Абайдың діні Орындаған: Садыканова Динара Берікқызы Түйінді сөздер



бет1/4
Дата11.12.2023
өлшемі40,78 Kb.
#136997
  1   2   3   4
Байланысты:
Абай және Дін.


Абайдың діні


Орындаған: Садыканова Динара Берікқызы

Түйінді сөздер:
Абай және дін, адамгершілік,махаббат, Алланы тану, болмыс
Ключевые слова:
Абай и религия, мораль, любовь, познание Аллаха, бытие
Keywords:
Abai and religion, morality, love, knowledge of Allah, being


Аңдатпа
Бұл мақалада Абай Құнанбайұлының дін және сенім туралы ойлары көрініс табады.
Абай Құнанбайұлы қазақтың бас ақыны болып қана қойған жоқ. Сонымен бірге қара сөздерімен халықты тәрбиелеп, адамгершілікке, имандылыққа шақыра білді. Оның «Он үшінші», «Отыз сегізінші» қара сөздері – соның дәлелі. Қазіргідей діни мәселелер ушығып тұрған заманда осындай ойшылдарымыздың сөзіне құлақ түрмеске болмайды. Себебі, олардың сөзі «өлмейді», қашан да құнды.
Аннотация
В этой статье отражены мысли Абая Кунанбайулы о религии и вере.
Абай Кунанбаевич стал не только главным казахским поэтом. В то же время своими словами назидания воспитывали народ, призывали к нравственности, нравственности. Его слова назидания» Тринадцатый«,» тридцать восьмой “ – тому подтверждение. В наше время, когда религиозные проблемы обостряются, нельзя не прислушиваться к словам таких мыслителей. Потому что их слово “не умрет”, когда-нибудь ценно.


Annotation
This article reflects Abay Kunanbayuly’s ideas about religion and faith.
Abay Kunanbayuly was not only the main Kazakh poet. At the same time, he was able to educate the people with his words of edification, call for morality and morality. His obscenities” Thirteenth”,” thirty – eighth “ are proof of this. In a time when religious issues such as the present are exacerbated, it is impossible not to listen to the words of such thinkers. Because their word “does not die” is always valuable.


Кіріспе

Абайдың әкесі азан шақырып қойған аты Ибраһим еді. Бірақ оны әжесі «Абай» деп еркелеткен. Кейіннен осы атпен елге танылды. Бала күнінде «Ахмет Риза» медресесінде дәріс алып, хат таныды. Қарап отырсақ, қазақ зиялыларының көпшілігі діни сауатты болған.Сол секілді Абайдың шығармалары да діни тақырыптан кенде емес. Мәселен:


«Махаббатпен жаратқан адамзатты
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрiн сүй бауырым деп
Және хақ жолы осы деп әдiлеттi» деген өлең жолдары соның дәлелі болса керек.
Сондай-ақ, ұлы ақын иманның тек тілде ғана емес, істе, амалда екенін алға тартады.
«Алла деген сөз жеңіл,
Аллаға ауыз қол емес.
Ынталы жүрек, шын көңіл,
Өзгесі хаққа жол емес.
Дененің барша қуаты
Өнерге салар бар күшін.
Жүректің ақыл суаты,
Махаббат қылса тәңірі үшін»,- деп жырлайды ақын.
Абай сыншыл болды. Ол өз заманындағы дінбасылар мен діни надандықты сынады.Абай Құнанбайұлының қара сөздерінде де діни ғибратты ойлар айтылған. Әсіресе, сенім мен әдепке қатысты аят пен хадистерді қазақи мәнерде түсіндіреді.
Мәселен, «Он үшінші қара сөзінде» иманға сипаттама береді. «Әуелі — не нәрсеге иман келтірсе, соның хақтығына ақылы бірлән дәлел жүргізерлік болып, ақылы дәлел — испат қыларға жараса, мұны якини иман десе керек»,-деп жазады ғұлама.Абай иманға тек пайдакүнемдік мақсатпен немесе елге жақсы көріну ниетімен келуді құптамайды. Ол адам өмірінің мәні сеніммен тікелей байланысты екенін алға тартады. Адамның барлық қайғы мен тауқымет, азаптарын сол иман мен оның жалғандығымен түсіндіреді.
Қазіргі таңда дін атын жамылған жат ағымдар жұртшылықты алаңдатып отыр. Абай өзінің «Қырық бесінші қара сөзінде» «Неше мың түрлі діннің бәрі де ғаделет, махаббат Құдайға лайық деген» дейді. Осымен ақын ғылым, махаббат, әділетті — дін мен иманның шын негіздері деп атайды. Оның айтуынша, «Бұлар Жаратушы Иеміздің ісі, он сегіз мың ғаламды меңгеретін басты заңдары» болып табылады. Қоғам дамуы үшін осы үштікті бірдей ұстау маңызды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет