Оқушылардың ғылыми – зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру (әдістемелік – көмекші құрал) Алғы сөз



бет1/28
Дата04.11.2023
өлшемі379,5 Kb.
#121891
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

Оқушылардың
ғылыми – зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру
(әдістемелік – көмекші құрал)

Алғы сөз
Әдебиеттерге жасалған теориялық талдаулар дарындылықтың табиғаты шексіз екенін, сондай – ақ оған ықпал ететін факторлардың да сан қилы болатынын көрсетеді. Бірақ дарындылық пен шығармашылықты дамытудың түрлі жолдарының ішінде баланың өзіндік зерттеу тәжірибесі әлдеқайда тиімді болып табылады.
Педагогикалық үрдісте балалардың дарынын ашуда оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығы шешуші рөл атқарады.
Жеке тұлғаны дамытып қалыптастыру үшін олардың өзгермелі әрекеттерін айналадағы нақты құбылыстар мен таныс объектілерді зерттеумен байланыстырудың маңызы зор.
Зерттеу білігі мен дағдысы ғылыммен ғана айналысатын адамдарға емес, сондай – ақ әр адамның түрлі саладағы қызметіне қажет.Зерттеу ісі қазіргі кезде аясы тар мамандырылған қызмет емес, ғылыми қызметкерлердің белгілі топтарына ғана тән емес, сондай – ақ бүгінгі заман адамының өмір сүру тәсіліне енген, кәсіби шеберлігін танытуда өзіндік көзқарасына сәйкес қызмет болып табылады.
Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып табылады.
Зерттеу - дарынды балаларды оқытудың негізі. Дарынды оқушының ізденушілік қасиетін қалыптастыру зерттеуге оқытудың түрлі формалары мен әдістері арқылы жүзеге асырылады.
Біз, педагогтер, жеке адамға бағдарланған оқытудың белсенді түрлерін іздестіргенде, алдымен оқушылардың ғылыми – зерттеу жұмыстары жөнінде ойланамыз. Сондықтан, бұл бағдарлама оқушылардың зерттеушілік біліктерге негізделген іс - әрекет тәсілдерін, шығармашылық ізденістер мен жаңа проблемаларды шешуге әзірліктерін, өз шығармашылық ізденістеріне деген сезімдік – құндылық қарым –қатынастарын, қажеттіліктерін, түрткілерін және көзқарастарын тәрбиелеуге бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру үшін аса өзекті болып саналады.
Осыған орай, оқушылардың ғылыми – зерттеу жұмыстарына әзірленген бағдарлама өз нәтижесін көрсетуде.
Бағдарлама ОҒҚ секцияларының жетекшілеріне, мектеп, гимназия мұғалімдеріне әдістемелік – құрал ретінде ұсынылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет