Оқушылардың зерттеушілік дағдыларын тәжірибе жасау арқылы дамыту



бет1/4
Дата26.04.2023
өлшемі148,89 Kb.
#87353
  1   2   3   4



«ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ДАҒДЫЛАРЫН ТӘЖІРИБЕ ЖАСАУ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ
Қазіргі XXI ғасырда оқушылардың функционалдық сауаттылығы, яғни алған білімін өмірде қолдану дағдысы маңызды. Осыған байланысты өз жұмысымды оқушылардың зерттеушілік дағдыларына бағыттадым. Инновациялық педагогикалық әдіс-тәсілдердің ішінде зерттеушілік қызмет ерекше орын алады. Оқушылардың білім, білік, дағды, өздігінен танымдық қызметінің фундаменті бастауыш сыныптарда қалыптасатыны белгілі. Зерттеушілік қызметтің негізгі мақсаты – нәтижесі танымдық дағдысын қалыптастыру болып табылатын, оқушылардың арнайы дайындалған танымдық, шығармашылық қызметі. Ал бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік қызметі дегеніміз өздігінен жетілу, өздігінен реттелу арқылы шығармашыл тұлға дамыту үшін жағдай жасау дегенді білдіреді. Мақсатқа жету жолдары төмендегі міндеттерге байланысты:- Қоршаған ортаға деген қызығушылығы (ғылым, техника, табиғат, өнер және т.б.; Оқушының мотивациясын құру; - Өздігінен шығармашылық ойлау қабілетін дамыту;
Бастауыш сыныптарда зерттеушілік жұмыстың спецификасы мұғалімнің жүйелі түрде бағыттаушы, мотивациялаушы және түзетуші рөлін атқаруда. Ең бастысы мұғалімге «қызығушылығын ояту» және «жетілдіру» және оқушының өз-өзіне деген сенімдерін арттыру болып табылады. Балалар табиғатынан білімге, білуге құмар болып келеді. Сондықтанда әр баланы тәжірибе жасауға тарту арқылы олардың зерттеушілік дағдыларын арттыруға талпынамын. Мысалы, жаратысылтану мен дүниетану сабақтарында табиғаттағы заттар мен денелердің, табиғи және жасанды денені зерттеу арқылы ажыратып үйрендік. Оқушылар бидайды топыраққа отырғызды. Ол бірнеше күннен кейін топырақты жарып сабағы шықты. Оқушылардың қызығушылығы соншалық, күнделікті сыныпқа келіп, бидай сабағының қанша сантиметрге өскенін, судың мөлшерін, кабинет суық па жылы ма – осының барлығын зерттеуге алды. Ал пайдалы қазбаларды өткен кезде біз барлығын зерттеуге алдық. Мысалы, көмірді сыныпқа өздері әкеліп үш топқа бөлініп, қасиеттерін сипаттап үйренді. Оқушылардың айтуынша, ол қатты, қара, жанғышпен қатар, суды бояйтын, сурет салуға болатын,оны сындыру үшін үлкен күшті қажет ететін зат. Және көмір жанады, себебі олар жер астындағы шіріген ағаштардан жиналады екен деген де ақпаратты тауып айтты. Ал металдарды өткенді түсті және түссіз металды магнитпен ажырату оларға оңайырақ болды. Ал күз және көктем мезгілінде оқушыларыммен бірге табиғатты бақылауға шықтық. Құстардың ұя салатын мезгілі, өсімдіктердің қардың асытнда тамырларын жылы сақтайтыны және олардың қыс мезгілінде өлмейтіні, қар жылу сақтайтыны туралы қызығушылықпен зерттеп келеді.
Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалдыптастыру барысында төмендегі жағдайларды ерекше назарда ұстау қажеттілігі анықтадым:
1. Мотивация – оқушыларға олардың шығармашылық қызметінің мән-мағынасын түсінуіне көмек беру қажет.
2. Мақсатқа бағытталған және жүйелік – зерттеушілік қызмет сабақта және сабақтан тыс да уақытта жүргізіледі. Жұмыс барысында бағдарламада берілген материал және қосымша түрінде, не себепті, неліктен сұрақтары арқылы ізденіс тапсырмасын беру.
3. Шығармашылық орта – мұғалім үнемі және үздіксіз шығармашылық ортаны құру және қызығушылықтарын арттыра білуі тиіс.
4. Психологиялық комфорт – оқушыларды үнемі мадақтау, шығармашылық ізденіске талпындыру, Әр оқушының өзіне деген сенімін арттыруға бағытталған жұмыс жүргізу және әр оқушының қажеттілігін ескеру.
5. Жас ерекшелігі – жұмыс баланың жас ерекшелігіне сәйкес күрделі емес, қызықты, тануға, зерттеуге, бақылау жеңіл болуы тиіс.
Білім алушыларымды 1-сыныптан бастап, «зерттеймін», «зерттеу» деген сөзге жаттықтырудамын және бұл сөздің мағынасында себебі, осыған орай, өйткені деген пайымдау сөздері жатыр. Мысалы, крахмалдан басқада зат алуға бола ма? Бұл жұмыс тіпті де тиімді, міне, зат пен дене айырмашылығы жатыр. Картоп – ол дене, ал картоптан не алуға болады. Бұл да үлкен тәжірибені талап етеді. Міне, осы тұсты да жаратылыстану сабағында зерттеп көрдік. Балалардың қуанғаны соншалық,
крахмалдың кәдімгі табиғи денесі ол картоп. Сонымен, үй тапсырмасы «Крхамалды тұрмыста не үшін пайдаланды?» деген сұрақ шешімін табу болды. Үздіксіз зерттеу деп міне осыны айтады. Бұл зерттеулердің нәтижесі ретінде оқушыларымның жетістіктерін айта аламын. Жұмыс өтілім биылғы оқу жылын қосқанда 3 жыл, бірақ, педагогикалық өтілімді осы зерттеушілік қызметтен бастаған болатынмын.
Зерттеушілік қызмет оқушылардың зерттеушілік дағдысымен қатар, журналдармен, кітаппен, анықтамалықтармен, интернет желісімен жұмыс жасау дағдыларын да арттырады. Жұмыс күрделі және үздіксіз, бірақ оқушылардың шынайы функционалды тұлға болып қалыптасуына аталған зерттеушілік дағды ең маңыздысы деп есептеймін.
Жаратылыстану сабағында зерттеу жүргізудің ерекшеліктері
 Мақалалар 0 4,990 қаралған 2018-09-06
Білім беру жүйесі — сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Жаратылыстану ғылымы бойынша білім беру кіші мектеп жасындағы оқушылардың табиғи білімқұмарлығының дамуына, әлем жайлы ой-өрісінің кеңеюіне, ғылымды түсінудің және қоршаған ортаны тұтастай қабылдауының дамуына, қоршаған ортаны қорғау және бағалай білу біліктерінің дамуына көмектеседі.
Бастауыш мектепте «Жаратылыстану» пәнінің оқу бағдарламасы зерттеу, ойлау, коммуникативтік дағдылар мен біліктіліктер негіздерінің қалыптасуына бағытталған:
— гипотеза құру және оларды тексерудің жолдарын ұсыну, эксперимент арқылы алынған нәтижелер негізінде қорытынды жасау;
— мәселені анықтау, сұрақтарды дұрыс құру, зерттеу жұмысының жоспарын құру, бақылау, эксперимент жүргізу, зерттеу жұмысының нәтижесін бағалау және сипаттау, пайымдау, қорытынды шығару;
— БАҚ хабарламалары мазмұнындағы, Интернет ресурстарындағы, ғылыми-көпшілік әдебиеттердегі ғылыми ақпараттармен жұмыс: іздеу әдістерін игеру, ақпараттың мағыналық негізін айрықшалау және ақпараттың растығын бағалау;
— жанды және жансыз табиғаттағы үдерістердің сипатын, экожүйе компоненттерінің өзара байланысын, адам әрекетінің қоршаған тигізетін әсерін анықтауға көмектесетін қарапайым эксперименттер мен бақылаулар жүргізу;
— өзіндік қарапайым зерттеулердің қорытындыларын түрлі формада ұсыну;
— жаратылыстану ғылымы саласындағы маңызды жетістіктердің қолданбалы мәнін түсіндіру.
Білім сапасы, жас жеткіншектердің ғылымға ден қойғаны ең бірінші ұстаздардың біліктілігіне тікелей байланысты. Қазіргі заманғы ғылымның көптеген бағыттары бар. Өмірін ғылымға арнаған ғалымдар теориялық та, практикалық та тұрғыда зерттеулер жасай алады. Олар барлық қолда бар құжаттарды зерттейді немесе әртүрлі тәжірибелік бақылаулар жүргізеді. Жаңартылған бағдарламаның ерекшелігі 1 сыныптан бастап жаратылыстану пәнінің енгізілуі. Жаратылыстану бағытында білім беру кіші мектеп жасындағыларда табиғи білімқұмарлықтың дамуына, әлем жайлы ой-өрістің кеңеюіне, ғылыми ұғынудың және қоршаған әлемді тұтастай қабылдаудың дамуына, қоршаған әлемді қорғау және бағалай білу біліктіліктерінің дамуына көмектеседі. Бастауыш мектепте оқушыларға «Жаратылыстану» пәнін оқу және меңгеру келесілерді түсінуге мүмкіндік береді:
— қоршаған әлемнің күрделілігі мен көп қырлылығын;
— табиғи құбылыстар мен үрдістердің өзара байланысын;
— өлі және тірі табиғатта болып жатқан кейбір табиғи құбылыстар мен үрдістердің себептерін;
— жаратылыстану бағытындағы білімнің адамның көптеген іс-әрекет түрлері үшін маңыздылығын түсінеді.
Жаңа оқу бағдарламаларының ерекшелігі – оның ХХІ ғасыр дағдыларын дамытуға бағытталғандығында: ақпаратты іздеу, талдау және интерпретациялау дағдыларын дамыту; адам, табиғат және қоғам туралы олардың бастапқы білім қорларын қалыптастыру (әлемнің біртұтас бейнесі); рухани-адам­гершілік құндылықтарын дамыту; оқудың функционалдық дағдыларын қалыптастыру: санау, оқу, жазу, өз ойын нақты әрі дәл жеткізе білу, себеп-салдарлы байланыстар орнату. Оқушы білімді дайын күйінде алмай, оны өзі өндіреді, өзінің оқу әрекетінің мазмұны мен түрлерін ұғынады, оның ережелер жүйесін түсінеді және қабылдайды, жетілдіруге белсенді қатысады. Ол өз кезегінде білімдердің, біліктердің, оқып-үйрену және кең ауқымды дағдылардың белсенді әрі сәтті қалыптасуын қамтамасыз етеді.Оқушылардың оқу әрекеттері келесі басты санаттар бойынша топтастырылған: «біледі», «түсінеді», «талдайды», «бағалайды», «синтездейді».
«Жаратылыстану» оқу пәнінің «ортақ тақырыптарының» мазмұны оқушының жақын аймағынан, яғни оның өз іс-әрекетімен тікелей байланысты тақырыптарды оқудан басталады. Алты-жеті жастағы балалар өз ойын білдіруге, оқу мазмұны бойынша сұрақ қоюға, сұрақтарға жауап іздеуге үйренуі тиіс.
Осы пәнді оқу арқылы оқушылар зерттеушілер дегеніміздің белгілі бір ғылым саласын зерттейтін мамандар екенін түсінеді. Зерттеушілер қоршаған әлемнің үдерістері мен құбылыстарын, олардың табиғатын жақсы түсіну үшін зерттеу жүргізеді.
Жалпы айтқанда Жаратылыстану пәні арқылы оқушылар мынандай нәрселерді үйренеді;
— қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізуге;
— өлі және тірі табиғатта болып жатқан кейбір табиғи құбылыстар мен үрдістердің себептерін анықтауға;
— заманауи технологияларды сауатты пайдалануға;
— өзіндік қарапайым зерттеулерден қорытындыларын жасауға үйренеді.
Қазіргі жаратылыстануда қолданылатын зерттеудің негізгі принциптері мен әдістерін меңгеру жас ұрпақтың дүниетанымын, ойлаудың ғылыми тәсілін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Оқушылар тақырыптарды зерттеу үшін ресурстарды пайдаланып, өз қорытындыларын жасайды. Бұл анағұрлым терең білім алып, пәнді түсіну үшін қажетті айтарлықтай жоғары деңгейлі дағдыларды қалыптастырып дамытуға көмектеседі. Әдетте зерттеуге негізделген оқу бастауыш сыныптарда оқытылатын «жаратылыстану» пәнімен байланыстырылғанымен, ол кез-келген пән үшін негіз бола алады.
Жаратылыстану пәнінің ерекшелігі – оқушының немесе оқушылар тобының ғылыми-зерттеушілік, шығармашылық немесе практикалық сипаттағы проблемаларды шешу жөніндегі нәтижелерге қол жеткізу үшін бағытталған. Оқу бөлімдері әрі қарай жинақталған білім, түсінік және дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әр бөлімше ішінде дәйектілікпен ұйымдастырылған оқу мақсаттары мұғалімдерге өз жұмысын жоспарлауға және оқушылар жетістігін бағалауға бағытталған.


Жоба әдісі оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыру тәсілдерінің бірі ретінде


BILIMGER · 1 НОЯБРЯ, 2017


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет