Қп-аəиу-09-2016 Сапа менеджменті жүйесі Құжатталған процедура Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы 217 беттің 1-беті 1


 Лекция оқуға қойылатын негізгі талаптар



Pdf көрінісі
бет26/32
Дата31.03.2017
өлшемі3,11 Mb.
#10991
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32

2.6 Лекция оқуға қойылатын негізгі талаптар:  
- берілген ақпардың жоғары ғылыми деңгейде болуы, оның дүниетанымдық маңызы; 
- əдістемелік жағынан өңделген, көлемді нығыз жүйеленген жаңа ғылыми ақпар; 
- айтылған пікірлердің дəлелді болуы; 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 170-беті 
 
170 
 
- келтірілген мысалдар мен фактілердің, құжаттардың қажетті мөлшерде болуы; 
- айтылған  ойдың  түсініктілігі,  тыңдаушылардың  ойлау  қабілетін  арттыруы, 
қарастырылған мəселе бойынша өз бетінше жұмыс істеуге арналған сұрақтар қою; 
- қойылған мəселені шешуге айтылған əртүрлі көзқарастарды сараптау; 
- негізгі ойды бөліп алу, қорытындыларды тұжырымдау; 
- білім  алушылармен  педагогтік  байланыс  жасап,  дидактикалық  материалдар  мен 
техникалық құралдарды пайдалана білу. 
- негізгі ойды бөліп алу, қорытындыларды тұжырымдау; 
- негізгі материалдар текст-конспект, блок-сызба, кесте, графиктерді пайдалану; 
- оқытудың замануи техникалық құралдарын толық мəнді пайдалану. 
2.7 Университетте оқу жұмысын ұйымдастыруда лекцияның төмендегідей түрлері: 
- кіріспе лекция;  
- ақпаратты лекция; 
- шолу лекция; 
- проблемалық лекция; 
- визуальдық лекция; 
- бинарлық лекция; 
- алдын ала қателерімен жоспарланған лекция; 
- конференция лекция; 
- кеңес лекция; 
- “Миға шабуыл” лекциясы, т.с.с. түрлері орын алуы мүмкін.  
2.8  Лекцияның  сапалық  сипаттамасын  жетілдіруге  білікті  оқытушылардың  ашық  жəне 
үлгі көрсететін лекциялары, сондай-ақ əдістемелік семинарлар қызмет етеді. 
2.9  Лекцияның  сапасын  бақылауды  кафедра  ішілік  бақылау  жүйесі  бойынша  кафедра 
меңгерушісі,  факультеттің  оқу-əдістемелік  бюро  жетекшісі  мен  мүшелері,  факультет  пен 
университеттің оқу жұмыстарын ұйымдастыруды тексеру комиссия құрамы жүзеге асырады. 
 
3 Практикалық, семинар жəне лабораториялық сабақтарды өткiзу формалары 
3.1  Практикалық  жəне  семинар  сабақтарының  құзыреттерге  негізделген  білім  беру 
бағдарламасын меңгертуге бағдарлануы. 
Практикалық  жəне  семинар  сабақтары  пəннің  құзыреттерге  негізделген  білім  беру 
бағдарламасына  сəйкес  оқыту  нəтижелеріне  қол  жеткізу  үшін  ұйымдастырылады,  пəн 
бойынша  құзыреттердің  анықталған:  білімдік, 
іс-əрекеттік  жəне  құндылық  сала 
құраушыларын білім алушыларда қалыптастыруы тиіс. 
3.2 Практикалық сабақтарды өткiзу формалары: 
- алгоритмдерді өңдеу жəне iске асыру; 
- ЭЕМ-нiң бағдарламаларының мəтiндерiн жазу; 
- технологияны, схемаларды, кескiндi нысандарды əзірлеу; 
- түйiндерді, тетiктерді, жүйелердi есептеу; 
- тақырыптық тапсырмаларды, есептердi шешу; 
- жаттығуларды, практикалық жұмыстарды орындау; 
- бейнелеу, еңбек объектілерін дайындау; 
- көркем образ үлгілерін сомдау; 
-  оқылатын  оқу  пəндерiнiң  (шетел  тiлi,  архитектура,  кескiндеме  жəне  тағы  басқалар) 
ерекшеліктеріне сəйкес басқа да педагогикалық іс-əрекет түрлерi болуы мүмкін. 
3.3 Семинар сабақтарын өткiзудiң формалары: 
-  оқу  пəнiнiң  ең  маңызды  тақырыптары  бойынша  білім  алушылардың  хабарламалары 
мен баяндамаларын талқылау;  
- сабақ жоспарына сəйкес оқу пəнiнiң нақты сұрақтарын талқылау; 
- білім алушылар ұсынған тапсырмаларды жəне сұрақтарды талқылау; 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 171-беті 
 
171 
 
- оқу пəнiнiң теориялық қағидалары мен тұжырымдамаларын талдау; 
- конструктивтiк пiкiрталастар; 
- семинар – «дөңгелек стол»; 
- семинар – «ақылдасу»; 
- семинар – «топсеруен»; 
- «аз топтардың» əдiсi; 
- «баспасөз мəслихаты» əдiсі; 
- «түпдеректердi түсiндiру» əдiсі; 
- семинар - iскерлiк ойын; 
-  оқылатын  оқу  пəндерiнiң  ерекшеліктеріне  сəйкес  басқа  да  педагогикалық  іс-əрекет 
түрлерi болуы мүмкін. 
3.4 
Білім 
алушылардың 
орындауы 
бойынша 
лабораториялық 
сабақтардың 
тапсырмалары: 
- оқытылатын теориялық курстарға сəйкес, таныстырылатын; 
- формалды əдістер негiзiнде жаңа ақпаратты алу үшін талданатын; 
-  тəжірибелік  жұмыстарды  өткізу  нəтижесінде  жаңа  ақпаратты  алумен  байланысты 
шығармашылық, т.б. болып бөлінедi. 
3.5 Лабораториялық сабақтарды өткiзудiң формалары: 
- əр түрлi тəжiрибелердi жүргізу; 
- алгоритмдерді əзірлеуі мен iске асыру; 
- ЭЕМ бағдарламалары мəтіндерін жазу;  
- құбылыстарды, жүйелерді, схемаларды, үдерістерді зерделеу мақсатымен талдау; 
-  қондырғыларды  жəне  техникалық  құралдарды  пайдаланумен  үдерістердi  зерттеу, 
ұтымды шешiмдердi iздестiру т.б. педагогикалық іс-əрекеттер болуы мүмкін. 
   
4 Практикалық жəне семинар сабақтарды ұйымдастыру мен өткiзуге қойылатын 
талаптар 
4.1 Практикалық жəне семинар сабақтары оқу пəнiнiң жұмыс бағдарламаларына сəйкес 
жоспарланады. 
4.2  Практикалық  жəне  семинар  сабақтары  білім  алушылардың  академиялық  тобының 
құрамымен ұйымдастырылады, жүргiзiледi. 
4.3  Практикалық  жəне  семинар  сабақтары  кафедра  меңгерушi  бекiткен  əдiстемелiк 
нұсқаулармен  қамтамасыз  етілуi  керек.  Сабақтарды  өткiзуде  əдiстемелiк  нұсқаулардың 
электрондық нұсқалары да қолданылады. 
4.4 Семинар сабақтарына қойылатын ұйымдастыру-əдістемелік талаптар: 
- семинар сабақтарын курстың сəйкес тақырыбы бойынша лекция оқылғаннан кейін 
өткізу; 
- семинар сабақтары жоспарларының курс бағдарламасына сəйкестілігі; 
- зерделенген тақырыптың түйінді проблемаларын қамтитын айқын сұрақтарды 
қалыптастыруы; 
- семинарда қарастырылатын сұрақтардың шектеулі (2-3) болуы; 
- сабақ жоспарына рефераттар мен баяндамаларды қамтуы; 
- тақырып бойынша əдістемелік нұсқаудың болуы; 
- сабақта демонстрациялайтын материалдардың (схема, плакат, диаграмма, техникалық 
құралдардың жəне т.б.) болуы. 
4.5 Семинар сабақтардың сапалық сипаттамалары: 
- оқытушының ғылыми-теориялық деңгейіне; 
- нақты сабаққа оқытушының даярлығына; 
- сабаққа білім алушының даярлығына; 
- түйінді сұрақтарды терең қарастыруға; 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 172-беті 
 
172 
 
-  семинарда  қарастырылатын  сұрақтарды  талқылауда  білім  алушылардың  белсенді 
болуына, пікір-талас элементтерін талқылауды енгізуге; 
-  талқыланған  сұрақтар  бойынша  оқытушының  терең  қорытынды  шығаруы  мен 
толықтыруына, т.б. байланысты. 
4.6 Практикалық сабақтардың сипаттамалары: 
-  сабақ  тақырыбы  бойынша  лекция  конспектілерінің  болуы  мен  сабаққа  білім 
алушылардың дайындығына; 
-  өзіндік  тапсырманы  шешуде  білім  алушылардың  іс-əрекетін  оқытушының  белсенді 
етуіне байланысты. 
4.7  Практикалық  жəне  семинар  сабақтары  қажеттi  оқу  жəне  ақпараттық-анықтамалық 
əдебиеттермен қамтамасыз етілуi тиіс. 
4.8  Білім  алушылардың  орындаған  жұмыс  нəтижелері  тапсырманы  орындау  жəне 
білімді бақылау кестесіне сəйкес журналға тіркеледі. 
 
5  Дəрісханалық  оқу  жұмыстары  бойынша  əдістемелік  нұсқаулықтардың 
құрылымы мен мазмұны 
5.1 Лекция бойынша əдiстемелiк нұсқаулықтардың құрылымдық элементтері 
Əдiстемелiк нұсқаулықтар келесi құрылымдық элементтерден тұрады: 
- сыртқы парағы; 
- лекцияның мақсаты мен міндеттері; 
- лекция мазмұны; 
- оқытудың техникалық құралдары; 
- лекция оқудың тəртібі, оқыту əдістері мен түрлері; 
-  əртүрлі  күрделілік  деңгейдегі  тапсырмалар  (сұрақтар)  жəне  оларды  бағалаудағы 
ұпайдардың үлестірілуі; 
-  СӨЖ  жəне  ОСӨЖ  тапсырмалары,  олардың  түрлері  мен  орындалуына  қойылатын 
ұпайдардың үлестері; 
- пайдаланылатын əдебиеттер тізімі; 
- мазмұны. 
5.2  Практикалық,  семинар  сабақтарды  өткiзу  бойынша  əдiстемелiк  нұсқаулықтардың 
құрылымы мен мазмұны 
Əдiстемелiк нұсқаулықтар келесi құрылымдық элементтерден тұрады: 
- сыртқы парағы; 
- сабақтың мақсаты мен міндеттері; 
- сабақтың мазмұны; 
- техникалық (оның ішінде оқытудың да) жəне инструментальдық құралдар; 
- сабақтарды өткiзу тəртібі; 
-  əртүрлі  күрделілік  деңгейдегі  тапсырмалар  (сұрақтар)  жəне  оларды  бағалаудағы 
ұпайлардың үлестірілуі; 
-  СӨЖ  жəне  ОСӨЖ  тапсырмалары,  олардың  түрлері  мен  орындалуына  қойылатын 
ұпайлардың үлестері; 
- қауiпсiздiк техникасы мен еңбектi қорғау (қажет болғанда) ережесi; 
- пайдаланылатын əдебиеттер тізімі; 
- мазмұны. 
5.3 Құрылымдық элементтердiң мазмұны 
5.3.1 Сыртқы (титуль) парағы 
5.3.2 Сабақтардың мақсаты мен міндеттерi 
Сабақтардың мақсаты мен міндеттерi оқу пəнi бойынша құзыреттерге негізделген білім 
беру бағдарламасының талаптарына сəйкес құрастырылады. 
5.3.3 Сабақтардың мазмұндары 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 173-беті 
 
173 
 
Бөлiмдерде қарастырылатыны: 
- жұмыс бағдарламасына сəйкес семинар (практикалық) сабақтардың тақырыбы; 
- оқытылатын тақырыптың маңызын ашатын қысқаша теориялық мəлiметтер; 
- сабақтарға дайындалуы бойынша білім алушыларға арналған əдiстемелiк нұсқаулар. 
Мамандықтардың  үлгілік/оқу  бағдарламалары  мен  оқу-əдістемелік  бірлестік  ұсынған 
тапсырмалар  мен  жаттығулар  жинақтарын  сабақтарда  пайдалану  кезінде  бөлімдер 
қысқартылып, тек тақырыптары беріледі. 
5.3.4 Техникалық жəне инструментальдық құралдар 
Бұл  бөлiмде  техникалық  (интерактивті  тақта,  проектор,  ЭЕМ,  аппаратура,  видео-, 
дыбыс  аппаратурасы,  басқару  аспаптары)  жəне  сабақтарды  өткiзу  кезінде  қолданылатын 
инструментальды  (программалау  тiлi,  трансляторлар,  оқыту-бақылау  бағдарламалары, 
операциялық жүйелер) құралдар тізбесі көрсетілуi қажет. 
5.3.5 Сабақтарды өткiзу тəртібі 
Бөлiмде сабақты өтудің жалпы ережелері мен тiзбектерi келтіріледі:  
- сабақтың тақырыбы қалыптастырылады; 
- сабақ тақырыбының басқа оқу пəндерімен жəне сабақтармен байланысы түсiндiріледi;  
- білім алушылардың сабаққа дайындығы тексеріледi; 
-  тақырыпқа  (оқу  пəнiнiң  жұмыс  бағдарламасына)  сəйкес  жəне  болжамды  оқыту 
нəтижелерін, құзыреттерді қалыптастыруға сəйкес сабақ өткізіледі; 
- сабақтың қорытындылары тұжырымдалады. 
5.3.6  Ұпаймен  көрсетілген  жəне  шектік  аралықтардың  айқын  келтiрілуiмен  əртүрлі 
күрделiлiк деңгейдегі тапсырмалар (сұрақтар) 
Əрбiр  тапсырмалар  меңгерілетін  оқыту  нəтижелері  мен  қалыптастырылатын 
құзыреттерге сəйкес тапсырмалар құрастырылады.  
5.3.7 СӨЖ, ОСӨЖ түрінде ұсынылатын өзбетінше жұмыс тапсырмалары 
Өзiндiк жұмысты орындауға арналған тапсырма нұсқаулары келтiріледi. 
5.3.8 Қауiпсiздiк техникасы жəне еңбектi қорғау ережелері. 
Бөлімде  сабақтарды  өткiзу  үдерісiнде  техникалық  құралдарды  қолдануда  техника 
қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау туралы мəлiметтер келтіріледi. 
5.3.9  Əдебиеттер.  Əдебиеттер  тiзiмiнде  сабақтарға  жəне  сабақтарды  өткiзуге 
дайындалуда  қолданылатын  оқу  -  ақпараттық  көздер  мен  басқа  да  материалдар  көрсетiледi. 
Көрсетiлетіні: авторы, кiтаптың аты, шығарылымның баспаханасы, жылы, бет саны. 
5.4 Лабораториялық сабақтардың құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптар 
5.4.1  Лабораториялық  жұмыстар  қағаз  нұсқада  орындалған,  əдістемелік  нұсқаумен 
қамтамасыз  етілген  жəне  кафедра  меңгерушiсiмен  бекітілген  болуы  қажет.  Сабақты  өткізу 
кезінде əдістемелік нұсқау қағаз нұсқада, сонымен қатар электрондық нұсқада пайдаланылуы 
мүмкін. 
5.4.2 Əдiстемелiк нұсқау төмендегідей құрылымдық элементтерден тұрады: 
- сыртқы парақ; 
- жұмыстың мақсаты мен мiндеттері; 
- жұмыстың мазмұны;  
- қондырғылар, техникалық жəне инструментальдық құралдар;  
- жұмысты орындау тəртібі (реттілігі); 
-  аталған  жұмыс  бойынша  қауіпсіздік  техникасы  мен  еңбекті  қорғау  (қажеттілікке 
байланысты) ережесі; 
- жұмысты ресiмдеуге қойылатын жалпы ережелер; 
- бақылау сұрақтары; 
- тапсырмалар; 
- əдебиеттер тiзiмi (қажеттілік бойынша). 
5.4.2.1 Жұмыстың мазмұны. 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 174-беті 
 
174 
 
Оқу пəнінің жұмыс бағдарламасына сəйкес лабораториялық сабақтардың тақырыптары; 
жұмыстың  мəнін  айқындаушы,  оны  орындауға  жеткiлiктi,  қысқаша  теориялық  мəлiметтер, 
сабаққа дайындалу бойынша білім алушыға əдістемелік нұсқау ұсынылады. 
5.4.2.2 Жабдықтар, техникалық жəне инструментальдық құралдар. 
Жабдықтардың  (станоктар,  стендтер,  қондырғылар),  техникалық  (интерактивті  тақта, 
проектор,  ЭЕМ,  аппаратура,  басқару  приборлары)  жəне  инструментальдық  құралдар 
(модельді  жабдықтар,  штамптар,  кесетiн  құралдар)  барлық  түрлерінің  тізімі  бойынша; 
сабақтарды  өткізу  кезінде  пайдаланылатын  программалау  тiлдерi;  трансляторлар;  басқару 
жүйесi; үйретушi тексеретiн бағдарламалар болуы қажет. 
5.4.2.3 Жұмысты орындаудың тəртібі (тiзбегі). 
Сабақты  өтудің  жалпы  ережелері  мен  өткiзілу  тiзбегін  баяндау  қажет,  сабақтың 
тақырыбы қалыптастырылады, сабаққа білім алушылардың дайындығы тексеріледi, орындау 
нəтижелерін талдау жəне қорытынды шығаруға нұсқаулар келтіріледі. 
5.4.2.3  Жұмысты  орындау  бойынша  қауiпсiздiк  техникасы  мен  еңбектi  қорғау 
ережелері. 
Бұл  бөлімде  сабақты  өткізу  үдерісінде  техникалық  құралдарды  пайдалану  кезінде 
сақталуы қажет қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау жөніндегі мағлұматтар келтіріледі. 
5.4.2.4 Жұмысты рəсiмдеуге жалпы ереже. 
Жұмысты  рəсiмдеу  бойынша  жалпы  ереже  келтіріледі:  бiрiншi  бетте  тақырыбы 
жазылады,  мақсат  пен  сағаттардағы  жұмыс  көлемi;  білім  алушының  аты,  жөні,  оқу  тобы, 
орындау  мерзімі  көрсетiледi.  Жұмыс  əдiстемелiк  нұсқауда  келтiрiлген  тiзбекте  рəсімделеді. 
Жұмыстың  мəтiнi  ұқыпты  жазылады  жəне  ЭЕМ-де  орындап,  принтерде  басып  шығарып 
рəсімдеуге рұқсат етіледі. 
Жұмысты рəсiмдеуде: 
- физикалық шама бiрлiктерiнiң атауын цифрларсыз пайдаланып, қысқартуға;  
-  бекітілген  орыс  емлесiнiң  қысқартылған  сөздерінен  басқа  қысқартылған  сөздер 
қолдануға;  
-  мəтінде  математикалық  шартты  таңбаларды  (>,  ≤,  ≥,  ≠,  Ø,  %,  №)  цифрларсыз,  
стандарттардың индекстерiн тiркеу нөмiрiнсiз (ГОСТ, ОСТ, СТ) қолдануға рұқсат етiлмейдi. 
5.4.2.5 Бақылау сұрақтары 
Жұмысты орындаудың нəтижесiнде алған бiлiмдері мен іскерліктерін өзiндік бақылауға 
арналған бақылау сұрақтары келтіріледi. Пəн бойынша қалыптастырылуы тиіс құзыреттерді 
айқындайтын,  оқыту  нəтижелерін  құраушыларына  сəйкес  əрбiр  тапсырмалар  күрделiлiк 
деңгейлерi бойынша тапсырмалар, сұрақтар құрастырылады. 
5.4.2.6 Тапсырма 
Бұл  бөлiмде  құзыреттер  мен  қалыптастырылатын  оқыту  нəтижелеріне  байланысты 
нақты тапсырмалар келтіріледi. 
5.4.2.7 Əдебиеттер тiзiмi. 
Əдебиеттер  тiзiмiнде  сабақты  өтуге  жəне  сабаққа  дайындалу  кезінде  пайдаланылатын 
оқу-ақпарат көздері мен web сайттар, басқа да материалдар тізбегі көрсетiледi. Библиография 
қойылған стандартпен сəйкестікте жазылады. 
5.4.2.8 Мазмұны 
Мазмұн  əдiстемелiк  нұсқаулықтың  бөлiмдері  мен  оны  құраушы  тақырыптардың 
орналасуының реттiк нөмiрі мен атауын қамтиды. 
5.5 Лабораториялық сабақты өткiзу тəртібi 
5.5.1  Лабораториялық  сабақ  оқу  пəнiнiң  жұмыс  бағдарламасына  сəйкес  жоспарланады 
жəне жүргiзiледi. 
5.5.2  Лабораториялық  сабақ  15  білім  алушыдан  аспайтын  академиялық  топтың 
құрамымен ұйымдастырылады. 
5.5.3 Лабораториялық сабақ үш бөліктен тұрады: 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 175-беті 
 
175 
 
-  кіріспе  (мұнда,  сабақтың  тақырыбы  құрастырылады;  оқу  пəнiнiң  жəне  сабақтардың 
басқа  тақырыптармен  байланысы  түсiндiріледi;  техника  қауiпсiздiгi  бойынша  нұсқау 
жүргiзiледi); 
-  негiзгi  (бұл  бөлімде,  тəжiрибе  жұмыстары жүргiзiледi;  зерттеудiң  нəтижелерiн  өңдеу 
орындалады; тəжiрибе мəлiметтерi талданады; қорытындылар құрастырылады); 
-  қорытынды  (мұнда,  жұмысты  қорғау,  білім  алушылардың  орындаған  жұмыс 
нəтижелері  ҚНБББ  жүзеге  асырудағы  білімді  бақылау  кестесіне  сəйкес  болуы 
қарастырылады). 
 
6  Білім алушының мiндеттерi 
6.1 Лекцияға қатысты білім алушы мiндеттi: 
-  лекцияның  мақсаты  жəне  міндеттерімен,  оның  мазмұнымен  алдын  танысуға, 
зерделеуге; 
-  əдiстемелiк  нұсқаулықтарға  сəйкес  теориялық  материалмен  жұмыс  iстеуге, 
дайындалуға; 
- лекция оқу жұмысына белсенді қатысуға. 
6.2 Практикалық, семинар сабақтарға қатысты білім алушы мiндеттi: 
- сабақтардың алдында тапсырмамен, оның мақсаты жəне міндеттерімен танысуға; 
- əдiстемелiк нұсқаулықтарға сəйкес теориялық материалмен жұмыс iстеуге; 
- сабақ барысында белсене жұмыс iстеуге;  
- тапсырманы сапалы орындауға;  
- əдiстемелiк нұсқауларға сəйкес сабақтың өткiзілуіндегі нəтижелердi ресiмдеуге. 
6.3 Лабораториялық сабақтарға қатысты білім алушы міндетті: 
-  жұмысты  орындаудың  алдында  тапсырмамен,  оның  мақсатымен  жəне  міндеттерімен 
танысуға; 
-  жұмыс  бойынша  бiлiмдердi  меңгеруге  қажеттi  теориялық  материалдармен  жұмыс 
жасауға; 
-  қажеттілік  бойынша  қауiпсiздiк  техникасы  жəне  еңбектi  қорғау  ережелерiмен 
танысуға; 
- жұмысты жүргізуге оқытушыдан рұқсат алуға; 
- жұмысты тапсырма мен əдiстемелiк нұсқауларға сəйкес жұмысты орындауға; 
-  жұмыс  нəтижелерін  əдiстемелiк  нұсқауларға  сəйкес  ресiмдеуге  жəне  оны  оқытушы 
алдында қорғауға. 
 
7 Семинар сабақтардың сапасын бақылау мен есепке алу тəртібі 
7.1  Семинар  сабақтарының  өту  сапасын  бақылауды  курс  бойынша  лектор  жүзеге 
асыруы қажет. 
7.2 Кафедра меңгерушісі семинар сабақтары жоспарының орындалуын бақылайды. 
7.3 Семинар сабақтарының сапасын тексеру: 
- курстың едəуір күрделі тақырыбы бойынша ашық семинар сабақтарын өткізумен жəне 
оны кафедра мəжілісінде немесе əдістемелік семинарда талқылау; 
-  сабаққа  кафедра  мүшелерінің,  меңгерушісінің,  факультеттің  əдістемелік  бюро 
мүшелерінің қатысу жəне оның нəтижелерін талқылау жолымен жүзеге асырылады. 
 
 
2.19 
БАКАЛАВРИАТ 
БАҒДАРЛАМАСЫ 
 
БОЙЫНША 
ҮЛГІЛІК 
ОҚУ 
ЖОСПАРЫН ƏЗІРЛЕУ ЕРЕЖЕСІ 
 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 176-беті 
 
176 
 
1 Жалпы ережелер 
1.1 Үлгілік оқу жоспарының сипаттамасы. 
1.1  Үлгілік  оқу  жоспары  (ҮОЖ)  –  Бакалавриат  бойынша  білім  беру  бағдарламаларын 
əзірлеуге,  міндетті  компонент  пəндерінің  тізбесі  мен  кредиттердің  ең  аз  көлемін  жəне 
тəжірибенің,  қорытынды  аттестаттаудың  барлық  түрлерін  көрсете  отырып,  пəндер  модулі 
бойынша    білім  беру  бағдарламасының  құрылымы  мен  көлемін  регламенттейтін,  білім  беру 
мазмұнына, студенттердің білім беру траекториясына, олардың құрылымы мен студенттердің 
даярлық деңгейін бағалауға қойылатын талаптарды белгілейді.  
ҮОЖ – білім берудің кəсіптік оқу бағдарламасының оқу пəндерінің тізбесі мен көлемін, 
оларды оқытудың тəртібі мен бақылау нысандарын реттейтін құжаттың бірі. 
ҮОЖ  міндетті  компоненттегі  əрбір  оқу  пəнінің  еңбек  сыйымдылығы    кредиттермен  
анықталады, ал таңдау бойынша компонент жəне жеке білім беру траекториясы пəні болып 
анықталып кредиттердің жалпы санымен көрсетіледі.  
ҮОЖ  дайындықты  жетілдіру  мақсатында  пəнді  оқытудың  педагогикалық  тиімді 
əдістемесін құру мен ұдайы жетілдіру мақсатында жасалады. 
1.2  Кемінде  төрт  жыл  нормативті  оқу  мерзімімен  міндетті  түрде  теориялық  оқудың 
кемінде  129  кредитті  меңгереді.  Ал  «Өнер»  топтары  бойынша  жекелеген  мамандықтардың 
ерекшеліктерін ескере отырып 144-161 кредитін жəне кəсіби тəжірибенің кемінде 6 кредитін 
меңгеріп,  тиісті  мамандық  бойынша  біліктілікті  бере,  отырып  мамандар  даярлауға 
бағытталған жоғары білім берудің кəсіптік оқу бағдарламасы құрылады; 
1.3 Білімгерлердің жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің тиісті деңгейінің 
білім  беру  бағдарламаларын  аяқтаған  соң  ие  болатын    білім,  білік,  дағды  жəне  құзыретінің  
деңгейлері  мен  көлемінің    сипаттамасы,  сондай-ақ  кредиттерінің  жалпы  санына    (сынақ 
бірліктеріне) негізделеді; 
2 Əзірлеу саласы. 
2.1  Мамандықтың  ҮОЖ  негізінде  НОЖ  əрбiр  модульге  (пəнге)  сəйкес  əзірленеді. 
Модульдерді  əзірлеу  кезінде  модульдердің  (пəндердiң)  арасындағы  логикалық  байланысты 
ескеру жəне оқу материалының қайталанбауын қамтамасыз ету керек. 
2.2 Модульді қалыптастыру үшін алдын ала атқарылатын жұмыстар: 
- бар оқу пəндерін сараптау; 
-  пəндерді  кешенді  зерделеу  үшін  өзара  мазмұны  жақын,  байланысты  пəндерді 
модульдерге біріктіру; 
- модуль көлемі 5 жəне одан да көп қазақстандық кредитті немесе 8 жəне одан да көп 
ЕCTS кредиттерін құрайды жəне екі немесе одан да көп оқу пəндерін, модульдегі пəндерге 2-
3  жəне  одан  жоғары  кредиттерді  бөлуді  қарастыруы  мүмкін.  Көлемі  1  кредиттік  пəн 
қарастырылмайды; 
-  студенттердің  (білімгерлердің)  білімін  кешенді  бақылау  іс-шараларының  семестр 
барысында атқарылуы;   
-  модульдің    (пəннің)  ұзақтығы  бір  семестрде  бітіуі  қажет  немесе  тілдік  пəндерге 
қатысты болса екі семестр (бір курс) шеңберінде аяқталуы; 
- модульді (пəнді немесе пəндерді) зерделеудегі семестр немесе семестрлер көрсетіледі. 
Мұнда мүмкіндігінше бір модульдің болуы ұсынылады. 
2.3  Кредиттік  оқу  технологиясы,  оның  ішінде  модульдік  технология  студенттер  мен 
оқытушылардың, мамандардың академиялық алмасуына қажетті шарттарды жүзеге асырады. 
Кредиттік    технологияның  іс-əрекеті    өнімді    нəтижеге  жетуі  үшін  модульдік 
технологияны ұтымды пайдалану көзделеді. 
2.4  Білім  бағдарламалары  жалпы  білім  беру  жəне  қосымша  құзыреттіліктер 
қалыптастыруға  бағытталған  өзіндік  оқыту  модульдерінен  (кіші  модульдер,  бөлімдер, 
тақырыптар)  тұратын  пəнаралық  модульдерді  қамтиды.  Мақсаттары  бір  болған  жағдайда 
бірнеше пəндер бір модульге бірігуі мүмкін. 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет