ҚОЗҒалмалы ойындар



Дата15.03.2023
өлшемі1,76 Mb.
#74450
Байланысты:
Презентация

ҚОЗҒАЛМАЛЫ ОЙЫНДАР

Дайындаған: Сабыр Ерен

Мұғалім: Күнай Серік

Пән: НВП/ФКС

Белбеу тастау

  • Бір-бірлеріңе иықтарыңды тиістіріп, үлкен шеңбер жасап отыра қалыңдар. Жеребе салып немесе санамақ арқылы ойын жүргізушіні сайлап алыңдар. Жүргізуші белбеу ұстаған қолын төмен түсіріп, шеңберді бойлап сендердің ту сырттарыңнан тез жүріп отырып, белбеуді біреудің арқасына немесе жанына білдірмей қалдырып кетуге тырысады. Соның сәті түссе, ол шеңберді тез айналып шығып, белбеуді көтеріп алып: “Бұл жер саған тар, өз орныңды тап” деген сөздерді айтып, бейқам ойыншының арқасына ақырын ғана ұра бастайды. Ұрған кімге ұнай қойсын? Ойыншы орнынан тұрып, шеңберді бойлай жүргізушіден қашып, қайтадан өз орнына келіп отыруға тырысады.

Соқыртеке

  • Балалар белгіленген жерге орналасады. Олардың біреуінің көзін байлайды, бұл –соқыртеке, тәрбиешінің сигналы бойынша балалар ептеп алақандарын шапалақтап жүгіреді.Соқыртеке ұстайды.Соқыртеке біреуін ұстап алса,ойын тоқтатыла тұрады да, жаңа соқыртеке сайланады.Егер соқыртеке көпке дейін ешкімді ұстай алмаса,ол бала ауыстырылады.

Допты ұстап ал

  • Ойынға 3 ойнаушы қатысады.
  • Екеуі 3 метрдей қашықтықта тұрып,
  • бір-біріне допты лақтырады.
  • 3-ші бала екеуінің ортасына тұрып,
  • төбесінен ұшып бара жатқан допты ұстап алмақшы болады.
  • Егер ол допты ұстап алса,допты лақтырған баланың орнына
  • барып тұрады, ал бала ойын жүргізушінің орнына тұрады.

Көтермек

  • Ортаға 2 бала шығыңдар. Бір-бірлеріңе арқаларыңды
  • тіреп тұрып, қолдарыңды шынтақтастырыңдар.
  • Мұғалімнің белгісінен кейін жерден қайсысың бұрын екіншіңді көтеріп алсаңдар, ұтқан болып есептелесіңдер.
  • Жеңіске жеткендерің ортада қалып,келесі баламен сайысқа түсесіңдер. Соңғы жеңімпаз анықталады.

Ақсерек - көксерек

  • Бұл ойынды ойнау үшін балалар екі топқа бөлінеді,қолдарынан ұстап тұрады.Ара қашықтық 20-30 қадам.
  • 1-ші топ: Ойынды бастайды Ақсерек-ау ақ серек
  • Бізден сізге кім керек.
  • 2-ші топ: Ақсерек –ау ақ серек
  • Жаман-жаман бала аты (бала аты) керек
  • Аты аталған бала келесі топқа дейін жүгіріп барып ортасынан ұстасқан қолдарды ажыратып кету керек.Егер өтіп кетсе сол топтан бір баланы тобына алып қайтады,өте алмаса сол топта қалады.Ойын осылай жалғаса береді.

Қыз қуу

  • Қыз қуар (Қыз қуу) Мерекелерде өткізілетін ат үстіндегі спорттық мәні бар ойындардың бірі. Қыз қуарға бір қыз, бір жігітті көз көрім жерге атпен жібереді. Барғанша жігіт қызбен әзілдесіп барады. Қайтарда Жігіт озуға тырысады, ал қыз жігітті қамшымен шықпыртуға тырысады. Ереже бойынша қыз жетсе, қамшының астына алуға хақылы. Жігіт тек тез қашуды және қамшы тигізбеуді көздейді. Көп жағыдайларда қыз қуып жетсе жігітке қамшы тигізбей, жай басынан қамшы үйіреді. Бұл жігіт үшін намысты жағдай. Егер жігітке ызаланса аямауы мүмкін. Бұл ойынды бір-бірін ұнататындар да, былайғы боз балалар да еркін ойнауы мүмкін. Ол әрі ат үстіндегі мәдение дене тәрбие.

Көкпар

  • Қазақстанда 1949 ж. Көкпар жарысының жаңа ережесі бекітілді. Осыған сәйкес Көкпар жарысын арнаулы алаңда, командалық сипатта өткізу белгіленді. Ал 1958 жылдан Көкпар бәйге алаңдарда (ипподромдарда) өткізіліп келеді. Алаң көлемі қатысушылар санына байланысты. Егер әр команда 5 адамнан болса, ұзындығы 300 м, ені 100 м, 10 адам болса – 500х200 м, 15 адамнан болса – 700х300 м, 20 адамнан болса – 1000х500 м болады. Алаңның әр бұрышына қызыл жалаушалар ілініп, ал оның екі жағында диаметрі 10 м-лік шеңбер (“отау”) сызылады. Алаң ортасында диаметрі 6 м-лік шеңбердің дәл ортасына Көкпар қойылады. Жарыс басталар сәтте командалар орталық шеңбердің сыртында тұрады. Жарыс алаңындағы төрешінің хабары бойынша басталады. Көкпар тарту қатысушылардың санына байланысты 8 – 15 мин аралығында өтеді. Көкпаршылардың мақсаты – орталық шеңберде жатқан Көкпарды өз командасының “отауына” жеткізу. Көкпар “отауға” жеткізілгеннен кейін, ойын алаң ортасынан қайта басталады. Белгіленген уақыт ішінде қай команда Көкпарды өз “отауына” көп жеткізсе, сол жеңіске жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет