Қп-аəиу-09-2016 Сапа менеджменті жүйесі Құжатталған процедура Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы 217 беттің 1-беті 1



Pdf көрінісі
бет1/32
Дата31.03.2017
өлшемі3,11 Mb.
#10991
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

 
 
 
    

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 1-беті 
 

 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
 
АЙМАҚТЫҚ ƏЛЕУМЕТТІК-ИННОВАЦИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
НОРМАТИВТІК –ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚҰЖАТТАР  
ЖИЫНТЫҒЫ 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Шымкент, 2016 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 2-беті 
 

 
«Нормативтік  құқықтық  құжаттар  жиынтығы»  университет  Ғылыми  кеңесінің 
шешімімен бекітілген (№ 6 хаттама, 27.01.2016ж.). 
 
Редакциясын басқарған: университет ректоры Боранбаев С.Р. 
 
 
Редакция алқасы: 
 
Мамаев Қ.С. 
-оқу жəне инновациялық технологиялар  жөніндегі проректор; 
Досжан Р.А. 
-ғылыми-зерттеу  жұмыстары  жəне  халықаралық  байланыстар 
жөніндегі  проректор; 
Тұрсынбаев А.З 
-оқу-əдістемелік    жəне    қашықтықтан  оқыту  істері  жөніндегі 
проректор; 
Əлімбаев М.Е. 
тəрбие жəне əлеуметтік мəселелер жөніндегі проректор 
Касимбекова Б.А. 
-СМЖ жəне аккредиттеу бөлімінің меңгерушісі; 
Асабаев Ж.А. 
-құқықтық  қамтамасыз  ету  жəне  кадрлар  жұмыс  бөлімінің 
бастығы 
Елікбаев Б.К. 
- ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі  кеңесші; 
Қыстаубаев Е.И. 
-оқу жəне инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесші; 
Смайлов А. 
-тəрбие жəне əлеуметтік істер жөніндегі кеңесші; 
Джумаділлаева Г.Н. 
-оқу бөлімінің меңгерушісі 
Тогаева В. 
-офис-регистратор бөлімінің меңгерушісі  
Қамбарбекова А.Ж. 
-кітапхана меңгерушісі 
 
 
 
Құрастырған: СМЖ  жəне аккредиттеу бөлімінің бас маманы Ториева А.Ш. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
«Университеттің 
нормативтік-құқықтық 
құжаттар 
жиынтығы» 
Қазақстан 
Республикасы  «Білім  туралы»  заңының,  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру 
стандарттарының,  Қазақстан  Республикасының  Білім  жəне  ғылым  министрлігінің 
бұйрықтары,  нұсқаулары  жəне  қағидалары  негізінде  даярланған.  Аймақтық  əлеуметтік-
инновациялық  университетіндебілім  беру  үдерісін  жоспарлау,  ұйымдастыру,  іске  асыру 
кезеңдерінде  университетте  білім  алушылардың  атқаратын  оқу,  оқу-əдістемелік,  ғылыми 
жəне тəрбиелік жұмыстарын айқындайтын құжат ретінде қолданысқа енгізілді. 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 3-беті 
 

 
МАЗМҰНЫ 
 
Белгілеулер мен қысқартулар..................................................................................  5 
Нормативтік  сілтемелер...........................................................................................  
1 БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ БАСҚАРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ 

1.1 Университет ішкі ережесі.............................................................................  6 
1.2 Ғылыми кеңес туралы ережесі.....................................................................  10 
1.3 Офис регистратор ережесі............................................................................  12 
1.4 Оқу бөлімінің ережесі...................................................................................  13 
1.5 Факультет ережесі......................................................................................... 
14 
1.6 Кафедра ережесі........................................................................................... 
16 
1.7 Эдвайзер жəне эдвайзерлер кеңесі туралы ереже..................................... 
18 
1.8 Университет түлектерінің ассоциациясы  туралы  ереже........................ 
21 
1.9 Қамқоршылық кеңесі қызметін ұйымдастырудың ережесі.................... 
23 
1.10 Академиялық ұтқырлық бағдарламасын ұйымдастыру ережесі.......... 
24 
1.11 Кейс технологиясымен оқытуды ұйымдастыру ережесі....................... 
37 
1.12 Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін 
ұйымдастыру ережесі................................................................................................... 
40 
1.13 
Университет 
профессор-оқытушылар 
құрамы 
мен 
ғылыми 
қызметкерлерінің  лауазымдарына    тағайындауға  арналған  конкурстық 
ережесі.................................................................................................................... 
 
 
42 
2 БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ.......................... 
45 
2.1 Білім алушыларды бакалавр бағыты бойынша оқуға қабылдау 
ережелері........................................................................................................................ 
 
45 
2.2 Білім алушыларды магистратура бағыты бойынша оқуға қабылдау 
ережелері....................................................................................................................... 
 
51 
2.3 Білім алушыларды ауыстыру жəне қайта қабылдау ережелері............. 
55 
2.4Білім алушыларға академиялық демалыс беру ережесі............................ 
59 
2.5Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру 
ережесі........................................................................................................................... 
 
60 
2.6 Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық жəне   
қорытынды аттестаттау өткізудің ережесі................................................................ 
 
98 
2.7 Білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру ережелері........ 
123 
2.8 Курстық жұмыстарды əзірлеу мен рəсімдеуге қойылатын талаптар....... 
127 
2.9 Кəсіптік практиканы ұйымдастыру, өткізу жəне практика базалары 
ретінде ұйымдарды айқындау ережелері.................................................................... 
 
131 
2.10 Дипломдық жұмысты (жобаны) əзірлеуменрəсімдеу ережесі.............. 
136 
2.11 Магистрлік диссертация туралы ереже.....................................................  144 
2.12 Дипломдық жұмыстың (жобаның) мазмұнын плагиатқа тексеру 
ережесі......................................................................................................................... 
 
153 
2.13 Магистрлік диссертацияны плагиатқа тексеру ережесі......................... 
155 
2.14 Мамандықтар мен пəндердің оқу-əдістемелік кешендерінің 
құрылымы.................................................................................................................... 
 
157 
2.15 Мамандықтың негізгі оқу жоспарын дайындау...................................... 
159 
2.16 Элективті пəндер каталогының ережесі................................................. 
162 
2.17 Силлабустарды əзірлеу ережесі...............................................................  
165 
2.18 Лекция, практикалық (семинар), лабораториялық сабақтарды 
ұйымдастыру мен өткізу ережесі..............................................................................  
 
167 
2.19 Бакалавриат бағдарламасы бойынша үлгілік оқу жоспарын əзірлеу 
ережесі.........................................................................................................................  
 
175 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 4-беті 
 

 
3 ОҚУ-ƏДІСТЕМЕЛІК ЖƏНЕ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫН 
ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ............................................................................ 
179 
3.1 Оқу-əдістемелік кеңес ережесі...................................................................  
179 
3.2 Жас Ғалымдар Кеңесінің ережесі...............................................................   181 
3.3 Факультеттердің оқу-əдістемелік кеңесін ұйымдастыру жəне қызметі 
туралы ережесі............................................................................................................  
183 
3.4 Студенттерді оқулықтар, оқу-əдістемелік жəне көмекші оқу 
құралдармен қамтамасыз етуді қамтамасыз етуді ұйымдастыру ережесі.............  
186 
3.5 Жоғары оқу орны ішілік семинар жүргізу ережесі.................................. 
187 
3.5 Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру ережесі.......  190 
3.6 Профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу жұмыстарын  
жүргізу ережесі............................................................................................................. 
194 
3.7 Профессор-оқытушылар құрамының рейтингілік  көрсеткіштерін  
анықтау ережесі...........................................................................................................  
195 
4 ТƏРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ...................... 
199 
4.1 Профессор-оқытушылар құрамының ар-намыс кодексінің ережесі......  
199 
4.2 Студенттердің ар-намыс (ождан)кодексі.................................................... 
200 
4.3 Академиялық тазалық кодексі.................................................................... 
202 
4.4 Студенттік оқу топтардың тəлімгерлік жұмысының ережесі...................  203 
4.5 Азаматтық-патриоттық білім беру ережесі.................................................  205 
4.6 Студенттердің ішкі тəртіп сақтау ережелері............................................. 
208 
4.7 Студенттер жатақханасының ережесі...................................................... 
211 
4.8 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ережесі......................................  213 
 
 
 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 5-беті 
 

 
Белгілеулер мен қысқартулар 
АƏИУ 
−  Аймақтық  əлеуметтік-инновациялық университеті; 
АП 
−  ақпараттық пакет; 
ЖОО 
−  жоғары оқу орны; 
КАЕЖ (ЕСTS)  −  кредиттерді аударудың еуропалық жүйесі; 
ҚР  БҒМ 
−  Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі; 
ҚР 
–  Қазақстан Республикасы; 
МЖМБС 
−  Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты; 
МҒЗЖ 
−  магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы; 
МЭЗЖ 
−  магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысы; 
МАК 
−  Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы; 
ПОҚ 
−  профессор-оқытушылар құрамы. 
 
Нормативтік  сілтемелер 
– «Білім туралы»ҚР 2007 жылғы 27 шілдедегі  №319 Заңы (ҚР 24.10.2011ж. № 487-
ІV,  09.01.2012ж. №535-IV,  10.07.2012ж. №36-V,  18.02.2014ж. №175-V,  21.07.2015ж. 
№337-V,  13.11.2015ж. №398-V,  24.11.2015ж. №419-V,  09.04.2016ж. №501-V Заңдарымен 
өзгерістер мен толықтырулар енгізілген); 
–ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 18 ақпандағы №407-IV  «Ғылым туралы» заңы; 
–  ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 15 мамырдағы №251-III ЗҚР «Еңбек кодексі»; 
–  ИСО 9001-2008 ХС Сапа менеджменті жүйесі.Талаптар; 
–  ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген «Жоғары 
білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты». 
–  ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген «Жоғары 
оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты». 
–  ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №111 қаулысымен бекітілген «Жоғары 
білім  берудің  кəсіптік  оқу  бағдарламаларын  іске  асыратын  білім  беру  ұйымдарына  оқуға 
қабылдаудың үлгі қағидалары»; 
–  ҚР БҒМ  2015  жылғы  20  қаңтардағы  №19  бұйрығымен  бекітіліп,  2015  жылғы  5 
қазандағы  №591  бұйрығымен  өзгерістер  мен  толықтыру  енгізілген«Білім  алушыларды 
білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру жəне қайта қабылдау қағидалары»; 
–  ҚР  БҒМ  2014  жылғы  4желтоқсандағы  №506  қаулысымен  бекітілген  «Білім  беру 
ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру қағидалары»; 
–  ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы  №125 бұйрығымен енгізіліп, 2011 жылғы 16 
наурыздағы  №94  бұйрығымен  өзгеріс  енгізілген  жəне  ҚР  Əділет  министрлігінде  2011 
жылғы  25  сəуірде  №6900  тіркелген  «Жоғары  оқу  орындарында  білім  алушылардың 
үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық жəне қорытынды аттестатау өткізудің Үлгі ережесі»; 
–  ҚР  БҒМ  2011  жылғы  20  сəуірдегі  №152  бұйрығымен  бекітіліп,  2014  жылғы  2 
маусымдағы  №198  жəне  2016  жылғы  28  қаңтардағы  №90  бұйрықтарымен  өзгерістер 
ендірілген  «Оқытудың  кредиттік  технологиясы  бойынша  оқу  процесін  ұйымдастыру 
қағидалары»;
 
– ҚР БҒМ  2015 жылғы 20 наурыздағы №137 бұйрығымен бекітілген «Қашықтықтан 
білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары»;
 
– ҚР БҒМ 2007 жылғы 21 желтоқсандағы №644 бұйрығымен бекітілген «Əдістемелік 
(оқу-əдістемелік,  ғылыми-əдістемелік)  кеңес  қызметі  жəне  оны  сайлау  тəртібінің  үлгі 
ережесі»;
 
– ҚР БҒМ 29.11.2007 жылғы № 583 бұйрығымен бекітіліп, 27.07.2015 жылғы №488 
бұйрығымен  өзгертілген  «Оқу-əдістемелік  жұмысты  ұйымдастыру  жəне  жүзеге  асыру 
Ережесі».
 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 6-беті 
 

 
1 БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ БАСҚАРУ 
ЕРЕЖЕЛЕРІ 
 
1.1 УНИВЕРСИТЕТТІҢ  ІШКІ  ЕРЕЖЕСІ 
 
 1 Жалпы ережелер 
 1.Бұл  ереже  АƏИУ-нің  ҚР  «Еңбек  кодексі»,  «Білім  туралы»  колданыстағы  заң 
талаптарына  жəне  АƏИУ  Жарғысына  сəйкес  қызметкерлерді  жұмысқа  қабылдау,  ауыстыру, 
жұмыстан  босату,  қызметкердің  міндеті  мен  жауапкершілігін,  жұмыс  уақытын,  демалыс 
уақытын,  қызметкерді  марапаттау  жəне  тəртіптік  шара  қолдану,  қызметке  тағайындау,  еңбек 
демалысына  жіберу,  білімін  жетілдіру  жəне  басқа  да  еңбек  қатынастарын  реттеудегі 
жергілікті нормативтік кұжаты болып табылады. 
2. Осы ереже талаптары АƏИУ қызметкерлерінің барлығына міндетті болып табылады. 
3.Осы  ереже  университеттің  барлық  қызметкерлерін  жəне  жаңадан  жұмысқа 
қабылданған  кызметкерлерді  таныстыруға  университеттің  құқықтық  қамтамасыз  ету  жəне 
кадрлармен жұмыс бөлімі жауапты. 
4. Осы ереже АƏИУ-нің ректоры бекіткен күннен бастап күшіне енеді. 
5.  Ереженің  мақсаты  -  еңбек  тəртібін  нығайту,  еңбекті  ұйымдастыру,  жұмыс  уақыты 
тиімді пайдалануға мүмкіндік жасау, жұмыстың жоғары сапалылығын арттыру. 
 
2  Жұмысқа қабылдау жəне жұмыстан босату тəртібі 
1.  АƏИУ-де  еңбек  етуге  құқық  еңбек  шартын  жазбаша  түрде  жасау  арқылы  жүзеге 
асырылады.  Еңбек  шарт  жасалғаннан  кейін  АƏИУ  ректорының  жұмысқа  қабылдау  туралы 
бұйрығы шығарылады. 
2. Кұрылымдық  бөлім  басшылары  жұмысқа  қабылдауға  өтініш  білдірген  тұлғаның 
құжаттарымен    танысып,    қызметтік    нұсқауға,  университет  ректорының    шешіміне  
сəйкестігін анықтап кандидатурасын бос тұрған орынға жетекші ректордың проректорларына 
ұсынады; 
3. Жұмысқа  қабылдау туралы  соңғы  шешімді   АƏИУ ректоры   қабылдайды. АƏИУ 
ректорының  бұрыштамасынан  (шешімінен)  кейін  өтініші  жеке  еңбек  шарты  негізінде 
жұмысқа қабылдану бұйрығын дайындау үшін кадр бөліміне жіберіледі. Жұмысқа қабылдау 
бұйрығының жобасын дайындауда құқықтық қамтамасыз ету жəне кадрлармен жұмыс бөлімі 
жұмысқа қабылданатын қызметкерден төмендегідей жеке іс-құжаттарын талап етуге құқылы: 
- еңбек шарты - 2 дана 
- жеке іс кағазы - 1 дана 
- Т-2 формасы жеке карточкасы - 1 дана 
- төлқұжат, жеке куəлігінің көшірмесі - 2 дана 
- анкета - 1 дана 
- зейнетақы қоры келісім шартының көшірмесі - 2 дана 
- 3-4 фотосурет - 3 дана 
-  еңбек  кітапшасы  (түп  нұсқа),  қосымша  қызмет  атқаратын  ПОҚ  үшін    нотариалды   
расталған еңбек кітапшасының көшірмесі; 
- дипломдарының, куəліктің көшірмелері (тіркемесімен); 
- ғылыми еңбектерінің тізімі; 
- өмірбаяны; 
- медициналық кітапша; 
- алыс-жақын шет ел азаматтары үшін рұқсат қағазы немесе оралман куəлігінің, ықтияр 
хаттың көшірмесі; 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 7-беті 
 

 
-  əскери  билетінің  көшірмесі  (əскери  есепке  алу  жұмыстары  жөніндегі  инспекторға 
тіркелу). 
4.  Қажетті  құжаттар  құқықтық  қамтамасыз  ету  жəне  кадрлармен  жұмыс  бөліміне  үш 
күннен  кешіктірілмей  өткізілуі  тиіс.  Қажетті  кұжаттар  құқықтық  қамтамасыз  ету  жəне 
кадрлармен жұмыс бөліміне уақтылы өткізілмеген жағдайда бұйрық құжат өткізілген күннен 
бастап шығарылады. 
5. Жұмысқа қабылдау АƏИУ ректорының бұйрығымен рəсімделеді. 
6.Қызметке  қабылданған  немесе  қызмет  ауыстырған  қызметкерді  қажетті  нормативтік 
құжаттармен  таныстыруға  университеттің  құқықтық  қамтамасыз  ету  жəне  кадрлармен 
жұмыс бөлімі міндетті: 
- бұйрықпен қол қойдырып таныстыруға; 
- ұжымдық шартпен; 
- қызметтік нұсқауымен; 
- осы стандартпен; 
- еңбек шартының бір данасын қол қойдырып беруге. 
7.Қызметке  қабылдау  немесе  қызмет  ауыстыру  барысында  қызметкер  төмендегі 
нормативік құжаттармен танысуға міндетті жəне құқылы: 
- орындайтын қызметімен (жұмысымен), оның талаптарымен жəне еңбек ақысымен; 
- атқаратын қызметіне сəйкес міндеттерімен жəне құқықтарымен; 
- университет ережесімен; 
-  қауіпсіздік  техникасының  ережелерімен,  өндірістік  санитариямен  жəне  еңбек         
гигиенасымен, өрт кауіпсіздігін сақтау жəне еңбекті қорғаудың басқа да ережелерімен; 
- Сапа менеджмент жүйесі бойынша университет стандартымен. 
8.Еңбек  шартын  тоқтату  немесе  бұзу  Қазақстан  Республикасының  қолданыстағы 
заңдарда  қаралған  негіздер  бойынша  ғана  орындалады.  жəне  ол  университет  ректорының 
бұйрығымен рəсімделеді. 
9.Еңбек шарттың тоқтату немесе бұзу негіздері: 
- мерзімнің бітуіне байланысты; 
- тараптардың келісімі бойынша; 
- талаптардын бірінің бастамасы бойынша. 
10.  Еңбек  шарты  тараптардың  бірінің  бастамасымен  бұзылуы  мүмкін,  егер  бір  тарап 
екінші тарапқа жазбаша  еңбек шарты бұзылған кезге дейін бір ай бұрын ескерткен жағдайда; 
11.Жұмыс  берушінің  бастамасы  бойынша  еңбек  шартын  бұзу  ҚР  Еңбек  кодексінің  54 
бабының  талаптарына  сай  жүзеге  асырылады.  Еңбек  шарты  кодекстің  54-шы  бабына  сай 
бұзылған жағдайда кызметкерді алда шарттың бұзылатыны туралы ескерту талап етілмейді. 
12.Жұмыстан босатылу бұйрығы шықкан күні кету қағазын толтырып өткізгеннен кейін 
еңбек  кітапшасына  тиісті  жазбасы  түсіріліп,  еңбек  кітапшасы  қол  қойдырылып   
қызметкердің өз қолына беріледі. 
 
3 Университет қызметкерлерінің негізгі міндеттері 
1.Еңбек,  ұжымдық  шарттарда  жəне  жұмыс  берушінің  актілерінде  жазылған  еңбек 
міндеттерін адал орындауға. 
2. Еңбек тəртібін сақтауға. 
3. Жұмыс кезінде жұмыс берушіге мүліктік зиян келтірмеуге. 
4. Еңбек корғау, өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын орындауға. 
5.  Еңбек  шартына  сəйкес  өзіне  сеніп  тапсырылған  қызметтік,  коммерциялық  жəне 
заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайын мəліметтерді жария етпеуге. 
6.Адамдардың  өмірі  мен  денсаулығына,  жұмыс  беруші  мен  қызметкерлер  мүлкінің 
сақталуына қатер төндіретін ахуал туындағаны туралы хабарлауға. 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 8-беті 
 

 
7. Зейнетақы жинақтарын бір жинақтаушы қорынан басқасына аударған кезде міндетті 
зейнетақы  есебінен  зейнетақымен  қамсыздандыру  туралы  жинақтаушы  зейнетақы  қорымен 
шарт жасасқаны жөнінде жұмыс берушіні хабардар етуге. 
8. Өзінің кəсіби біліктілігін үнемі жоғарылатып отыруға. 
4 Университет əкімшілігінің негізгі міндеттері 
1.Қазақстан  Республикасының  "Еңбек  кодексі",  "Білім  туралы"  қолданыстағы 
заңдарының,  сондай-ақ  АƏИУ  Жарғысының,  тиісті  тəртіппен  белгіленген  Регламенттер, 
ережелерінің талаптарына сəйкес жағдайларын қамтасамыз етуге. 
2.Қызметкер өкілдерінің ұсынысын қарауға, келіссөздер жүргізуге. 
3.Қызметкерлерді  жұмысқа  қабылдаған  кезде  онымен  еңбек  шартын  жасасуға,  еңбек, 
ұжымдық шартпен жəне жұмыс берушінің актілерімен таныстыруға 
4.Жалақыны  жəне Қазақстан  Республикасының  нормативтік   құқықтық  актілерінде, 
көлемінде төлеп тұруға. 
5.Қызметкерге жыл сайын ақылы еңбек демалысын беруге. 
6.Қызметкерді  еңбек  міндеттерін  орындауы  үшін  қажетті  құралдармен  жəне 
материалдармен қамтамасыз етуге. 
7.Қызметкердің  еңбек  міндеттерін  атқаруы  кезінде  оның  денсаулығы  мен  өміріне  зиян 
келтіргені үшін жауапкершілікті сақтандыруға. 
8.Жұмыс  орындары  мен  технологиялық  процестерде  қатердің  алдын  алу  жөнінде 
шаралар  қолдануға,  өндірістік  жəне  ғылыми  техникалық  прогрессті  ескере  отырып, 
профилактикалық жұмыстарды жүргізуге. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет