Оқушыларға арналған материалдар аса түсінікті болуы



Дата26.06.2023
өлшемі21,59 Kb.
#103475
Байланысты:
Сауат ашу1


Тәжірибе әдісі Ш.Әуелбаевтың еңбегінде қазақ тілі дыбыс жүйесін оқытуда жиі қолданылады. Бұл әдіс дыбыс жүйесі материалдарын тікелей көрсету негізінде жасалады. Сондықтан да дыбыс заңдылықтарының жасалу жолдарын көрсетуде мына сияқты көрнекіліктерге назар аударылады:
1) дыбыстардың жасалуын дыбыстау мүшелерінің қызметі арқылы қөрсету; 2) дыбыстардың өзіндік белгілерін көрнекілік бойынша дәлелдеу;
3) дыбыстардың өзіндік ерекшеліктерін фонетикалық материалдар негізінде дәлелдеу.
Мемлекеттік білім стандартында тілді үйретуге байланысты А.Байтұрсыновтың мынадай қағадилары басшылыққа алынып отыр:
- тілдік материалдарды жеңілден ауырға, оңайдан қиынға, жайдан күрделіге қарай оқыту.
- тілді оқытуда халық ауыз әдебиетінің материалдары мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, мысалдар, өлең-жыр, қызық әңгімелердің маңызды орын алуы.
- оқушыларға арналған материалдар аса түсінікті болуы.
- мәтіндер, көрнекілік, иллюстративтік материалдар қазақ баласының халықтың ұғымына таныс, жақсы болуы.
- тілді оқытуда тул ұстартуға, көркемдеуге ден қою.
- оқушылардың жазба тілін, сөйлесу тілін дамытуға баса назар аудару.
Қорыта айтқанда, А.Байтұрсынов еңбектерінің қазақ тілі әдістемесін дамытуда зор маңызы болды.
А.Байтұрсыновтың замандасы Телжан Шонанұлы 1931 жылды “Орыстар үшін қазақша әліппе” оқулығын жазды. Латын тілінде жазылған бұл әліппе 1 жылдық оқу құралы деп саналған.
ХХ ғасырдың төртінші он жылдығынан бастап әдістеме қолға алынып, біршама еңбектер жарық көре бастады. Тіл мамандарының кеңес өкіметі тұсындағы зерттеулері мектепке керекті оқулықтар мен оқу құралдарын жасаудан басталады. Мысалы, 20-30 жылдар арасында тіл мамандары тек алфавит, орфография, пунктуация, ана тілі оқулықтары (грамматикалар), сөздіктер және басқа құралдар жасаудың айналасында еңбек етті.
1935 жылға дейін қазақ тілін оқыту әдістемесіне арналған мақалалар ғана болды. Осы жылы “Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдісі” деген атпен жинақ шықты.
Қазақ тілі әдістемесінің алғашқы негізін салушылардың бірі - Ғали Бегалиев болды. 1940 жылы “Бастауыш мектептерде қазақ тілінің методикасың деген еңбегі баспадан шықты.
Бұл әдістеме үш бөлімнен тұрады: грамматика, оқыту методикасы, емле және тіл дамыту методикасы. Методиканың қалған бөлімі: хат таныту және кітапты оқыту методикасына арналған. Бұл еңбекте орыс тілі әдістемесінің үлгілі жақтары алынған. Қазақ тілін оқытудың әдіс-тәсілдері шеңер баяндалған. Автор сөздік жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдеріне тоқталады. Автордың қазақ тілін оқытудағы көрсеткен әдіс-тәсілдерін мұғалімдеріміз жетілдіріп, дамытып пайдаланып жүр.
1956 жылы белгілі әдіскер-ғалым Шамғали Сарыбаевтың “Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері” (1 бөлім фонетика мен морфология) деген кітабы шықты. Бұл оқулық методикаға қосылған үлкен бір оқу құралы болды.
1920-1930 жылдар арасында қазақтың өнері-білімінің негізін салған, бір шоқ, үркердей, абзал азаматтардың бірі - Құдайберген Қуанұлы Жұбанов еді. Ол - қазақ тілі білімінің негізін қалаған көрнекті ғалым, тұңғыш филолог, профессор. Ол 1937 жылы “халық жауы” деп айыпталып, 1938 жылы қаза болды. Қ.Жұбановтың еңбектері 1966 жылға дейін тыйым салынып келді. 1966 жылы “Қазақ тіліндегі зерттеулер” деген еңбегі жарық көрді.
Ы.Алтынсарин қазақ халқының оқу - ағарту ісінің бастауы кезеңде тұрғаны, оның өз еңбектерін-де оқушының сөздік қорын молайтып, тілін дамытуға, халық тілін білуге, атап айтқанда, баланың тілін дамытуға айрықша мән бергенін көреміз.
Ұлы педагог К.Д.Ушинскийдің сөзімен айтқанда “...кімде-кім оқушының тіл қабілетін дамытқысы келсе, алдымен оның ой қабілетін дамытуға тиіс”.
Қазақ ғалымдарының арасынан психология мен педагогика ғылымдарына орай еңбек жазған М.Жұмабаев тіл табиғатына зор баға береді. “Бала тілінің дұрыс өркендеуінің бірінші шарты балаға ұқпайтын сөз уйретпеу керек. Екінші баланы өз тең балалармен бірге ойнату керек. Ал енді баланың тілін шын дұрыс жолға салатын, дұрыстайтын, байытатын-мектеп”, - дейді.
Фердинан де Соссюрдің тіл біліміне қосқан үлесін, көтерген проблемалары мен өзіндік концепцияларын танытатын еңбегі “Жалпы лингвистикалық курс” деген кітабы. Мұнда көтерілген жеке проблемалар жөніндегі пікір таластары күні бүгінге дейін бір сабырлаған емес.
Дыбыс пен әріптің, буын мен сөздің, сөз бен сөйлемнің ара қатынасын мысалмен дәлелдеуде теориялық-практикалық әдістің пайдасы мол. Жаттығу жұмыстары материалдарына орай берілген теориялық білімді бекітуде, дұрыс жазу емлесі мен дұрыс сөйлеу нормасын қалыптастыруда және оқушылардың тілін ширатып, сөйлеу тілін дамытуда теориялық-практикалық жақтан үйрету әдістері іске асырылады. Бұл әдіс дыбыс жүйесі материалдарының бір-бірінен айырмашылығын, олардың байланысын, жасалу жолдарын, анықтамасы мен ережелерін қайталап, пысықтап бекіту үшін де қолданылады.
Дыбыс жүйесін теориялық-практикалық жақтан үйрету әдістері тақырыптың көлеміне қарай кейде жеңілден ауырға қарай, кейде ауырдан жеңілге қарай жүргізіледі. Жаттығу әрбір тақырыптың өзіндік ерекшелігіне, шарты мен мақсатына, пікірі мен жүйесіне қарай жүзеге асады. Сондықтан да әрбір тақырыпқа байланысты ең кемінде 5-тен 25-ке дейін дағды түрлері орындалады.
Дыбыс жүйесі бойынша дайын материалды талдау, тілдік материалдың түрін өзгерту, тілдік тапсырмалары бар мазмұндау мен шығарма жаздыру, орфографиялық талдау, көшіріп жазу және диктант өткізу әдістерін жүргізуде төмендегі талаптарды ескерген жөн: талдауға қойылатын мақсаттың айқын болуы; бұл талдаудың дыбыс жүйесі фактілеріне негізделуі; талдауға, арналған текст пен сөйлемдердің мақсатқа сай болуы; оқушылардың сауатты жазуы мен дұрыс сөйлеуі; байқау нәтижесінде өз ойының қорытындысын, тұжырымын жасай білуі; дыбыс жүйесінен алған білімін практикада қолдануы талап етіледі. Сонымен бірге осы талаптар негізінде жүргізілетін дыбыс жүйесі бойынша талдаудың міндеттері мыналарды қамтиды: дыбыс жүйесі бойынша талдау, оқушылардың логикалық ойын жетілдіруге көмектесуі тиіс; оқушылардың өздігінен жұмыс істеу дағдысын арттыруға көмек беретін болуы қажет; олардың іске деген төзімділігін, бақылағыштығын өсіруі қажет, нысананы түсіндіру, бекіту, қайталау үшін басты тәсілдердің бірі болуы керек; дыбыс жүйесі бойынша талдау сынып және үй тапсырмасында кең пайдаланылғаны жөн.
А.Исабаев «Қазақ тілі дыбыс жүйесі методикасының негіздері» атты еңбегінде дыбыс жүйесі бойынша талдау мазмұнына қарай екіге бөлінеді:
1) Дыбыстар жүйесі бойынша- талдау. Бұған тіл дыбыстары, дыбыс пен әріп, дауысты мен дауыссыздар: дауысты дыбыстардың еріннің қатысына қарай бөлінуі, иектің қызметіне қарай бөлінуі, тілдің қалпына қарай бөлінуі, үнді, ұяң, қатаң дауыссыздар тобы енеді.
2) Үндестік заңы бойынша талдау. Бұған буын жігі, екпін, буын үндестігі, дыбыс үндестігі: түбір мен қосымша аралығындағы ықпал, біріккен сөз сыңарларының аралығындағы ілгерінді ықпал, сөз тіркестерінің аралығындағы ілгерінді ықпал: түбір мен қосымша аралығындағы кейінді ықпал, біріккен сөз сыңарларының аралығындағы кейінді ықпал, сөз тіркестерінің аралығындағы кейінді ықпал жатады.
Дыбыс жүйесі бойынша талдау көлеміне қарай екіге бөлінеді: Толық немесе жалпы талдау. Жеке түрдегі немесе тақырыптық талдау. Толық немесе жалпы талдау көбінесе программа материалдарын толық өтіп болған соң (дауысты, дауыссыз дыбыстарды, буын, үндестік заңын өтіп болған соң) және белгілі бір өтілген материалдарды қайталау, оқушылар білімін есепке алу кезінде қолданылады.
Қазақ тілін оқыту әдістемесін И.Ұйықбаев, Д.Әлімжанов, Б.Кәтенбаева, А.Ошқаров қарастырған тақырыптық немесе жеке талдау дыбыс жүйесінің (дауысты, дауыссыз дыбыстардың түрлерін, буын және дыбыс үндестігінің жүйесін өткенде қолданылады) белгілі бір тақырыбын өту үстінде қолданылады. Осы тақырыптар бойынша жаңа сабақты түсіндіру, оны бекіту, машықтандыру, оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуін ұйымдастыру және оқушылар білімін сынағанда да қолданылады.
Шамғали Сарыбаев
Шамғали Сарыбаев – XX ғасырдың 20 жылдарында А. Байтұрсынұлы бастаған қазақ тіл білімі корифейлерінің ізін баса келген ғалымдардың бірі.
Ш. Х. Сарыбаев 1893 жылы, наурыз айының 11-күні Батыс Қазақстан облысының Орда ауданына қарасты Қарашағыл деген мекенде дүниеге келген. Жастайынан еңбекке араласады. 1913 жылы Шамғали Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын Құсайния татар мектебіне оқуға қабылданады. Сонда өздігінен орыс тілін үйреніп, татар әдебиетін біліп шығады. Мектепті 1916 жылы бітіріп, Қазалы қаласына келіп бал оқытумен айналысады.
1918 жылы Шымкентте уездік халық ағарту мекемесіне басшылық жасайды. Кеңес өкіметі орнаған жылдары Ташкенттегі Педагогика институтында қазақ тілі пәнінен оқытушылық қызметте болады. Өз заманының зиялы азаматы ретінде Ш.Х. Сарыбаев өзінің мұғалімдік тәжірибелерінен түйген келелі ойларын сол кездегі «Жаңа мектеп», «Еңбекші қазақ», «Еңбек» т. б. сияқты баспасөз бетерінде жариялап отырады. Оның «Сауатсыздықпен күресу жолдары», «Тіл құралды оқытудағы тәжірибелер», «Қазақ мектептеріндегі орыс тілін оқыту жайы» тәрізді мақалалары жарияланады.
Ұстаз-ғалым елді сауаттандыру үшін қазақ тілінің қадірін арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударады.
Шамғали Сарыбаев 1923-24 жылдары Ташкентте Орта Азия коммунистік университетінде ұстаздық қызмет атқарады. Ал 1934 жылы Қазақстанға қайтып оралып, Алматыдағы сол кездегі Журналистика институтында 1937-жылға дейін дәріс береді. Жоғары оқу орындарында қызмет еткен жылдары оның қаламынан қазақ тілі мен оны оқыту әдістемесінің әртүрлі мәселелеріне байланысты ғылыми мақалалар жазылып, жарияланады. Ғалым кейін 1954 жылға дейін Абай атындағы ҚазПИ-де қызмет істейді.
Ш. Сарыбаевтың алғашқы еңбектерінің бірі Г. Қожантаевпен Е. Табынбаевпен бірігіп жазған «Үлкендер үшін әліппе» 1921 жылы Ташкент қаласында жарыққа шығады. XX ғасырдың 20-жылдарындағы сауат ашу науқаны басталған тұста бұл әліппенің қазақ жастарының сауатын ашудағы маңызы ерекше болған. Кейін 1931 жылы Ташкент қаласында қазақтың мақал-мәтелдерін жинап бастыруда үлкен еңбек еткен ақын Ө. Тұрманжановпен бірге «Бірінші басқыш мектепке арналған әліппе кітады», 1932 жылы Қ. Оспанұлымен бірге «Екпінді күш. 1-класс үшін әліппе кітабы», 1933 жылы А. Әлібайұлы, М. Долайұлымен бірге жазған «Ана тілі /бастауыш политехника мектептерінің 3-кластары үшін/» атты оқу құралдары басылады.
Осылайша мектепке оқулық жазу сияқты жауапты да күрделі істерді істеу қажеттілігі туып тұрған заманда, соның үдесінен шығуды көздеп, ғылымдағы негізгі тырнақ алды туындыларын арнаған ғалым кейін іргелі ғылыми мәселелерімен де айналысады.
Қазақстанға келгеннен кейін ғалым қаламынан туған «Түрліше жазылатын бір мәнді сөздер туралы», «Емле жүйелері», «Сызықшаның бастауыш пен басқа мүшелер арасында жазылатын орындары», «Грамматикалық мағына деген не?», «Табыс жалғауының тасалануы» т. б. сияқты тіл білімінің өз кезеңіндегі өзекті мәселелеріне арналған ғылыми мақалалары жарыққа шыға бастайды. А. Байтұрсынұлының «Тіл танытқышынан» сусындап өскен бұл кездегі ғылымдар түркі тіл білімі үшін ең маңызды саналатын күрделі теориялық мәселелерді көтере алғандығымен де ерекшеленсе керек. Айталық, автор қаламынан шыққан «Грамматикалық мағына деген не?», «Төрт етістік ( отыр, тұр, жатыр, жүр)», «Қосылып жазылмайтын сөздер» атты мақалалардың көтерген жүгі жеңіл емес еді.
1920-1940 жылдар мектеп ісі үшін, жалпы ағарту саласы үшін аса ауыр жылдар болғанын атап өту парыз. Бұл заман салған ауыртпалықтармен қатар, жазу таңбасының қайта-қайта өзгеруімен де байланысты болады. Ахмет Байтұрсынұлының реформаланған әліппесімен сауатын ашып қалған қазақ жастарына аз жылдың ішінде латын қаріпін, одан да көп ұзамай Кирилл жазуын меңгеру қажеттілігі туындады. Осы ретте мектепке арнап оқулық, оқу құралдарын жазу, емлені реттеу, оның негізгі принціптерін белгілеу сияқты күрделі мәселелер ғалымдар алдында тұрған келелі міндеттер болды. Ш.Х. Сарыбаев та мұндай күрделі мәселелерден шет қала алмады. «Емле жүйелері», «Ы,І-нің жазылуы туралы», «Қосымшалардың өзгеруіндегі қайшылық» т. б. сияқты мақалаларын ғалым осы мәселеге арнаған.
Ғалым 1944 жылы «Орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту методикасы» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды. Бұл жұмыс қазақ тілін оқыту әдістемесінен арнайы қорғалған тұңғыш ғылыми жұмыс еді. Кейіннен «Жоғары мектептер программаларын» ( Т. Қордабаевпен бірге), «Қазақ тілі методикасының программасын» жазады.
Жоғары оқу орындарында қызмет етіп жүрген жылдарда әдістемелік негіздегі өзінің негізгі туындыларын жазады. «Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері» атты еңбегі соның куәсі.
Арғынов Хасен Қуандықұлы.
Арғынов Хасен Қуандықұлы (15.6.1926 ж. т. , Павлодар облысы, Бесқарағай ауданы.) – тіл білімі маманы, педагогика ғылым докторы (1971), профессор (1976) . Семей педагогикалық институтын бітірген (1951).
1951-1958 жылдары Республика мектептерінде оқытушы, оқу ісінің меңгерушісі қызметтерін атқарады.
1958-1961 жылдары «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақстан мектебі» журналдарында қызметкер.
1961-1963 жылдары Абай атындағы ҚазПи-де аспирант.
1963 жылы Қазақстан Республикасының Білім министірінің жанында Ыбырай Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылымдары ғылыми зерттеу институтында сектор меңгерушісі, кейін Әл-Фараби атындағы ҚазМу-да педагогика кафедрасының меңгерушісі.
«Қазақ тілінің күрделі сөйлем синтаксисін оқыту әдістемесі» тақырыбында кандидаттық (1963), «Қазақ тілінің синтаксисі мен пунктуациясы әдістемесінің негіздері» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ тілі синтаксисі методикасының негіздері мен республикады халық ағарту ісінің мәселелеріне арналған.
Шығармалары: Қазақ тілінің күрделі сөйлем синтаксисін оқытк методикасы. АКД.,А., 1974 жыл; Қазақ тілі (9-класс оқулығы А., 1971-1978 жыл;) Қазақ тілінің синтаксисі мен пунктуациясыәдістемесінің негіздері. ДДА., 1971 жыл; Дидактикалық материалдар. А., 1980 жыл.
Шәкәрім Құдайбердіұлы
«Алмас қылыш жатпайды қыл түбінде» демекші қара күш қанша құлыптап ұстаса да, қара құлыпты қақ жарып, өнер нұры жарқ етті. Иә, өнерді қаптаса ұстауға немесе мүлде жойып жіберуге болмайды деген осы. Шын көркем туынды мәңгі өмір сүреді. Ол өзінің иесіне - халқына қайта оралады екен. Кезінде жасампаз жақсы жырлармен елге әйгілі болған жазықсыз ақын ақталады. Атақты ақының Шәкәрімнің асқақ үні ұзақ жылдар бойы өзін аңсап күткен қазақ даласын қайта жаңғыртты. Жақсылықтың жаршысы, ақыл-парасаттың кемел иесі, адамгершіл ақынның жарқын жырлары хақының игілігіне қайта қайтарылды. Қазақстан коммунистік партиясының орталық комитеті «Шәкәрімнің творчестволық мұрасы туралы» (1988 жыл, cәуір айы) қаулысында ақынның мұрасы туралы жақсы айтты. Партияға мың алғыс ...
Білікті ағылшын философы, әрі педагог Дж. Локктың «Баланың ақылы да, жаны да туғанда таза тақтадай болып туады. Таза тақтаға қандай жазу жазса да жазушының еркінде» деген сөзін талдай отырып, ондағы негізгі көзқарақа байланысты өз ойын өзгеше сабақтайды. Адамда жаратылысынан әртүрлі мінез қалыптасып туатынын тілге тиек етеді. Мұның өзі ғалым-педагогтың генетика заңын адам бойындағы негізгі қасиеттің ата-бабадан даритындығын еске салғаны болуы керек. Сондықтан да тәрбие жеке адамның ерекшелігін ескере отырып орындауы керек деген тұжырымымен келіспеуге болмайды. Қазіргі кездегі дамыған тәрбие ғылымының да басты қағидаларының бірі осындай. Яғни, мектептегі тәрбие ісі де, оқыту ісі де жеке адамның ерекшеліктерін ескере отырып орындалады.
Жүсіпбек Аймауытовтың тағы бір өзгеше ерекшелігін қазақ халқының ғасырлар бойы жасап келе жатқан ақыл ойына, даналығына сүйенетіндігі. Ұяда нені көрсең, ұшқанда соны ілерсің, сүтпен біткен мінез сүйекпен кетеді деген мақалдарды еске алып, баланың жеке адам болып қалыптасуындағы ата-ананың маңызды ролін көрсетеді.
Тәрбиешіге Отанның келешегін тапсыруға болады. Өйткені ақылды адам, көбінесе, Отанның күзетшісі, қорғаны деген ойды оқу арқылы да ойларын танимыз. Тәрбие ісі – мемлекеттік іс. Өйткені бүгінгі дұрыс тәрбие – болашақтағы жақсы елдікті танытар азаматтардың өсиетінің белгісі деген салмақты тұжырымды танимыз.
Ж. Аймауытов жас ұрпақты тәрбиелеудің бір негізі ретінде әдет заңдарын айтады. «Әдет заңы» атты мақаласында әдеттің, дәстүрдің қазақ халқының күнделікті тіршілігінде алатын орнын, маңызын айқындайды. «Әдет – бір сақтаулы қазына дей отырып, халық жасаған әдеттердің тәрбиелік мәніне тоқталады.
Ғалымның негізгі ғылыми еңбектерінің бірі – «Жан жүйесі және өнер талдау» деп аталатын зерттеуі. Бұл қазақ психологиясының қырын саралап, жақсы әдепті қалыптастырудағы психологиясының маңызын анықтауға арналған терең мәнді ғылыми еңбек. Өз кезіндегі жан дүниесіне арналған тұңғыш еңбек болуымен де аса құнды. «Жан дүниесі» пәнінің негізін қалап, оның алғашқы терім сөздерін (термин сөздерін) қалыптастырған.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет