Пахт 1 рк 1-билет 1



бет1/13
Дата15.11.2023
өлшемі38,49 Kb.
#123492
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Пахт 1 рк 42


ПАХТ 1 РК
1-билет
1) 1) Гидромеханикалық процесс;
2) Жылу алмасу;
3) Масса алмасу (диффузионды);
4) Химиялық процесс;
5) Механикалық процесс.
Гидромеханикалық процестер -өту жылдамдығы гидродинамикалық сұйықтар мен газдардың ағысы жөніндегі ғылым заңдылықтарымен анықталады. Оларға сұйық және сусыма өнімдерді араластыру, сүзу, тұндыру, тамыр жемістерін жуу, пневмо- және гидротасымалдау, сусымалы өнімдерді псевдосұйылту және т.б. процестерді жатқызады.
Жылу процестері. Жылу процестеріне қыздыру, суыту, буландыру және конденсацияны, ал массаалмасуға -кептіру, сорбциялау, айыру, кристализацияны, еруді, экстрагирлеу, экстракциялау және т.б. жатқызады. Олар температуралардың ауытқуымен немесе заттардың концентрациялардың әсерінен болады.
Массаалмасу (диффузиялық) процестер -өту жылдамдығы зат алмасу заңдылықтарымен анықталады. Яғни қоспа құрамындағы қандай да бір бөлшектердің бір фазадан екінші фазаға өтуімен сипатталады.Олар: абсорбция, ректификация, экстракция, сублимация, кристализация, адсорбция, кептіру үдерістері. Бұл үдерістердің қозғаушы күші концентрациялар айырмасы болады.
Ректификация -сұйық пен газдың (қарама-қарсы) жанасуы арқылы өнім беру.
Абсорбция -газдардан немесе сұйық заттардан керек емес заттарды сіңіріп алу.
Адсорбция -қатты затпен сіңіріп алу.
Кристалдау -қандай да бір қатып қалған заттан бөліп алу.
Химиялық процестер -өту жылдамдығы заттардың агрегаттық күйлерінің өзгеруімен бірге , олардың химилық қасиеттерінің де өзгеруімен анықталады. Яғни, өту жылдамдығы химиялық кинетика заңдарымен анықталады. Олар: каталикалық крекинг, пиролиз,гидротазалау, т.б.
Механикалық процестер -өту жылдамдығы қатты заттар механикасымен анықталады. Оларға ұсақтау (кесу), іріктеу, пресстеу, дөңгелету және т.б. жатқызады. Олар механикалық күштердің әрекетімен жүреді, ал олардың нәтижесі өнім бөлшектерінің өзгеруі болып табылады. Бұл процестер диірменді кешендерде, уатқыштарда, жармабөлгіштерде, ұнтақтағыштарда, көкөніс пен тамыр жемістерді ұсатқыштарда, олардың беттерін тазартқыштарда, пияз, сарымсақ және басқа өнімдердің тазартқыштарда, илегіш машиналарда, триерларда, пресстерда, штамптарда, ұсақ заттарды сепарирлеу құрылғыларында және т.б. жүзеге асады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет