ретке келтіріп, оларды басқара алуға талпыну қажет.
Ата – ана мен баланың қарым – қатынасының берік болуы, ата – ананың әрдайым баламен жұмыс жасауы оқушының мектептегі өміріне үлкен әсерін тигізеді. Баламен қарым-қатынас жасаудың көптеген қиындықтарының артында баланың да, ата-ананың да жаман ниеті болмайды, олардың негізі әдет болады. Баланы белгілі бір жолмен елестету, оның ерекшеліктерін бағалау, онымен белгілі бір түрде қарым-қатынас жасау әдеті. Ата-аналардың баламен қарым-қатынасында үлкен қарқындылық болуымаңызды. Бала өмірінің алғашқы күндерінен бастап біз үнемі жанында боламыз: тамақтандырамых, ойнатамыз, киіндіреміз, шомылдырамыз , сөйлесеміз, яғни онымен бірге тұрамыз. Бірақ бірдей әрекеттерді қайталау қарым-қатынасты автоматтандыруға әкеледі. Ата – ана өзін сырттай бақылауды, баламен қарым – қатынасын өзгертуді тоқтатады. Ал бала өсіп, әрдайым өзгеріп отырады. Ата – ана артта қалып отырады. Сөйтіп бала өз бетінше, ата – ана өз бетінше өмір сүреді. Д. В. Морозовтың айтуынша: Бала әлемге қалай қараса, біз де уақыт өте келе балаға бірліктің жарқын сезімдеріне, махаббатқа ұласатын сүйіспеншілікпен, сеніммен қарауымыз қажет. Содан соң арада түсінбестіктер туады, бұл өз кезегінде қарым қатынаста қиындықтар туындауындауына әкеледі. Д. Гранинаның айтқан: «Ата – ана болу – ең жауапты жұмыс, ал оны әркім өз мүмкіндігіне қарай, махабаттың қауіпті кеңестерін басшылыққа ала отырып, әртүрлі жасайды».
Ата ана мен бала қарым – қатынасында туындайтын проблемалар өте көп: өзара түсінбестік, жартылай толық емес отбасының болуы, ата – ананың балаға салғырт қарауы, баланың өміріне қызығушылығы мүлдем болмауы және т.б. Бұл проблемалардың барлығы оқушының мектептік өміріне, сабаққа деген құлшынысына өте үлкен әсерін тигізеді. Сол себепті бұндай кездерде педагогтар ата анамен байланысқа түседі.
Педагогикалық мамандықтың ажырамас, маңызды және сонымен бірге қиын бөлігі – ата – аналармен қарым – қатынас. Мұғалімнің жоғары психологиялық мәдениеті болуы керек: қарым-қатынас жасай білу, әңгімелесу, әңгімелесушіні тыңдау және түсіну, өзара әрекеттесу және әрекет ету. Бұл жағдайда әңгімелесуші ретінде нақты кім әрекет ететіні маңызды емес: оқушы немесе оның ата-анасы. Осы жағдайлардың барлығында ол психологиялық тұрғыдан сауатты әрекет етуі қажет.
Ата – ана мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас бұл - мұғалімдер мен ата-аналардың бір-біріне беретін өзара түсіністікке қадам, сенімге қол жеткізу, рухани және эмоционалды құндылықтармен алмасу, педагогикалық тәжірибені, білімді игеру.
Баланың адамгершілік тұрғысынан өсіп жетілуі өмір сүріп жатқан ортасына байланысты. Баланың өмірінде әртүрлі көптеген орталар болады: мектептегі ортасы, қосымша курстардағы, секциялардағы ортасы, өз достарының ортасы, одан үлкен оқу орындарындағы ортасы, жұмыстағы ортасы, т.б. Бірақ отбасы ортасы ең өзгермейтін және бала өміріндегі өзінің үлкен ізін қалдыратын ортасы, оның адамгершілік – психологиялық тұрғысынан дамуының түп негізі болып табылады.
Көбінесе мұғалімдер қиын балалардың ата – аналарымен жұмыс жасайды. Ал егер оқушы моральдық нормалардан ауытқуды көрсетпесе, мұғалім оның тағдыры үшін алаңдамайды, үйіндегі тәрбиеге, отбасылық қатынастарға аз қызығушылық танытады. Бірақ отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуінің мұндай тәжірибесін қолайлы және тиімді деп санай алмаймыз.
Балаға тікелей әсер ететін екі орта, яғни отбасы және мектептегі ортасы озара тоғысуы қажет. Ол үшін мұғалім отбасы ортасының бөлшегі, яғни балаларын оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналарға ең жақын кеңесші ретінде, болуы қажет. Ал ата – ана өз кезегінде жалпы білім беру процесінің қатысушысы ретінде мектептегі ортасының бөлшегіне айналуы қажет. Қандай жағдай болмасын мұғалім отбасындағы нақты моральдық жағдайды білуі керек, ал ата-аналар мұғалімнің педагогикалық және моральдық талаптарын білуі керек. Сол кезде оқушының айналасында шынайы өзара түсіністік, қамқорлық, сыйластық, өзара көмектесу деген сияқты т.б. мәдениет, адамгершілік қарым қатынасты тудыратын заттар болуы мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет